Лаура Қарабасова, Құрылтай депутаты, Әділет партиясы фракциясының мүшесі: Білім мен ғылым жасампаз Қазақстанның негізі
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Бұл бағыттар Жолдаудың өн бойынан көрініс тауып, алдағы жылдарға арналған ауқымды мемлекеттік міндеттердің мәні мен мазмұнын айқындайды.
Әлемдегі геосаяси ахуал күрделеніп, технологиялық өзгерістер жеделдеген кезеңде қоғамның тұрақтылығы мен жасампаздық әлеуетін нығайту ерекше мәнге ие. Бірлік пен татулық, заң мен тәртіп, отаншылдық, білімге ұмтылу және адал еңбек – елдің орнықты дамуына негіз болатын құндылықтар. Ал бұл қасиеттердің қалыптасуында білім мен тәрбиенің орны айрықша.
Сондықтан білім беру жүйесіне еліміздің болашағын қалыптастыратын стратегиялық институт ретінде қарау маңызды. Білімді ғана емес, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатын, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз азаматтарды тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Бұл міндеттің іргетасы білім беру жүйесінде қаланады. Осы тұрғыдан алғанда, білімнің сапасын арттыру, білім беру реформаларын нақты нәтижеге бағыттау – басты басымдықтардың бірі. Реформалардың тиімділігі ең алдымен оқушының білім деңгейімен, ойлау қабілетімен, алған білімін өмірде қолдана білуімен және тұлғалық дамуымен өлшенуге тиіс.
Сапалы білімнің негізінде – білікті ұстаз. Сондықтан педагогтерге қолдау көрсету, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына жағдай жасау маңызды. Цифрландыру мен автоматтандыру да осы мақсатқа қызмет етуі қажет. Жаңа технологиялардың тиімділігі мұғалімнің уақытын үнемдеуімен, жұмысын жеңілдетуімен және оқыту сапасына қосқан нақты үлесімен бағалануы тиіс. Ұстаздың негізгі уақыты сабаққа дайындалуға, оқушымен жұмыс істеуге және заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруге арналуы керек.
Әлеуметтік әділеттілік әрбір баланың сапалы білім алуға тең мүмкіндігін қамтамасыз етумен де тығыз байланысты. Бұл әсіресе инклюзивті білім беру саласында маңызды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру үшін тиісті инфрақұрылымды дамытумен қатар арнайы педагогтерді, психологтерді, логопедтерді және басқа да мамандарды жүйелі даярлау қажет. Өйткені әр баланың әлеуетін ашу үшін материалдық жағдай ғана емес, кәсіби әрі сапалы қолдау да шешуші рөл атқарады.
Еліміздің ұзақмерзімді дамуы үшін ғылымның әлеуетін арттыру да стратегиялық маңызға ие. Жаңа өндірістерді дамыту, технологиялық жаңғыру мен инновациялық шешімдерді енгізу білікті зерттеушілерге, мықты ғылыми мектептерге және ғылым мен өндірістің тиімді байланысына сүйенеді. Сондықтан отандық ғалымдарды қолдау, жас зерттеушілерге мүмкіндік беру, университеттер мен ғылыми ұйымдардың әлеуетін нығайту – болашаққа бағытталған маңызды инвестиция.
Осы бағыттың барлығын біріктіретін ортақ міндет – білім, ғылым және инновация арасындағы сабақтастықты күшейту. Мектепте білімге құштарлық қалыптасып, университетте кәсіби және зерттеушілік қабілет дамып, ғылыми ізденістер нақты технологиялық шешімдерге ұласуы қажет. Сонда білім мен ғылым ел экономикасының дамуына, қоғамның әл-ауқатын арттыруға нақты үлес қоса алады.
Жолдауда белгіленген ауқымды мемлекеттік міндеттердің табысты жүзеге асуы адами капиталды дамытуға, кәсіби біліктілік пен еңбек мәдениетін нығайтуға тікелей байланысты. Сапалы білім, қуатты ғылым, адал еңбек пен жасампаздық мәдениеті – ел болашағының берік негізі. Сондықтан ұстаздарға қолайлы жағдай жасау, ғалымдарды жан-жақты қолдау, әрбір баланың қабілетін ашу және жастардың білімін ел игілігіне бағыттау – баршамызға ортақ, ұзақмерзімді міндет.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2026 03:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















