Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Таулар тебіренген той

Таулар тебіренген той

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Суретті түсірген – автор

Өскемен – Катонқарағай бағытында керуендей керілген көліктердің кептелісі бір белді асып, келесі белге созылған. Содан-ақ жер қайыстырар көрермен жиналады деп түйгенбіз. Айтқанымыздай, ауыл іші ығы-жығы. Қайда бас сұқсаң да, ұзын-сонар кезек. Биылғы тойға халық әлдеқайда көп жиналатыны ай бұрын белгілі болған. Әлемнің жарық жұлдызы Димаш Құдайберген Алтайдың аспанын әнге бөлейді деген хабарландыру шыға сала дүйім жұрт Катонқарағайдан қымбат та болса үй жалдауға кіріскен. Димаштың қалықтаған әніне аңсары ауған ел шарықтаған бағаға да қарамады. Барғанда көрдік, үй тапқаны тауып, таппағаны шатыр тігіп қона жатқан. Халық қарасы көп боларын болжаған ұйымдастырушылар олар үшін кэмпинг аумағын да ойластырып қойысқан. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, басшылар той қамына ерте кіріскен.

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» тойы – түркі халықтарының бірлігін нығайту үшін жасалып жатқан үлкен іс-шара. Былтырғы фестивальдан соң, шіркін, Алтайдың төрінде Димаш ән салар ма еді деп армандағанмын. Өңір басшысы Нұрымбет Аманұлына рахмет! Сол ұсынысымды бірден қабыл алды. Сөйтіп, шығыстың белді демеушілерінің басы қосылып, фестивальдың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жатыр», дейді Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Самат Кәсенов.

Иә, облыс басшылығы Алтайды жаңғыртқан фестивальды өткізу үшін көп тер төкті. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ұлттық спортты да, айтысты да, жыр кешін де бастан-аяқ тамашалап жүрді. Түсінсек, екі күнге созылған тойдың артында қаншама еңбек жатыр? Түптеп келгенде, туризмнің дамуына үлкен үлес қосатын жоба.

Фестивальдың алғашқы күндері білекті де жүректі балуандар көкпар тартысып сайысса, сәйгүлік баптағандар бәйгеге ат қосып, мәре-сәре болысты. Нәтижесінде, аламан бәйгеден І орынды Абай облысынан келген шабандоз Манап Әбумансұр еншіледі. Екінші орынды Алматы, үшінші орынды шығыстың шабандоздары қанжығасына байлады. Ал көкпар тартудан Ұлан ауданының ұлдары алдарына жан салмады.

* * *

Сол күні кешкісін жұрт Берелді бетке алды. Бұл жақта «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында айтулы ақын Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Берел қорық-музейіне жете берістегі астыртта киіз үйлер тігіліп, сахна құрылыпты. Ортадағы алауды алқалай жұрт жиыл­ды. Еліміздің әр өңірінен жеткен он алты ақын жырдан шашу шашты.

«Бұл жақта қулық пен сұмдыққа орын жоқ секілді,

Жамандық атаулы қысылар қарадай.

Күншілдік, күпірлік, кесірлік не түрлі,

Аластап алады арша мен қарағай», деп Астанадан келген ақын Ділдә Уәлибек Алтайдың қасиетін жырға қосып жатты.

Айлы түн, шытырлаған қарағайдың алауы. Бұқтырма жақтан салқын самал еседі. Өлеңге құмар жұрт ұйып отыр. Кеш тізгінін қолына алған белгілі ақын Қалқаман Сарин кезек-кезегімен ақындарды ортаға шығарып жатыр. Оқылған өлеңдердің бірі еркін тақырыпта болса, екіншісін Ақтан ақынға арнаған.

«Уыстатпас уақыт бір есіл де,

Қарт тарихтың қалады кім есінде?

Ақтан жыр боп төгілген бұл өлкеде,

Айналайын, Ақбұлқақ, білесің бе?» деп оқыған жас ақын Оразай Жеңісұлы көптің қошеметіне бөленіп жатты.

Поэзия фестивалі соңында әр ақынға 500 мың теңге сыйақы табыс етіліп, іс-шараның демеушісі, кәсіпкер, ақынның кенже ұлы Ержан Нұрбаев атсалысқан барша қауымға алғысын айтты. Айта кетейік, Ақтан ақын 1926 жылы Берел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы шығармашылыққа арналмаса да, өмірін өлең жазуға арнаған айтулы ақын. Айтыскерлігі және болған. Жыр кешіне жиналған жұрт түн ортасы бір-ақ тарқасты. Келер жылы тағы болса екен деген де тілектер айтылып жатты.

* * *

11 шілде. Қалың елдің күткені гала-концерт еді. Оған дейін көрермен айтысты тамашалап, қиқу қосты. Алыстан ат арытып келген Тұңғышбай Жаманқұлов, Әлібек Асқар, Ұлықбек Есдәулет сынды қонақтар фестивальды мұншалықты деңгейде ұйымдастырылады деп ойламағандарын айтып, таңданысты. 

– Ел дегенде елеңдеп тұрамыз. Анау Астанада жатсақ та, ауылдағы азаматтарға хабарласып, амандық-саулықтарын сұрасып отырамыз. Мұндай фестивальдың өтуі өте керемет. Бір дүние, қысқы туризмді қоса дамытсақ екен деймін. Әйтпесе, жаздың соңы Катонқарағай баз-баяғы қоңыр тіршілігіне басады, – деді жазушы Әлібек Асқар.

Иә, тамыздың соңы-ақ Катонқарағайда меңіреу тыныштық орнайды. Артынша қоңыр күз келіп, Алтайдың ұза-а-ақ қысы басталады. Қазір ғой, ауыл­да көлік қаңтаратын орын жоқ. Атшабар алаңына құрылған сахнаның маңайында әр аудан киіз үй тігіп, көрме ұйымдастырыпты. Фестивальдың кіреберісінде сауданың көрігі қызып тұрды. Әсіресе Катонқарағайдың балы, қымызына, дәрілік шөптеріне сұраныс көп екен. Керек-жарағын алған жұрт айтыс қорытындысы шығар сәтте қайтадан сахна маңына ұйысты. Облыс әкімі барша ақынға алғысын білдіріп, бас жүлде алған айтыскер ақын Серік Қуанғанға автокөлік кілтін табыс етті.

– Айтыс сахнасында он бес жылдай жүргеніммен, бірінші рет көлік міндім. Бас жүлде өзіміздің шығыста, Алтай төрінде бұйырғанына қуаныштымын, – деді жеңімпаз Серік Қуанған.

Жұрт мұнымен тарқаған жоқ. Керісінше, кешкілік көрермен қарасы қалыңдай түсті. Биіктен көз тастап едік, сахна алдына жиналған жұрттың ұшы-қиыры көрінбеді. Гала-концертте түркі жұртының сахна саңлақтары өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Ал күллі әлемге әйгілі Димаш Алтай төріне тігілген сахнаға шыққанда халықтың қолдауында, қиқуында шек болмады. Екі сағатқа жуық концерт берген Димаштың әуелеген әнін ел қосыла шырқап, ерекше көңіл күйге бөленді.

Әлемге әйгілі әншінің түркі жұртының жерінде концерт қоюы енді-енді дамып жатқан туризм саласына қосымша серпін берері тағы анық.

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары