ӘЧ 2026: Франция мен Марокко жартылай финал жолдамасын сарапқа салады

09.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: AlJazeera

Франция құрамасы 5 матчтың барлығында жеңіске жетіп, қарсыластар қақпасына 14 гол соқты. Шабуыл көшбасшысы Килиан Мбаппе «Алтын бутсы» жүлдесіне басты үміткерлердің бірі саналады. Ал бас бапкер Дидье Дешамның командасы чемпиондық деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп жүр.

Роналду футболдан әлем чемпионатына қатыспайтынын растады

Марокко құрамасы да бұл әлем чемпионатында кездейсоқ жетістікке жеткен команда емес екенін дәлелдеді. Африка чемпиондары 34 матч қатарынан жеңіліс көрмеген. Алайда ширек финал қарсаңында команда маңызды ойыншысынан айырылды. Негізгі шабуылшы Исмаэль Сайбари тізеасты сіңірінің жарақатына байланысты бұл кездесуге қатыса алмайды.

ӘЧ-2026: FIFA алғаш рет қызыл қағаз алған футболшыны жазадан босатты

Осы матчтың жеңімпазы жартылай финалда Испания мен Бельгия құрамалары арасындағы кездесуде басым түскен командамен ойнайды.

Айта кетейік, әлем чемпионатында пенальти тебуден ең төменгі көрсеткіш тіркелді. Футболшылар 59 рет тебілген он бір метрлік соққының 20-сын мүлт жіберген. Нәтижесінде пенальтиді сәтті орындау көрсеткіші небәрі 66,1 пайыз болып, 1966 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан статистикадағы ең төменгі нәтиже ретінде тіркелді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью