Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Әлеуметтік желілерде жасырын камералары мен диктофондары бар гаджеттер топтамасымен мақтанған қазақстандық сатушының видеосы тарап жатыр. Кадрларда сырттай қарағанда кәдімгі заттар: үстел сағаттары, қаламдар, көлік кілттері мен қуаттағыштар бейнеленген. Алайда олардың ішіне жасырын жазу құрылғылары орнатылғаны айтылады. Tengri Life редакциясы мұндай құрылғыларды сатып алу мен сатудың салдары қандай болатынын Ішкі істер министрлігінен сұрап білді.
Әлеуметтік желілерде жасырын камералары мен диктофондары бар гаджеттер топтамасымен мақтанған қазақстандық сатушының видеосы тарап жатыр. Кадрларда сырттай қарағанда кәдімгі заттар: үстел сағаттары, қаламдар, көлік кілттері мен қуаттағыштар бейнеленген. Алайда олардың ішіне жасырын жазу құрылғылары орнатылғаны айтылады. Tengri Life редакциясы мұндай құрылғыларды сатып алу мен сатудың салдары қандай болатынын Ішкі істер министрлігінен сұрап білді.
Бәрі неден басталды?Әлеуметтік желіде видео жарияланып, қолданушылардың назарын тез аударды. Өз видеосында автор жасырын камерасы бар түрлі құрылғыларды көрсеткен.
"Пәтерді тәулікке жалдап жүретіндер, бұдан сақтаныңыздар", - делінген жазбада.
Скриншот: Threads
Видеода автор тұрмыстық заттар ретінде бүркемеленген құрылғыларды көрсеткен.
Пікір қалдырушылардың ойы екіге бөлінді: бірі әзілдеп немесе шындап бағасын сұрап жатса, енді бірі Қазақстанда мұндай заттарды сату мен пайдалану қаншалықты заңды екеніне күмән келтірді.
Скриншот: Threads
ІІМ не дейді?Біз ІІМ-ге сауал жолдап, "видео бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр ма және құқық қорғау органдары осындай құрылғыларды көрсеткен сатушының кім екенін анықтай ма" деп сұрадық. Алайда ведомство бұл сұраққа тікелей жауап бермеді.
Сонымен қатар ІІМ мұндай гаджеттерді сату қылмыстық құқықбұзушылық екенін еске салды.
"Заңнамаға сәйкес, ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарының заңсыз айналымы қылмыстық заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл ретте қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің бар-жоғы туралы мәселе әрбір нақты жағдайда құрылғының техникалық сипаттамаларын, оны сатып алу, өткізу және пайдалану мән-жайларын, сондай-ақ сараптамалық зерттеу нәтижелерін ескере отырып шешіледі", - деп атап өтті ведомство.
Егер сараптама құрылғының ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарына жататынын растаса, оны заңсыз сату Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша саралануы мүмкін.
ІІМ мәліметінше, аталған баптың санкциясы айыппұлдан бастап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Мұндай гаджетті жай ғана сатып алғандарды не күтіп тұр?"Тұлғалардың, соның ішінде интернет-алаңдар мен маркетплейстер арқылы мұндай құрылғыларды сатып алғандардың іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық бағаны қолданыстағы заңнама аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы береді. Әрбір қылмыстық істі тергеу барлық мән-жайларды ескере отырып, жеке жүзеге асырылатынына назар аударамыз", - деп түсіндірді ІІМ.
ІІМ маркетплейстер мен интернет-алаңдар арқылы мұндай құрылғыларды сатып алушыларға қатысты жағдайға жеке тоқталып өтті.
Ведомство мұндай гаджетті сатып алғаннан кейін жауапкершілік автоматты түрде туындай ма деген сұраққа нақты жауап бермеді. Онда нақты адамның іс-әрекетіне құқықтық баға істің барлық мән-жайы зерделенгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында берілетінін түсіндірді.
Басқаша айтқанда, құрылғының сипаттамалары, сатып алу мақсаты және өзге де факторлар маңызды болады.
ІІМ сондай-ақ мұндай техниканың заңсыз саудасы фактілері анықталған жағдайда полиция қатысы бар тұлғаларды анықтап, тексеріс жүргізетінін хабарлады.
"Еркін саудасына заңнамамен тыйым салынған немесе шектелген тауарлар мен өзге де заттарды өткізу фактісі анықталған жағдайда, ӘҚБтК 196-бабына сәйкес ден қою шаралары қабылданады. Арнайы техникалық құралдарды заңсыз өткізу фактілері анықталған кезде қатысы бар тұлғаларды анықтау және заңнамаға сәйкес тексеру жүргізу бойынша шаралар қабылданады", - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Бұдан бөлек, желіде де жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Интернет желісінде тыйым салынған құрылғылардың таралуына қарсы іс-қимыл жасау үшін құқыққа қайшы хабарландырулар мен аккаунттар анықталып, оларды жою (бұғаттау), сондай-ақ кінәлі тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданады", - деп түйіндеді ІІМ.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу