Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Айыппұлдан жеті жылға дейін Қазақстанда қандай девайстарды сатуға тыйым салынған

Айыппұлдан жеті жылға дейін Қазақстанда қандай девайстарды сатуға тыйым салынған

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Әлеуметтік желілерде жасырын камералары мен диктофондары бар гаджеттер топтамасымен мақтанған қазақстандық сатушының видеосы тарап жатыр. Кадрларда сырттай қарағанда кәдімгі заттар: үстел сағаттары, қаламдар, көлік кілттері мен қуаттағыштар бейнеленген. Алайда олардың ішіне жасырын жазу құрылғылары орнатылғаны айтылады. Tengri Life редакциясы мұндай құрылғыларды сатып алу мен сатудың салдары қандай болатынын Ішкі істер министрлігінен сұрап білді.

Бәрі неден басталды?

Әлеуметтік желіде видео жарияланып, қолданушылардың назарын тез аударды. Өз видеосында автор жасырын камерасы бар түрлі құрылғыларды көрсеткен.

"Пәтерді тәулікке жалдап жүретіндер, бұдан сақтаныңыздар", - делінген жазбада.

Скриншот: Threads

Видеода автор тұрмыстық заттар ретінде бүркемеленген құрылғыларды көрсеткен.

Пікір қалдырушылардың ойы екіге бөлінді: бірі әзілдеп немесе шындап бағасын сұрап жатса, енді бірі Қазақстанда мұндай заттарды сату мен пайдалану қаншалықты заңды екеніне күмән келтірді.

Скриншот: Threads

ІІМ не дейді?

Біз ІІМ-ге сауал жолдап, "видео бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр ма және құқық қорғау органдары осындай құрылғыларды көрсеткен сатушының кім екенін анықтай ма" деп сұрадық. Алайда ведомство бұл сұраққа тікелей жауап бермеді.

Сонымен қатар ІІМ мұндай гаджеттерді сату қылмыстық құқықбұзушылық екенін еске салды.

"Заңнамаға сәйкес, ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарының заңсыз айналымы қылмыстық заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл ретте қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің бар-жоғы туралы мәселе әрбір нақты жағдайда құрылғының техникалық сипаттамаларын, оны сатып алу, өткізу және пайдалану мән-жайларын, сондай-ақ сараптамалық зерттеу нәтижелерін ескере отырып шешіледі", - деп атап өтті ведомство.

Егер сараптама құрылғының ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарына жататынын растаса, оны заңсыз сату Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша саралануы мүмкін.

ІІМ мәліметінше, аталған баптың санкциясы айыппұлдан бастап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

"Тұлғалардың, соның ішінде интернет-алаңдар мен маркетплейстер арқылы мұндай құрылғыларды сатып алғандардың іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық бағаны қолданыстағы заңнама аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы береді. Әрбір қылмыстық істі тергеу барлық мән-жайларды ескере отырып, жеке жүзеге асырылатынына назар аударамыз", - деп түсіндірді ІІМ.

Мұндай гаджетті жай ғана сатып алғандарды не күтіп тұр?

ІІМ маркетплейстер мен интернет-алаңдар арқылы мұндай құрылғыларды сатып алушыларға қатысты жағдайға жеке тоқталып өтті.

Ведомство мұндай гаджетті сатып алғаннан кейін жауапкершілік автоматты түрде туындай ма деген сұраққа нақты жауап бермеді. Онда нақты адамның іс-әрекетіне құқықтық баға істің барлық мән-жайы зерделенгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында берілетінін түсіндірді.

Басқаша айтқанда, құрылғының сипаттамалары, сатып алу мақсаты және өзге де факторлар маңызды болады.

ІІМ сондай-ақ мұндай техниканың заңсыз саудасы фактілері анықталған жағдайда полиция қатысы бар тұлғаларды анықтап, тексеріс жүргізетінін хабарлады.

"Еркін саудасына заңнамамен тыйым салынған немесе шектелген тауарлар мен өзге де заттарды өткізу фактісі анықталған жағдайда, ӘҚБтК 196-бабына сәйкес ден қою шаралары қабылданады. Арнайы техникалық құралдарды заңсыз өткізу фактілері анықталған кезде қатысы бар тұлғаларды анықтау және заңнамаға сәйкес тексеру жүргізу бойынша шаралар қабылданады", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, желіде де жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Интернет желісінде тыйым салынған құрылғылардың таралуына қарсы іс-қимыл жасау үшін құқыққа қайшы хабарландырулар мен аккаунттар анықталып, оларды жою (бұғаттау), сондай-ақ кінәлі тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданады", - деп түйіндеді ІІМ.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 12:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары