Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазақстанда қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады 20 тамыздан бастап жаңа ережелер

Қазақстанда қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады 20 тамыздан бастап жаңа ережелер

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

20 тамыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғыларды сату ережелері өзгереді. Tengri Life басты мәліметтерді ұсынады.

Смартфонды верификациялау деген не?

IMEI – бұл мобильді құрылғының бірегей сәйкестендіру коды. Әдетте ол 15 цифрдан тұрады. Код телефонды желіде анықтауға және оның өндірушісі, моделі мен шыққан тегі туралы мәліметтерді тексеруге мүмкіндік береді.

Верификация екі негізгі тексеруді қамтиды:

құрылғыны GSMA – GSM қауымдастығының халықаралық базасымен салыстырып тексеру; мемлекеттік кедендік және салықтық жүйелер арқылы құрылғыны өндірудің, жөндеудің немесе Қазақстанға әкелудің заңдылығы туралы мәліметтерді тексеру.

Осылайша мемлекет IMEI-кодтың бар-жоғы мен түпнұсқалығын ғана емес, сонымен қатар телефонның елге заңды жолмен әкелінген-келмегенін де тексеред.

20 тамыздан бастап не өзгереді?

IMEI-верификация жүйесін жеткізуші сатып алушы құрылғының IMEI-кодын ол үшін ақша төлегенге дейін талап ете алатынын түсіндірді.

"20 тамыздан бастап түзетулер сатушыны клиентке IMEI-кодты ұсынуға міндеттейді, тиісінше, сатып алушылар бұл сәйкестендіру кодын мәміле жасалғанға дейін талап етуге құқылы. Сондай-ақ сатып алуды рәсімдеу кезінде сатушы құрылғының IMEI-кодын фискалдық чекте көрсетуге міндетті", – деп хабарлады компания.

IMEI сонымен қатар сатып алуды растайтын құжатта да көрсетілуі тиіс. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бұл қағаз немесе электронды чек, түбіртек немесе заңда қарастырылған тауардың атауы, құны, сатып алынған күні, сатушы (өндіруші) туралы мәліметтері бар басқа да құжат болуы мүмкін екенін нақтылады.

"Енді мұндай құжаттарда сатушы сатылатын абоненттік ұялы байланыс құрылғысының сәйкестендіру кодтарын да көрсетуге міндетті болады", – деп түсіндірді комитет.

Осылайша, 20 тамыздан бастап верификациядан өтпеген смартфондарды сатуға тыйым салынады.

"Верификациядан өтпеген мобильді құрылғылар техникалық реттеу талаптарына сәйкес келмейді деп танылады. Бұл оларды Қазақстанда сатуға тікелей тыйым салады, ал бұл тыйымды бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамада айыппұлдар қарастырылған", – деп хабарлады IMEI-верификация жүйесін жеткізуші.

Егер сізге верификацияланбаған смартфон сатылса не істеу керек?

Егер сатып алушыға верификациядан өтпеген құрылғы бәрібір сатылған болса, ол сатушыға талап қоя алады.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 15-бабына сәйкес, сатып алушы бағаны төмендетуді, кемшіліктерді тегін жоюды, оларды жоюға жұмсалған шығындарды өтеуді, құрылғыны ауыстыруды немесе ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы.

Жаңа талаптар маркетплейстерге де қатысты болады

Ережелер электрондық саудаға да қолданылады.

"Енді маркетплейстер агенттік шартқа сатушыны құрылғыны IMEI дерекқорында бұғаттау немесе шектеулердің бар-жоғын тексеруге міндеттейтін тармақты қосуы керек", – деп түсіндірді IMEI-верификация жүйесін жеткізуші.

Сатушыларға қандай айыппұлдар қауіп төндіреді?

Жеткізушінің "САПА" ұлттық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамына сілтеме жасап берген ақпараты бойынша, техникалық реттеу талаптарына сәйкес келмейтін тауарды сатқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 415-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Компания айыппұлдардың келесі мөлшерлерін келтірді:

жеке тұлғалар үшін – 90 АЕК (2026 жылға 389 250 теңге), шағын бизнес үшін – 195 АЕК (843 375 теңге), орта бизнес үшін – 310 АЕК (1 340 750 теңге), ірі бизнес үшін – 600 АЕК (2 595 000 теңге).

"Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұлдар бизнестің ауқымына қарай 1,5-тен 2 есеге дейін артады. Бірақ жоғарылатылған айыппұлдар ең басты санкция емес. Мемлекет техникалық регламент талаптарын бұзған кәсіпкердің өнімін тәркілеуі немесе қызметін тоқтата тұруы мүмкін", – деп хабарлады компания.

Ақ, сұр және қара телефондар – айырмашылығы неде?

Абоненттік құрылғыларды тіркеудің жаңа ережелері Қазақстанда 2025 жылдың көктемінде күшіне енді. Телефондар үш тізімге бөліне бастады.

Ақ тізім – верификациядан сәтті өткен құрылғылар. Олар қазақстандық ұялы байланыс желілерінде шектеусіз жұмыс істей алады. Сұр тізім – жүйеде олар бойынша деректер жеткіліксіз немесе қосымша тексеруді қажет ететін құрылғылар. Мұндай телефон желіде жұмыс істеуге уақытша рұқсат алады. Иесіне әкелудің заңдылығын растау немесе сәйкессіздіктерді жою үшін 30 күнге дейін уақыт беріледі. Қара тізім – IMEI коды қолдан жасалған, өзгертілген немесе дұрыс емес құрылғылар, зауыттық сәйкестендіргіші жоқ телефондар, сондай-ақ GSMA халықаралық қара тізіміне енгізілген аппараттар. Мұндай құрылғылардың ұялы байланысқа қол жеткізуі шектеледі. Смартфонды сатып аларда қалай тексеруге болады?

IMEI-кодты телефонда *#06# пәрменін теру арқылы білуге болады. Сондай-ақ код мына жерлерде көрсетіледі:

құрылғының параметрлерінде; қорабында; кепілдік талонында; кейде – корпуста немесе аккумулятордың астында.

Егер смартфон екі SIM-картаны немесе eSIM-ді қолдайтын болса, оның бірнеше IMEI коды болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын тексеру қажет.

Құрылғының мәртебесін eGov Mobile, gov.kz порталы және Мемлекеттік радиожиілік қызметі қадағалайтын imei.rfs.gov.kz сервисі арқылы білуге болады. Жүйе кодтың тіркелген-тіркелмегенін және құрылғыны Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілгенін көрсетеді.

Төлем жасамас бұрын телефон баптауларындағы, қорабындағы және сатушының құжаттарындағы IMEI кодтарын салыстырып шыққан жөн. Кодтардың сәйкес келмеуі корпустың ауыстырылғанын, идентификатордың өзгертілгенін немесе құрылғының шығу тегіне қатысты басқа да мәселелер бар екенін білдіруі мүмкін.

Жаңа талаптар қашан күшіне енеді?

Нормалардың негізгі бөлігі 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Демек, верификацияланбаған телефондарды сатуға тыйым салу, IMEI кодын көрсету міндеті және сатып алушылардың мұндай құрылғыларды қайтару құқығы туралы нормалар 2026 жылғы 20 тамыздан бастап күшіне енуі тиіс.

Заңның технологиялық және инфрақұрылымдық бөлігіне қатысты (атап айтқанда, құрылғылардың орталықтандырылған базасының жұмысы) кейбір ережелері кейінірек – 2027 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Смартфон сатып алмас бұрын тұтынушыларға мынадай кеңестер беріледі:

сатушыдан құрылғының барлық IMEI кодтарын сұрау; оларды ресми сервис арқылы тексеру; телефондағы және қораптағы кодтарды салыстыру; чекті, сатушы туралы мәліметтерді және онымен жасалған хаттарды сақтап қою; егер сатушы төлем жасалғанға дейін IMEI кодын беруден бас тартса, құрылғыны сатып алмау. Неге верификациямен жеке компания айналысты?

2025 жылы жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін құрылғыларды верификациялау қызметін "ATS Mediafon KZ" ЖШС көрсетті.

Бизнес үшін бір құрылғыны тексергені үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы алынды – 2025 жылы 3932 теңге. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл сома салық немесе мемлекеттік баж емес екенін атап өтті: ақшаны коммерциялық техникалық қызметі үшін жеке компания алды. Өз телефонын верификациялайтын жеке тұлғалар үшін қызмет тегін болды.

Бұл схема депутаттар арасында наразылық тудырды. Мәжілісте бұл компанияның іс жүзінде нарық үшін міндетті функцияны атқарып, әрбір тіркелген құрылғыдан ақы алатыны мәлімделді. Экс-депутат Болатбек Нәжметдинұлы өнім берушінің қалай таңдалғанын, қызмет құнының қандай негізде бекітілгенін және неге IMEI кодтары мен дербес деректерді өңдеумен жеке құрылым айналысатынын түсіндіруді сұрады.

Кейінірек үкімет "ATS Mediafon K" компаниясы іріктеу нәтижесі бойынша таңдалғанын, ал компаниямен келісім 2025 жылғы сәуірде жасалғанын хабарлады. Сонымен қатар нарықтың ашық екені және белгіленген талаптар сақталған жағдайда басқа да өнім берушілердің жүйеге қосыла алатыны айтылды.

Верификация мемлекетке беріледі

Сыннан кейін механизмді өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл функция Мемлекеттік радиожиілік қызметіне өтеді. Осылайша, смартфондарды міндетті түрде тексеруді жеке коммерциялық өнім берушінің орнына мемлекеттік ұйым жүргізетін болады.

Мемлекеттік жүйе IMEI кодтарын GSMA деректерімен, кеден органдарының, салық жүйелерінің мәліметтерімен және шекарадан өту туралы ақпаратпен салыстырады деп күтіледі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 10:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары