Әл ауқатты көтеруге мән берілді

25.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сурет: turkystan.kz

«Ауыл» партиясының төрағасы, республикалық сайлау штабының басшысы Қайрат Айтуғанов штабтың алдағы жұмыс бағыттарын таныстырды. «Мақсатымыз –  барлық жұмыс бағытының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Алдағы бір ай ішінде еліміздің барлық өңірінде 6 500-ден астам үгіт-насихат іс-шарасын өт­кізіп, нәтижесінде 2,2 мил­лионнан астам сайлау­шы­ны қамтуды жоспарлап отырмыз», деді партия төрағасы.

Сонымен қатар ол «Ауыл» партиясының «Гүл­денсе ауыл, гүлденеді еліміз!» атты сайлауалды бағдарламасы жеті басым бағытқа негізделген нақты іс-қимыл жоспары екенін атап өтті. Бағдарламаның негізгі бағыттары – әділетті мем­лекет құру, азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз ету, өңірлік инфрақұрылымды дамыту, әділетті әлеуметтік саясат жүргізу, жастарға білім мен мүмкіндік беру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Іс-шараға Құрылтай депутаттығына кандидаттар, республикалық және өңірлік сайлау штаб­та­ры­ның жетекшілері мен мүше­лері, сондай-ақ жас­тар қана­тының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар партия өкіл­дері сайлауалды үгіт-насихат науқанын ерекше форматта өткізді. Нау­қанның алғашқы қадамы қазақ халқының дәстүрлі баспанасы – киіз үйді тігуден басталды. Бұл таңдау кез­­дейсоқ емес. Киіз үй – қазақ халқының бірлігі мен қонақ­жайлылығының, ұрпақтар сабақтастығының айқын белгісі ғана емес, сонымен қатар «Ауыл» партия­сының ресми лого­ти­пінің негізіне айнал­ған басты нышан.

Сондықтан партия өз науқанын оның идеология­сы мен құндылықтарын дәл бейнелейтін осы ұлттық символдан бастауды жөн көрді. Партияның брендтік үлгіде безендірілген киіз үй­лері бір мезетте Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды және Жетісу облыстарында есігін айқара ашты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью