Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, жел тұрады Қазгидромет

01.05.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Көп өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда, сондай-ақ 4 мамыр күні солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түсуі ықтимал.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:
батыста +17…+32,
солтүстік-батыста +15…+30,
солтүстікте +15…+23,
орталықта +17…+27 градусқа дейін жетеді.

Ал шығыс пен оңтүстік-шығыста күндізгі температура төмендеп, тиісінше +14…+25 және +13…+23 градус шамасында болады.

Осыған дейін ТЖМ табиғатта және су жағасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью