24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мұнайдың әлемдік бағасы бір жарым пайызға өсті. Мұны сарапшылар Дональд Трамптың Венесуэлаға мұнай танкерлерінің кіріп шығуын шектеумен байланыстырады.
Екі ел қарым-қатынасының шиеленісуі қыркүйек айында басталды. АҚШ Кариб теңізіне әскери кемелерін орналастырып, есірткі контрабандасымен айналысты деген 20-дан астам кемеге соққы жасады. Салдарынан 80-нен астам адам қаза болды. Ал Венесуэла билігі тағылған айыптарды жоққа шығарып, АҚШ мемлекеттің пайдалы қазбаларын иемденгісі келеді деп санайды.