Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
26–27 ақпан күндері Александр Вучич Астана қаласына ресми сапармен келді. Онда ол Қазақстан президентімен кездесіп, бірқатар құжатқа қол қойды. Ресми сапардың қарсаңында ол туралы ақпаратты Caspianpost жариялады.
«Жоғары деңгейдегі келіссөздер Қазақстан мен Сербия арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін береді деп күтілуде. Ел басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағытын айқындап, саяси диалогты дамытуға қадам жасайды.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту мәселелері негізгі назарда болады», — делінген басылымда.
Anadolu: Қазақстан мен Ұлыбритания Жол картасына қол қойдыСыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Лондонда британ бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесті. Жиын барысында еларалық елеулі шешімдер қабылданып, маңызды минералдар мен сирек жер металдары саласындағы 2027 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді. Anadolu агенттігі кездесуде айтылған негізгі жаңалықтарды бөлісті.
Шараға Ұлыбритания билігінің өкілдерімен қатар «Maritime House», «Weir Group», «Perry Engineering», «Car Park Transformer», «British Petroleum», «Standard Chartered Bank», «UK Export Finance», «London Stock Exchange Group», «Gleeds», «Better Earth», «Eutelsat OneWeb» секілді компаниялардың басшылары қатысқан.
Қазақ дипломаты Ұлыбританияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерін елдің соңғы 25 жылдағы жетістіктері туралы хабардар етті.
Іс-шара қорытындысы бойынша мынандай құжаттарға қол қойылды:
· 2027 жылға дейінгі Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы стратегиялық серіктестіктің жол картасы;
· «Coventry University» мен «Coventry University Kazakhstan» арасындағы серіктестікті кеңейту және Алматы қаласында лицензиялық кампус ашу туралы меморандум;
· Алматы қаласында «Charterhouse School» мектебін ашу;
· «Cardiff University» жасанды интеллект орталығын іске қосу;
· Ақтөбе қаласында «Heriot-Watt University» жаңа кампусын ашу.
Report: Жамбылда ең ауқымды жел электр стансасы салынадыҚазақстан мен Франция 1 ГВт-тық жел электр стансасы мегажобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Осы мақсатта Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов француздық TotalEnergies энергетикалық компаниясының топ-менеджментімен кездесу өткізді. Талқылауға TotalEnergies EP компаниясының Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша аға вице-президенті Мансұр Жақыпов және TotalEnergies-тің Қазақстандағы басшысы Фруде Юнес қатысқан.
Report-тың хабарлауынша, келіссөзде Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр стансасын салу жобасына ерекше назар аударылыпты. Аталған жоба Қазақстан мен Франция арасындағы декарбонизация бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бөлігі саналады. Жоба екі ел үкіметтері арасында жасалған арнайы келісім аясында жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, стансаның бірегейлігі оның гибридті сипатында: жел генерациясымен қатар, кешен 300 МВт/600 МВт.сағ көлеміндегі энергия жинақтау жүйесімен жабдықталады.
Сонымен қатар, жоба аясында «Оңтүстік Қазақстан МАЭС» (ЮКГРЭС) және «ШУ» қосалқы стансаларына қосылу үшін 280 шақырым жоғары кернеулі электр желілерін салу жоспарланған.
The Times of Central Asia: KazChessLab зертханасыашылды19 ақпанда Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (QyzPU) елдегі алғашқы KazChessLab зертханасы ашылды. Ашылу салтанаты барысында «Шахмат педагогі» Minor бағдарламасының тұңғыш 25 түлегіне сертификат табысталды. Ақпаратты The Times of Central Asia таратты.
Зертхананы іске қосу рәсіміне Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов және университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова қатысқан.
— 2023 жылы Президенттің тапсырмасымен шахматты дамытудың стратегиялық жоспары бекітілді. Әрбір баланы шахматпен таныстырып, ойынды мектептің бастауыш сыныптарынан бастап меңгерту қажет. Бүгінде Қазақстан шахматта жоғары жетістіктер көрсетіп отыр, ал одан әрі дамыту үшін білікті ұстаздар қажет, — деді министр.
Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов көп жылдық жұмысты қорытындылап, зертхананың ашылуын сапалы жаңа кезең ретінде бағалады.
— Алғашқы 25 шахмат педагогіне диплом табыстадық. Қазақстан тарихында мұндай бұрын болмаған сияқты. Бұл жас мамандар балаларға ойын ережелерін ғана үйретпейді, оларға интеллектуалдық өсу әлеміндегі тәлімгер және жол көрсетуші болады. Бірақ біз одан әрі қозғалғымыз келеді. Сондықтан елдегі алғашқы жаңа форматтағы KazChessLab іске қосылуда, мұнда шахматты оқытудың үздік әдістемелері сынақтан өткізіліп, жетілдіріледі, — деді федерациясының президенті.
ТАСС: Футбол клубы 2 мың долларға сатылуы мүмкінТүркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Тұран» кәсіби футбол клубы» сатылымға шығарылды. Онлайн-аукцион құжаттарын зерттеген ТАСС мәліметінше, бастапқы баға небәрі 1 млн теңгені (шамамен 2,1 мың АҚШ доллары) құрайды.
Бұл сома — клубтың қарызы мен міндеттемесін ескере отырып анықталған нарықтық құн. Сауда-саттық бағаны көтеру тәсілімен өтеді. Оған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдіктер де қатыса алады. Сатып алушының футболды дамытуға жұмсайтын кемінде 200 млн теңге (шамамен 400 мың АҚШ доллары) қаражаты болуы тиіс. Аукцион 3 наурызда басталады және саудаға жалғыз қатысушы қатысса да клуб сатылуы мүмкін.
Жеңімпазға бірнеше талап қойылған. Клубтың болашақ иесі алдағы 10 жыл ішінде клуб штатының санын сақтауға, жасөспірімдер академиясын құруға, әйелдер командасын дамытуға және стадиондармен келісімшарт жасауға міндетті. Клубты қайта сату немесе сенімгерлік басқаруға беру құқығы қарастырылмаған. Ең басты міндет — «Тұранды» 2027 жылға қарай Премьер-лигаға қайта шығару.