Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Сербия президентінің сапары, футбол клубын сату, ЖЭС, шахмат зертханасы

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Сербия президентінің сапары, футбол клубын сату, ЖЭС, шахмат зертханасы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Caspianpost: Сербия Президенті Қазақстанға аттанды

26–27 ақпан күндері Александр Вучич Астана қаласына ресми сапармен келді. Онда ол Қазақстан президентімен кездесіп, бірқатар құжатқа қол қойды. Ресми сапардың қарсаңында ол туралы ақпаратты Caspianpost жариялады.

«Жоғары деңгейдегі келіссөздер Қазақстан мен Сербия арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін береді деп күтілуде. Ел басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басым бағытын айқындап, саяси диалогты дамытуға қадам жасайды.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту мәселелері негізгі назарда болады», — делінген басылымда.

Anadolu: Қазақстан мен Ұлыбритания Жол картасына қол қойды

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Лондонда британ бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесті. Жиын барысында еларалық елеулі шешімдер қабылданып, маңызды минералдар мен сирек жер металдары саласындағы 2027 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді. Anadolu агенттігі кездесуде айтылған негізгі жаңалықтарды бөлісті.

Шараға Ұлыбритания билігінің өкілдерімен қатар «Maritime House», «Weir Group», «Perry Engineering», «Car Park Transformer», «British Petroleum», «Standard Chartered Bank», «UK Export Finance», «London Stock Exchange Group», «Gleeds», «Better Earth», «Eutelsat OneWeb» секілді компаниялардың басшылары қатысқан.

Қазақ дипломаты Ұлыбританияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерін елдің соңғы 25 жылдағы жетістіктері туралы хабардар етті.

Іс-шара қорытындысы бойынша мынандай құжаттарға қол қойылды:

· 2027 жылға дейінгі Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы стратегиялық серіктестіктің жол картасы;

· «Coventry University» мен «Coventry University Kazakhstan» арасындағы серіктестікті кеңейту және Алматы қаласында лицензиялық кампус ашу туралы меморандум;

· Алматы қаласында «Charterhouse School» мектебін ашу;

· «Cardiff University» жасанды интеллект орталығын іске қосу;

· Ақтөбе қаласында «Heriot-Watt University» жаңа кампусын ашу.

Report: Жамбылда ең ауқымды жел электр стансасы салынады

Қазақстан мен Франция 1 ГВт-тық жел электр стансасы мегажобасын жүзеге асыруды көздеп отыр. Осы мақсатта Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов француздық TotalEnergies энергетикалық компаниясының топ-менеджментімен кездесу өткізді. Талқылауға TotalEnergies EP компаниясының Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша аға вице-президенті Мансұр Жақыпов және TotalEnergies-тің Қазақстандағы басшысы Фруде Юнес қатысқан.

Report-тың хабарлауынша, келіссөзде Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр стансасын салу жобасына ерекше назар аударылыпты. Аталған жоба Қазақстан мен Франция арасындағы декарбонизация бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бөлігі саналады. Жоба екі ел үкіметтері арасында жасалған арнайы келісім аясында жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, стансаның бірегейлігі оның гибридті сипатында: жел генерациясымен қатар, кешен 300 МВт/600 МВт.сағ көлеміндегі энергия жинақтау жүйесімен жабдықталады.

Сонымен қатар, жоба аясында «Оңтүстік Қазақстан МАЭС» (ЮКГРЭС) және «ШУ» қосалқы стансаларына қосылу үшін 280 шақырым жоғары кернеулі электр желілерін салу жоспарланған.

The Times of Central Asia: KazChessLab зертханасыашылды

19 ақпанда Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (QyzPU) елдегі алғашқы KazChessLab зертханасы ашылды. Ашылу салтанаты барысында «Шахмат педагогі» Minor бағдарламасының тұңғыш 25 түлегіне сертификат табысталды. Ақпаратты The Times of Central Asia таратты.

Зертхананы іске қосу рәсіміне Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов және университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова қатысқан.

— 2023 жылы Президенттің тапсырмасымен шахматты дамытудың стратегиялық жоспары бекітілді. Әрбір баланы шахматпен таныстырып, ойынды мектептің бастауыш сыныптарынан бастап меңгерту қажет. Бүгінде Қазақстан шахматта жоғары жетістіктер көрсетіп отыр, ал одан әрі дамыту үшін білікті ұстаздар қажет, — деді министр.

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов көп жылдық жұмысты қорытындылап, зертхананың ашылуын сапалы жаңа кезең ретінде бағалады.

— Алғашқы 25 шахмат педагогіне диплом табыстадық. Қазақстан тарихында мұндай бұрын болмаған сияқты. Бұл жас мамандар балаларға ойын ережелерін ғана үйретпейді, оларға интеллектуалдық өсу әлеміндегі тәлімгер және жол көрсетуші болады. Бірақ біз одан әрі қозғалғымыз келеді. Сондықтан елдегі алғашқы жаңа форматтағы KazChessLab іске қосылуда, мұнда шахматты оқытудың үздік әдістемелері сынақтан өткізіліп, жетілдіріледі, — деді федерациясының президенті.

ТАСС: Футбол клубы 2 мың долларға сатылуы мүмкін

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Тұран» кәсіби футбол клубы» сатылымға шығарылды. Онлайн-аукцион құжаттарын зерттеген ТАСС мәліметінше, бастапқы баға небәрі 1 млн теңгені (шамамен 2,1 мың АҚШ доллары) құрайды.

Бұл сома — клубтың қарызы мен міндеттемесін ескере отырып анықталған нарықтық құн. Сауда-саттық бағаны көтеру тәсілімен өтеді. Оған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдіктер де қатыса алады. Сатып алушының футболды дамытуға жұмсайтын кемінде 200 млн теңге (шамамен 400 мың АҚШ доллары) қаражаты болуы тиіс. Аукцион 3 наурызда басталады және саудаға жалғыз қатысушы қатысса да клуб сатылуы мүмкін.

Жеңімпазға бірнеше талап қойылған. Клубтың болашақ иесі алдағы 10 жыл ішінде клуб штатының санын сақтауға, жасөспірімдер академиясын құруға, әйелдер командасын дамытуға және стадиондармен келісімшарт жасауға міндетті. Клубты қайта сату немесе сенімгерлік басқаруға беру құқығы қарастырылмаған. Ең басты міндет — «Тұранды» 2027 жылға қарай Премьер-лигаға қайта шығару.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары