Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Ыстықкөлдегі курорттар, референдум және криптохаб жоспары

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Ыстықкөлдегі курорттар, референдум және криптохаб жоспары

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

The Times of Central Asia: Қазақстан Ыстықкөлдегі төрт курорттық нысанды алды

Сенат Қырғызстанның Ыстықкөл облысында орналасқан жер учаскелерін жалға алуға қатысты заңға қол қойды. Енді Қазақстан көрші елден жалпы аумағы 58,8 гектар жерді 49 жылға жалға алады. Бұл аумақта қазақстандық санаторийлер мен демалыс үйлері орналасқан. Жуырда The Times of Central Asia аналитикалық платформасы тақырыпты жан-жақты зерттеді.

Жаңа келісімге сай, Қазақстан төрт нысанға меншік құқығын алады. Олар:

«Қазақстан» санаторийі (17,5 га);

«Университет» пансионаты (17,4 га);

«Самал» демалыс үйі (9,2 га);

«Олимп» пансионаты (14,7 га).

Аталған нысандар кеңес кезеңінде бой көтерген. Құжат бойынша Қазақстан аталған демалыс орындарын (спорттық базадан басқасын) 3-4 жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңарту міндетін мойнына алған. Ал қырғыз тарапы нысандарды кері қайтарып алмауға кепілдік бермек. Жер телімдері қатаң түрде демалыс және сауықтыру мақсатында ғана пайдаланылуы тиіс.

Ресми мәліметке сүйенсек, нысандарды жаңарту жұмысы жыл соңына дейін аяқталады. Оған республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлінген. Ал шипажай аумағындағы Дінмұхамед Қонаевтың саяжайы тарихи-мәдени мұра болып қалады, ол жерде мұражай-үй ашылады.

Көлдің жағасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт-сауықтыру лагері жаңартылады. Бұдан бөлек, «Самал» демалыс үйі мен «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы бой көтереді. Барлық жұмыс алдағы екі-үш жылдың ішінде аяқталады. Оған инвесторлар есебінен 26,7 млрд теңге жұмсалуы мүмкін. Келісімнің тағы бір талабына сәйкес, қонақ үйлер 3 және 4 жұлдызды болуы шарт.

Бұған дейін The Times of Central Asia Алматыдан Ыстықкөлге дейін қысқа жол салынатынын хабарлаған болатын. Жаңа жолдың ұзындығы 277 шақырым және жол жүру уақыты шамамен үш сағатты құрайды.

Reuters: 15 наурызда Конституция бойынша референдум өтеді

Сәрсенбіде жаңа Конституция бойынша референдум өтетін уақыт белгілі болды. Саяси оқиға 15 наурыз күні ұйымдастырылмақ. Осы орайда Reuters интернет-басылымы Ата заңның жаңа редакциясындағы маңызды бөліктерді тарқатқан.

Негізгі заңның жобасы Қазақстан парламентінің жұмысын оңтайландыруды көздейді. Оның ішінде бір палаталы Парламент құру, депутаттар санын қысқарту қарастырылған. Сондай-ақ 1996 жылы жойылған вице-президент лауазымы қайта енгізілуі ықтимал.

Қазақстан бұл қадамды саяси ахуал күрделенген шақта жасап отыр: елде екі таңбалы инфляция салдарынан салықтар жаппай көтерілді. Оған қоса әлемдік мұнай жеткізілімі бірқатар қиындыққа тап келді.

- Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан президенті жеті жылға бір ғана мерзіммен сайланады. Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетіжылдық мерзіммен 2029 жылға дейін билікте болады.

Қоса кетсек, Тоқаев – бұрынғы дипломат, бес тілді меңгерген және Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесін басқарған.Бұған дейін премьер-министр және сыртқы істер министрі лауазымдарын атқарды, - делінген Reuters мақаласында.

Ақпарат агенттігі «энергетика және минералдық ресурстарға бай Қазақстан Батыс мемлекеттерімен қатар Ресей, Қытай елдерімен де тығыз қарым-қатынасты сақтап келеді» деп келтірген.

Report: Әуежай мен теміржолға көңіл бөлінеді

Қазақстанда транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған теміржол және авиациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Аталған ақпаратты Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Шенеунік сөзін Report таратты.

Премьер-министрдің сөзінше, биыл 475 шақырым болатын екі теміржол желісінің құрылысы және 2,9 мың шақырым жолды жаңғырту жұмысы аяқталады.

– Бұл транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қытай шекарасынан Каспийге дейін жүктерді жеткізу уақыты осы жылдың соңына қарай 84 сағаттан 55 сағатқа дейін қысқарады. 11 мың шақырым автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жұмыстары жүзеге асырылады, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ авиация саласын, әсіресе инфрақұрылымды дамытуға назар аударылады. Мысалы, биыл Астана қаласының әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы басталады. Оны іске қосу арқылы 20 жыл бойы жөндеу көрмеген бірінші жолақты жөндеуге мүмкіндік туады.

– Бұл Астана әуежайының өткізу қабілетін 4 есе арттырып, 40 млн жолаушыға дейін жеткізеді. Шілде айында Алматы әуежайының ішкі терминалын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Өткізу қабілеті 14 млн жолаушыдан 19 млн-ға дейін артады. Ұшу-қону жолағын жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталады, – деді Премьер-министр.

Бұған дейін Президент тапсырмасы бойынша авиаотынның нарықтық бағасын төмендету қолға алынған. Нәтижесінде авиациялық отынның бағасы $1,2 мыңнан $950-ге дейін төмендеді. Бұл шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстанның әуе кеңістігінің тартымдылығын арттырады деген жоспар бар.

Еuronews: Қазақстан – Еуразиядағы криптохаб

2021 жылы Қытайда криптовалюта айналымына тыйым салынғаннан кейін майнерлер Қазақстанға бет алды. Тіпті белгілі бір кезеңде ел биткойн өндіру бойынша әлемде екінші орынға шықты. Алайда бақылаусыз кеткен нарық экономикаға кері әсер ете бастаған болатын. Еuronews Қазақстанның бұл қиындықтан қалай шыққанын әрі қазір криптохаб құру үшін қандай жоспар түзгенін жазыпты.

2023 жылы заңсыз майнинг пен «көлеңкелі саудаға» қарсы қатаң шаралар енгізілген болатын. Содан бері лицензияланған платформаларда сауда көлемі артты. Мысалы, аталған нарықтағы сауда 2023 жылы 270 млн еуро болса, 2025 жылдың алғашқы үш тоқсанында шамамен 6 млрд еуроға жетті, яғни жиырма еседен астамға өсті.

Биылдан бастап Ұлттық банк ресми түрде криптонарықты реттеуді мойнына алды. Орталық банк қазір лицензияланған биржаларда қандай цифрлық активтер саудаланатынын анықтайды. Бақылау «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп жүргізіледі, бұл – Орталық Азиядағы алғашқы қосарланған реттеу моделі.

– Қазақстан Ұлттық банкі ішкі сұраныс пен ұсынысқа, бөлшек инвесторларға және жергілікті нарық қатысушыларына басымдық береді, ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы халықаралық және өңірлік инвесторлармен жұмыс істейді, – деп түсіндіреді Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі және цифрлық даму бойынша директоры Бинұр Жәленов.

Қазақстанның цифрлық активтер саласында өңірлік көшбасшыға айналуына мүмкіндік зор. Мәселен, танымал ATAIX Eurasia Орталық Азияда Қазақстанмен тығыз байланыста. Тіпті жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, оның ішінде Bank CenterCredit-пен бірлескен криптокарта бар. Google Pay, Apple Pay және Samsung Pay жүйелеріне байланған бұл карта криптовалютаны кәдімгі банк картасы секілді жұмсауға мүмкіндік береді — төлем кезінде қаражат автоматты түрде теңгеге айналдырылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 15:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары