Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Референдум нәтижесі, вольфрам өндірісін арттыру және медициналық туризм

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Референдум нәтижесі, вольфрам өндірісін арттыру және медициналық туризм

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Reuters: Референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды

Жексенбі күні өткен референдум нәтижесі халықаралық БАҚ-тың назарынан тыс қалмады. Reuters ақпарат агенттігі Қазақстан халқының таңдауы мен референдум нәтижесін жазған.

Екі экзитпол дерегіне сәйкес, сайлаушылардың шамамен 87%-ы жаңа Конституцияны қолдаған. Бұған дейін сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысу деңгейін 73% деп хабарлаған болатын.

Жаңа Конституция парламент құрылымын оңтайландырып, 1996 жылы алынып тасталған вице-президент қызметін қайта енгізеді. Сонымен қатар президентке вице-президентті, сондай-ақ бірқатар маңызды лауазымды тұлғаны тағайындау құқығын бермек.

Ескі де, жаңа да Конституцияларда президентті бір ғана жетіжылдық мерзімге сайлау бекітілген. Бұл шектеуді Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы енгізген.

Өткен аптада Тоқаев келесі президент сайлауы оның өкілеттік мерзімі аяқталатын уақытта – 2029 жылы өтетінін айтты.

Report: Қазақстан мен Қытай бу-газ қондырғысына инвестиция салады

Энергетика министрлігі мен «Ақтау энергетика компаниясы» ЖШС Ақтау қаласында қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын (ПГУ) салу жөніндегі инвестициялық келісімге келді. Жаңалықты Report ақпарат агенттігі таратты.

Құжатқа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен «Ақтау энергетика компаниясы» ЖШС-ның басшысы Гэ Личунь қол қойды. Жобаның жалпы құны шамамен 108 млрд теңгені құрайды, қаржыландырудың 70%-ын қытайлық серіктес қамтамасыз етеді.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты алаңында салынатын бу-газ қондырғысын іске қосу 2027 жылдың маусымына жоспарланған.
Келісімге сәйкес, 300-ден астам жұмыс орны ашылады және қазақстандық мамандарға Қытайдың салалық жоғары оқу орындарында «электр энергетикасы» мамандығы бойынша магистратурада білім алу үшін жыл сайын гранттар бөлінеді. Бұдан бөлек, кадрлардың біліктілігін арттыру, үздіксіз оқыту жүйесі енгізіледі.

Айта кетейік, Ақтау энергетика компаниясы 2024 жылы Қытайдың ірі энергетикалық корпорацияларының бірі China Huadian Corporation компаниясымен бірлесіп құрылған.

Caspianpost: «Тау-Кен Самұрық» пен Cove Capital вольфрам өндірісін іске қосады

Қазақстанның «Тау-Кен Самұрық ҰКТ» АҚ мен америкалық Cove Capital елде вольфрам өндірісін дамытуды жоспарлап отыр. Жоба толық өндірістік тізбекті қамтиды – кен өндіруден бастап соңғы өнім, яғни аммоний паравольфраматын (APT) шығаруға дейінгі кезеңді қамтамасыз етеді. Ақпаратты Caspianpost жариялады.

Келіссөздердің өзекті бағытының бірі – Қарағанды облысының Шет ауданындағы «Солтүстік Қатпар» және «Жоғарғы Қайрақты» кен орындарын игеру жобасы. Аталған жоба америкалық Cove Capital компаниясымен бірлесіп іске асырылуда.

13 ақпанда тараптар сатып алу-сату шартына және бірлескен игеру жөніндегі құрылтай құжатына қол қойған болатын. Келісім Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп патронажымен жасалып, екі ел арасындағы стратегиялық маңызды минералдар бойынша келісім аясында бекітілді.

«Тау-Кен Самұрық ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Нариман Әбсәметовтің мәліметінше, «Солтүстік Қатпар» мен «Жоғарғы Қайрақты» – әлемдегі аса ірі вольфрам кен орындарының қатарында.

Келісім талаптарына сәйкес, инвестор екі байыту фабрикасы мен бір металлургиялық зауыттың құрылысына 1,1 млрд доллар көлемінде инвестиция құяды. Жоба толық жүзеге асқан кезде мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Бұл ретте қазақстандық мамандарды жұмысқа тартуға басымдық беріледі.

Құжатта стратегиялық қағида ретінде шикізат пен жартылай фабрикаттарды экспорттауға тыйым салу нормасы бекітілген. Өндіріс тек терең өңдеуге бағытталады. Жобаны іске асыру кезеңінде бюджетке шамамен 1,5 млрд доллар көлемінде салық түседі деген жоспар бар.

Euronews: Қазақстан медициналық туризм орталығына айналуда

Апта ішінде Euronews Қазақстанның медициналық туризм әлеуетіне қатысты арнайы бағдарлама әзірледі. Онда саладағы статистика мен алдағы жоспар қамтылыпты.

2024 жылы елге шамамен 80 мың шетелдік науқас келген. Билік көрсеткішті алдағы уақытта жылына 300 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

2020 жылдан бері Үндістаннан келетін пациенттер саны 40 есе, Қытайдан – 24 есе, Түркиядан – 3 есе өскен. Қазір Қазақстанда емделуге 50-ге жуық елден адам келеді.

Қазақстандағы медициналық қызмет бағасы АҚШ пен Еуропамен салыстырғанда 5–10 есе арзан. Оның үстіне мұнда халықаралық JCI аккредитациясы бар клиникалар жұмыс істейді. Астанада Орталық Азиядағы алғашқы протон терапиясы орталығы ашылған, ол жылына шамамен 1000 пациент қабылдай алады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 10:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары