Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Екінші АЭС, референдум мерзімі және Пәкістанға экспортталатын автобустар

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Екінші АЭС, референдум мерзімі және Пәкістанға экспортталатын автобустар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Report: Қазақстан Пәкістанға 600 электр автобусын жеткізеді

Исламабадта мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумы өтті. Жиын барысында екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге шығаратын маңызды құжаттар қабылданды. Соның ішінде қазақстандық Falcon EuroBus компаниясы Пәкістан нарығына 600 электроавтобус жеткізетін болды. Жаңалықты Report ақпарат агенттігі бөлісті.

2027–2028 жылдары Пәкістанға экспортталатын автобустар саны 2 мың бірлікке дейін жетуі мүмкін. Алғашқы электр автобустарын жеткізу сәуір айында басталмақ. Коммерциялық келісімшарттың жалпы құны 108 млн долларды құрайды.

Falcon EuroBus кәсіпорны 2018 жылы Алматы қаласында құрылған. Бүгінде зауыт еуропалық сапа стандарттарына сай келетін автобустар шығарады. Өндірістік қуаты жылына 1 500 автобус, ал алдағы уақытта көрсеткішті 3 мың бірлікке дейін ұлғайту жоспарланған. Қазір зауыт өніміне Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістанда ғана емес, Еуропа елдерінде сұраныс жоғары.

Айта кетейік, бизнес-форумда Қазақстан тарапынан 150-ге жуық, Пәкістан жағынан 180 компания келіссөз жүргізді. Астана мен Исламабад алдағы 2 жылда тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге ниетті.

Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 200 миллион долларға жуық 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Келісімдерде қаржы, логистика, өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған.

Мысалы, «Самұрық-Қазына» мен Fauji компаниялар тобы ортақ инвестициялық платформа құруға уағдаласты. Бұл алаң екі ел аумағында бірлескен жобаларды іріктеп, іске асыруға мүмкіндік береді. Ал «Бәйтерек» холдингі жергілікті Habib Bank Limited-пен серіктестігін кеңейтті. Сондай-ақ көлік-логистика саласында Пәкістан компаниясымен ынтымақтастық басталды.

The Times of Central Asia: Екінші АЭС салатын орын анықталды

Қазақстан екінші атом электр станциясын салу орнын ресми түрде бекітті. Үкіметтің қаулысына сәйкес, нысан Алматы облысының Жамбыл ауданында, елдегі алғашқы атом электр станциясы үшін таңдалған алаңның маңында салынатын болады. Ресми ақпаратты The Times of Central Asia хабарлады.

Әділет министрлігі «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын салу және ол салынатын аудан туралы» атты 2026 жылғы 26 қаңтардағы №40 Үкімет қаулысын «Әділет» нормативтік құқықтық актілер жүйесінде жариялады. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Әдетте атом энергетикасы саласындағы жобалар техникалық-экономикалық негіздемеден, экологиялық сараптамадан және қаржыландыруды рәсімдеу кезеңінен өтеді. Жоспардың алдын ала бекітілуінен толық ауқымды құрылысқа көшу барысында мерзім өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін Қытайдың CNNC компаниясымен елдегі екінші және үшінші АЭС-ті салу жөнінде келісімшарт бары айтылған, ал алғашқы АЭС-ті Ресейдің «Росатом» корпорациясы салатыны хабарланған болатын. Құрылыс алаңы Балқаш көлінің жағасында, Алматы қаласынан шамамен 400 шақырым жерде орналасқан. Осылайша, Қазақстандағы алғашқы екі атом электр станциясы елдің оңтүстік өңірінде шоғырланбақ.

Алғашқы АЭС-тің жобалық қуаты 2,4 ГВт құрайды және әрқайсысының қуаты 1,2 ГВт болатын ВВЭР-1200 типті екі реакторды қамтиды. «Росатом» компаниясы құрылыс алаңында дайындық жұмысын бастап кетті. Іргетасын құю 2029 жылға жоспарланған, ал станция 2035 жылы іске қосылады.

Билік атом энергетикасын елдегі электр энергиясы тапшылығын шешуге арналған стратегиялық шешім ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар, Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бірнеше жылда электр тапшылығын жоюға бағытталған кешенді шара жүргізілетінін айтқан еді.

ТАСС: Конституциялық реформаға байланысты референдум өткізу бастамасы көтерілді

Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров талқыланып жатқан Ата заңның жекелеген баптары редакциядан өткеннен кейін жаңа Конституцияның жобасын жалпыұлттық референдумға шығару жөнінде бастама көтерді. Оның айтуынша, құжат қазірдің өзінде жеткілікті деңгейде пысықталған. Депутат сөзін ТАСС таратты.

Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, реформаны талқылау алты айдан астам уақыт бойы жүргізілді. Жаңа Конституцияның жобасы кәсіби заңгерлердің, әртүрлі сала сарапшыларының және азаматтық қоғам өкілдерінің ұзақ әрі жүйелі жұмысы нәтижесінде әзірленген.

– Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде жекелеген баптардың редакциясы пысықталғаннан кейін жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық дауыс беруге – референдумға шығаруды ұсынамын, – деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Айдарбек Қожаназаров ұлттық валютаның мәртебесін Конституцияда бекітуді ұсынған болатын. Оның пікірінше, теңгені Ата заңда нақты көрсету экономикалық тәуелсіздікті нығайтып, қаржы саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда теңгенің мәртебесі заңмен реттелгенімен, әлемдік қаржы жүйесі өзгеріп жатқан жағдайда бұл норманы Конституция деңгейінде бекіту өзекті.

Anadolu: Ауғанстан мен Орталық Азияға астық экспорты ұлғаюда

Ауғанстанға астық тасымалдау көлемі айтарлықтай артып келеді. 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін бұл елге экспорт 1,9 есе өсіп, 216 мың тоннадан 416 мың тоннаға жетті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметін Anadolu ақпарат агенттігі жариялады.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Қазақстан өңірдегі астықтың негізгі жеткізушісі ретінде рөлін сақтап отыр әрі экспорт әлеуетін нығайтып, тасымал географиясын кеңейтуде.

«Жеткізілімдердің негізгі өсімі Орталық және Оңтүстік Азияның дәстүрлі нарықтарына тиесілі. Атап айтқанда, Өзбекстанға астық экспорты 49%-ға артып, 1 813 мың тоннадан 2 702 мың тоннаға жетті. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,7 есеге өсіп, 95 мың тоннадан 163 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға экспорт 1,9 есеге артып, 216 мың тоннадан 416 мың тоннаға жетті», – делінген ресми ақпаратта.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 11:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары