Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: $500 млн келісім, АЭС құрылысы және картоп экспортына шектеу

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: $500 млн келісім, АЭС құрылысы және картоп экспортына шектеу

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Report: Қазақстан мен Эстония 517 млн долларға келісім жасады

Астанада өткен Қазақстан–Эстония бизнес-форумында екі елдің компаниялары жалпы сомасы 517 млн доллардан астам 11 коммерциялық келісімге қол қойды. Бұл ақпарат БАҚ беттерінде кеңінен таралды.

Report агенттігі форумға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті Алар Карис қатысқанын жазды. Тоқаев өз сөзінде екі елдің іскерлік қауымдастықтары қатысатын форум екіжақты сауда және инвестиция саласындағы өзара әрекеттестікті жандандыратынын атап өтті.

Қазақстан президенті перспективалы серіктестік бағыттарын атады: көлік және логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру. Сонымен қатар, Тоқаев Эстония бизнесінің Қазақстандағы үлесін кеңейтуге толық қолдау көрсететінін жеткізді.

ТАСС: Қазақстан 2029 жылы АЭС салуды бастамақ

Қазақстан 2029 жылы алғашқы атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Құрылысты Ресейдің «Росатом» компаниясы басқарады. Бұл туралы Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев хабарлады. Лауазымды шенеунік сөзін ТАСС ақпарат агенттігі жазды.

— Құрылыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету және талаптардың сақталуын қадағалау үшін бірнеше жыл керек болуы мүмкін. Ядролық инженерлер мұны «алғашқы бетон» деп атайды. Мұны тек жобалық зерттеулер ғана айта алады. Көп нәрсе жабдық пен жобалау жұмыстарына байланысты. Біз ресейлік жоба үшін 2029 жылға мақсат қойып отырмыз, — деді Сәтқалиев.

Қазіргі кезде станция салынатын жерде геологиялық және инженерлік ізденіс жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысы Үлкен ауылы маңында шамамен 50 ұңғымадан топырақ сынамалары алынған. Сондай-ақ радионуклидтер, гидрологиялық және инженерлік талдаулар жасалды, екі гидропост орнатылды.

АЭС құрылысы 2024 жылғы күзде өткен референдумнан кейін қолға алынған. Биыл онлайн-дауыс беру арқылы станцияға «Балқаш» атауы берілді. Ізденіс жұмыстары 18 ай ішінде аяқталып, үкіметке болашақ станцияның нақты жобасы ұсынылады.

Anadolu: «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігі хабарлаған.

Заң жасанды интеллект жүйелерінің негізгі жұмыс ережелерін белгілейді. Енді жасанды интеллект адамның міндеттерін орындауға арналған құрал болып есептеледі. Жүйелерді пайдаланатын меншік иелері мен пайдаланушылар өз міндеттері мен жауапкершілігін алады. Меншік иелері жүйелердің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге, тәуекелдерді басқаруға және пайдаланушыларға көмек көрсетуге міндетті.

Заңда заңдылық, әділдік, теңдік, ашықтық, түсініктілік және адамның игілігіне басымдық беру қағидалары бекітілген. Зиян келтіретін мақсатта жасанды интеллект қолдануға тыйым салынады. Мысалы, манипуляция жасау немесе заңсыз деректер жинау мүмкін емес. Жасанды интеллектпен жасалған тауарлар мен қызметтер арнайы белгіленеді.

The Times Of Central Asia: Қазақстан картоп экспортын қайта шектеуі мүмкін

Астанада өткен үкіметтік брифингте Қазақстанда картоп экспортына шектеу қайта енгізілуі мүмкін екені хабарланды. The Times Of Central Asia интернет порталы жауапты ведомство өкілдерінің сөзіне сүйеніп, экспортты шектеу шарттарын жариялады.

Вице-премьер және ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның айтуынша, қаңтарда елде шетелге картоп экспортына алты айлық шектеу енгізілген. Бұл шешім көршілес Өзбекстаннан сұраныстың күрт өсуіне және экспорт көлемінің 1,5 есе ұлғаюына байланысты қабылданған. Нәтижесінде ішкі нарықтағы бағалар да күрт көтерілген.

— Ішкі нарыққа адам басына 100 килограммнан есептегенде шамамен 2–2,1 миллион тонна картоп қажет. Экспорт 500–600 мың тоннаға жеткен кезде шектеу енгіземіз. Бұл көршілес елдерге қарағанда біздің бәсекелестік артықшылығымыз. Өндірушілерге экспорт арқылы табыс табуға кедергі келтірмейміз, бірақ ішкі нарыққа жеткізуде лимитке жеткен соң экспортты жабу немесе квоталау мүмкін, — деді Жұманғарин.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биылғы картоп түсімі 2,9 миллион тоннаны құрағанын, ішкі сұраныс шамамен 2,1 миллион тонна екенін айтты. Осыған сәйкес экспорттық әлеует шамамен 800 мың тонна. Дегенмен үкімет консервативті есеппен 500–600 мың тоннаны шектеу шегі ретінде белгілеп отыр.

Жұманғарин жаңа өнімнен 300 мың тонна экспортталғанын, тағы 200 мың тоннасы келісімшарт бойынша жеткізілгенін атап өтті. Ішкі бағалар тұрақталған: қазір картоп килограмы шамамен $0,34 тұрады. Бұрын көктемде ол $0,50–$0,70 болған еді.

Бұған дейін, биыл The Times Of Central Asia хабарлағандай, Астана мен басқа ірі қалаларда сұраныстың күрт өсуіне байланысты жеке сатып алушыларға картоп сатуға шектеу енгізілген. Дефициттің ең жоғары кезеңінде баға 0,96 долларға жеткен.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қараша 2025 02:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары