Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Екінші АЭС құрылысы, киберқылмыс, еңбек мигранттары мен ЖИ

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Екінші АЭС құрылысы, киберқылмыс, еңбек мигранттары мен ЖИ

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

CentralAsia: Еңбек мигранттарының көбі Қытай мен Өзбекстаннан келеді

Қазір Қазақстанда 14 666 шетел азаматы жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен еңбек етіп жүр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, олардың басым дені шекаралас аймақтан келген. Апта ішінде CentralAsia сайты елге қай мемлекеттен қанша азамат жұмыс іздеп келгенін жариялады.

Министрлік дерегінше, мигранттардың арасында 561-і – басшылар мен олардың орынбасарлары, 2 280-і – құрылымдық бөлімшелердің басшылары. Негізгі бөлігі мамандар (3 884 адам) мен білікті жұмысшылардан (988 адам) тұрады. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 3 036 адам, ал корпоративтік ауысу аясында 3 918 адам тартылған.

Қазіргі уақытта 1 896 жұмыс беруші шетелдік азаматтарды жұмысқа алған. Бұл кәсіпорындарда 339 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді, яғни жалпы қызметкерлердің 96%-ын отандық кадрлар құрайды.

Шетелдік жұмысшылардың көбі құрылыс (4 799 адам), ауыл, орман және балық шаруашылығы (3 065 адам), тау-кен өнеркәсібі (1 187 адам) және өңдеу саласында (1 085 адам) жұмыс істейді.

Қазақстанға негізінен Қытай (5 330 адам), Өзбекстан (2 682 адам), Түркия (1 046 адам) және Үндістан (1 012 адам) елдерінен азаматтар келеді. Биыл шетелдік жұмыс күшіне арналған 19,4 мың квота әзірленген.

ТАСС: Екінші АЭС-тың құрылысы басталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесті. Сол сәтте екінші АЭС құрылысына қатысты пікір білдіріп, жақын арада құрылыс жұмыстары басталатынын айтқан. Мемлекет басшысының сөзін ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі бөлісті.

«Бұдан бөлек, атом стансаларын салуымыз керек. Қазір бірінші стансаның құрылысы басталды. Таяу арада екінші АЭС жобасын қолға аламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қыркүйектегі Жолдауында «екінші және тіпті үшінші АЭС құрылысын жоспарлауға қазірден бастап кірісу қажет» деп мәлімдеген болатын.

Ал маусым айында Атом энергиясы жөніндегі агенттігі қытайлық CNNC компаниясын кезекті АЭС салу жөніндегі консорциумның ықтимал көшбасшысы деп атады. Қазір Бейжіңмен келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу бойынша консорциумның көшбасшысы – «Росатом».

Report: Көлік дәліздерін дамытуға 23 млрд доллардан астам қаржы жұмсалмақ

Қазақстанның көлік-логистика саласындағы инвестиция көлемі жылдан-жылға артып келеді. Мемлекет 2035 жылға дейін Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы көлік дәліздерін дамытуға 23 млрд доллардан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Мұндай ақпарат Еуразиялық даму банкінің «Еуразиялық көлік құрылымы: жобалар обсерваториясы және интерактивті карта» баяндамасында айтылған. Ұйымның дерегін Report таратты.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда барлығы 42 жоба іске асырылуда немесе жоспарланған. Олардың кем дегенде төртеуі трансшекаралық сипатқа ие:

· Аягөз – Бақты темір жолының және Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші шекара өткелінің құрылысы;

· Алматы – Ыстықкөл (Қырғызстан) ақылы автомагистралінің құрылысы;

· Жаңаөзен – Кендір –Түрікменстан шекарасы автомагистралінің, «Солтүстік – Оңтүстік» ККМ шығыс бағыты учаскесінің құрылысы;

· Дарбаза – Мақтаарал темір жолының және Өзбекстанмен жаңа шекара өткелінің құрылысы.

Автожол секторын дамытуға 16,7 миллиард доллар немесе жалпы көлемнің 71,7%-ін инвестициялау жоспарланып отыр. Теміржол саласына 4,2 миллиард доллар бөлінеді.

Тағы 1,5 миллиард доллар Каспийдегі теңіз порттары мен флотты дамытуға бағытталады. Логистикалық орталықтарды, шекарадан өту пункттерін және әуежайлардың жүк терминалдарын дамыту жобаларына 0,9 миллиард доллар бөлінеді.

Қазір Қазақстан Еуразиялық көлік құрылымын дамытуға инвестициялар көлемі бойынша Еуразиялық өңірдегі 13 мемлекеттің арасында екінші орынды иеленді. Бұл жалпы инвестицияның 10%-ін құрайды. Сондай-ақ республика 44% көлемімен Орталық Азияда бірінші орында тұр.

Anadolu: Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды

Вьетнам астанасы Ханой қаласында БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қою рәсімі өтті. Шараға ел атынан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Бауыржан Әленов бастаған делегация қатысты.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмысқа қарсы күрес үшін қабылданған. Келісім жаһандық киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталып отыр. ҚР ІІМ Конвенция жобасын әзірлеу барысында ұлттық мүдделерді басты назарға алған.

Конвенцияға қол қою Қазақстанның цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқатерлерге қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асырудағы маңызды қадам болды.

Euronews: Орталық Азиядағы ЖИ жетекшілігі

Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасындағы жасанды интеллект көшбасшысы болуға тырысып отыр. Осы мақсатта технологиялық компаниялар мен өнімдердің қатарын арттырмақ. Euronews телеарнасының East-West Connect бағдарламасы тақырыпты жан-жақты талқылады.

Қазақстан Орталық Азиядағы ЖИ секторындағы жетекші ел болуға бейіл. Қазір саладағы стартаптарға басымдық беріп, оқу аудиториясынан дайын нарыққа дейін инфрақұрылымды әзірлеу үстінде. Әсіресе, жаһандық ЖИ хабын құру арқылы ОА-дағы жасанды интеллектіні әзірлеу және енгізу орталығына айналуы мүмкін.

Жалпы алдағы уақытта өңірдегі қолдау табатын стартаптардың көбі ЖИ саласына ойыспақ. Қазақстан алғашқылардың бірі болып құны миллиард доллар болатын ауқымды жобаны іске қосты.

Қазақстан жылына 100 стартапты іске қосуға ниетті: Астанада ЖИ-ге бағытталған алғашқы университет құру, Alem AI Халықаралық жасанды интеллект орталығын ашу жоспарланған. Осылайша, ғылым-таланттар-бизнес үштігін нығайтуға қол жетеді деген жоспар бар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see117

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see117

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see116

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see115

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see114

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see113

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see113

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see113

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see113

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see112

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see112

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see111

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see110

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see110

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see110

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see109

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары