Нұрай Серікбай ісі: күдіктінің туыстары да тексеріліп жатыр
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Құқық қорғау органдары жәбірленуші тараптың «бойжеткен күдіктінің үйінде туыстарының бақылауында болған» деген уәжін тексеріп жатыр.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, тергеу барысында іске қатысы болуы мүмкін барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі.
«Жәбірленуші тарап бірқатар уәж келтіріп отыр. Атап айтқанда, Нұрайды күдіктінің үйіне жеткізу кезінде жанында болған адамдардың да қатыстылығын анықтау қажет. Тергеу аясында барлық мән-жай толық тексеріледі», – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.
Оның сөзінше, осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін азаматтың барлығынан жауап алынып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 03:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















