Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Тәртіп пен талап мектебі

Тәртіп пен талап мектебі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Осы ретте Сыр өңіріндегі әскери әлеуетті арттыру бағытында  атқарылып жатқан жұмыстар еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызды қадамның бірі саналады.

Әскери білімнің әлеуеті жоғары

Негізінде, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі әрбір мемлекеттің басты құндылығы екені даусыз. Ал сол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі күш – кәсіби даярланған, рухы биік, отансүйгіш азаматтар екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда әскери білім беру жүйесіне жүктелетін жауапкершілік аса зор. Өйткені әскери даярлық тәртіп мектебі, жауапкершілік алаңы және елге адал қызмет етудің бастауы саналады.

Елімізде әскери оқыту арқылы елін, жерін сүйетін, сын сағатта сабыр сақтап, батыл шешім қабылдай білетін, мемлекеттік құпияны қорғай алатын азаматтарды тәрбиелеуге мән беріліп келеді. Сонымен қатар жастарға әскери іс негіздерін меңгеруге, оларды нақты жағдайларда әрекет етуге даярлауға басымдық жоғары. Бұл тұрғыда Сыр өңіріндегі Қорқыт Ата атындағы Қы­зылорда университеті жанынан құрылған әскери кафедраның атқарған жұмыстары ұшан-теңіз.

Жалпы, аталмыш кафедра Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы қау­лысына сәйкес ашылып, өңір жастарының мүмкіндігін арттыруда еселі еңбек сіңіріп келеді. Нақты айтқанда, 2000-2001 оқу жы­лынан бастап өз жұмысын бастаған бұл ка­федра бүгінде Сыр өңіріндегі әскери кадрлар даярлайтын маңызды орталыққа айналды.

«Әскери кафедрада оқу үдерісі «әскери күн» әдісі арқылы жүргізіледі. Яғни, студент­тер аптасына бір күнін толықтай әскери дайындыққа арнайды. Бұл тәсіл теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, нағыз тұлға болып қалыптасуға мүмкіндік береді. Офицерлік бағдарлама – екі жыл, ал сер­жант­тық бағдарлама бір жыл мерзімді қамтиды. Кафедраға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұл физикалық және психологиялық тұрғыдан дайын, талапқа сай жастардың ғана іріктелетінін көрсетеді», – дейді бұл жөнінде Әскери кафедра бастығы Нұрсейіт Увайдаев.

Кафедра бастығының айтуынша, әскери кафедрадағы білім тек аудиториямен шектелмейді. Оқу соңында курсанттар міндетті түрде әскери жиындардан өтіп, практикалық деңгейін жетілдіреді. Ең бастысы, оларды әскери тәртіппен өмір сүріп, шынайы әскери ортаға бейімдейді.

Теориядан тәжірибеге төте жол

Жалпы, әскери білім жастардың төзімділігін арттырып, жауапкершілігін күшейтетін, командалық рухын қалыптас­тыратын маңызды сынақ саналады. Әрбір асқақ рухты, өр тұлғалар ұлан әскери ма­мандықты игеру арқылы өзінің жарқын болашағына жол ашады.

Бүгінде Қызылордадағы әскери кафедрада даярлық жұмыстары бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, кафедра жалпы әскери бөлімшелерді жауынгерлік қолдану, құрлық әскерлерінде тәрбие және идеоло­гиялық жұмыстар, аумақтық қорғанысты жоспарлау, зениттік зымыран кешендерін басқару мен атқыштық даярлық бағыттарын қамтиды. Аталмыш мамандықтар қоғам қа­­­­­уіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған та­лаптарға толық сәйкес келетіні алға тартады.

«Жалпы, әскери кафедра ашылғалы бері 3 мыңнан астам запастағы офицерлер мен сержанттар даярланды. Бүгінде олардың бір бөлігі Қазақстан Қарулы Күштері қата­рында қызмет етіп жүр. Кейбірі құқық қорғау және қауіпсіздік салаларында жемісті еңбек етуде. Ең бастысы, полиция, кеден және ұлттық қауіпсіздік құрылымдарында кафедра түлектерінің кәсіби дайындығы мен тәртібі жоғары бағаланып келеді. Бұл – әскери кафедра жұмысының нақты нәтижесі деп айта аламын», – дейді кафедра бастығы.

Сырдың әскери даярлық жүйесінде заман талабына сай жаңғыру үдерісі бай­қалады. Ал алдағы уақытта  пилотсыз ұшу аппараттарын басқару операторларын даяр­лау жоспарланып отырғанын жеткізіп отыр. 

Қазірдің өзінде дрон технологиялары әскери саланың ажырамас бөлігіне айналған. Соның негізінде кафедрада дронмен барлау, бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиясы кеңінен қолданылып келеді. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстарды күшейту де күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, мұны жас ұрпақты ерте жастан елжандылыққа тәрбиелеудің тиімді жолы ретінде қарастырады.

Тәрбие – басты нәтиже

Мамандар жастардың тұлғалық қалыптасуы үшін әскери даярлықтың маңызы зор деп есептейді. Әсіресе, тың тәртіпке төселген ұландар уақытты тиімді пайдалануды, қиындықтарды еңсеруді, мақсатқа жетуді үйренеді екен. Әскери кафедрадан өткен студенттердің тәр­тіп­тілігімен, жауапкершілігімен, жинақы­лы­ғымен ерекшеленуі – соның айқын дәлелі. 

Жалпы, әскери тәртіп пен тәрбие әрбір азаматтың тұлға болып қалыптасуына жол ашып, нақты нәтижеге жетелейді деген ұғым бар. Бұл тұрғыда Сыр өңіріндегі әскери даярлық жүйесі – ел қорғанысын нығайтудың берік тірегі айналып тұр. Яғни, іргелі оқу орны жанынан құрылған әскери кафедра ұстаздары тек білім беріп қана қоймай, нағыз патриоттарды тәрбиелейтін өмір мектебін қалыптастыру жолында аянбай тер төгіп келеді. 

Тәртіп пен талап ұясында бүгінгі кур­сант­тарды ертеңгі ел қорғаушысына ай­налдырып, тәуелсіз Қазақстанның сенімді қалқанын қалыптастыруда еселі еңбектің лебі еседі. Кафедра жұмысымен танысу барысында осыны аңғардық.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 06:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары