Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Жекеменшік мектеп: талап пен тәртіп

Жекеменшік мектеп: талап пен тәртіп

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болатындығын атап айтып, білім сапасын жақсарту міндетін алға қойды. Оны ойдағыдай орындауға көпшілігі мемлекеттік тапсырыс алып отырған жекеменшік мектептер де үлес қосуға тиіс.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Кеңес заманында елімізде ешқан­дай жекеменшік мектеп болған жоқ. Тек тәуелсіздік алып, нарықтық қаты­настарға көше бастаған 1992 жылы алғашқы мемлекеттік емес білім беру ұйымдары пайда болды. Алайда олар өтпелі кезеңнің қиындығына қарамастан, әртүрлі кәсіппен айналысып, қаражат көзін таба білген ат төбеліндей азғантай топқа ғана қолжетімді еді. 1996 жылдан бастап жекеменшік мектептер жоғары оқу орындарының, колледж­дер мен мемлекеттік мектептердің жанынан да ашылды. Осы кезде халықаралық жекеменшік мектептер де ұйымдастырылды. 2018 жылы білім саласындағы бәсекелестікті арттыру және үш ауысыммен оқыту мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік білім ұйымдарын да жан басына қаржыландыру енгізілді. Осы жаңашылдық қоғамда кеңінен қолдау тауып, «Оқушы қай мектепке барса, ақша сол мектепке барады» қағидаты өміршеңдігін көрсетті. Бұдан жеті жыл бұрын елімізде 121 жекеменшік мектеп болса, қазір олардың саны 1 мыңға тақағаны – соның айғағы.

«Жекеменшік мектептің қандай артықшылығы бар?» деген сауалға келсек, олар ата-аналарға қолайлы қосымша қызметтер ұсынатындығын айтқан жөн. Соның ішінде оқушы­лар­ға ағылшын тілі, математика пән­дерінен қосымша сабақтар беру, оларды әртүрлі үйірмелерге қатыс­тыру, күніне екі немесе үш рет тамақ­тандыру және тасымалдау бар.

Білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты алу-алмау – жекеменшік мектептердің өз еркінде. Мәселен, Астана қаласында жылдық оқу ақы­сы 15 млн теңгеге дейін жете­тін кейбір жекеменшік мектептер мем­лекеттік тапсырысқа қызық­пайды. Өткен оқу жылында еліміз­де тіркелген 853 жекеменшік мек­тептің 745-і ғана мемлекеттік тапсырыс алған. Оның жалпы сомасы – 185 млрд теңге. Алайда, биыл Қаржы министрлігі жекеменшік мектептерді қаржыландыруда елеулі заңбұзушылыққа жол берілгенін анықтады. Нақты айтқанда, 155 жекеменшік мектеп түскен табысын жасырған. Цифрландырылған 427 мектептің 30 пайыздайы өз қызмет түрі бойынша бекітілген мақсаттарына сай болмай шыққан. Мысалы, Түркістан облысының Мақтаарал ауданында – тойхана, Шымкент қаласында сауда орталығы жекеменшік мектеп ретінде көр­сетілген. 64 жекеменшік мектепте шәкірттер саны сол білім мекемелерінің жобалық қуатынан 2 есе көбейтіп көрсетілген. Тіпті Алматы облысында орналасқан жобалық қуаты 60 адамға есептелген жекеменшік мектепке қағаз жүзінде 702 оқушы қабылданған. Астана қаласындағы 241 оқушыға арналған жекеменшік мектепте 1003 шәкірт «оқыған». Шынтуайтында, Ұлттық білім дерекқорында мемлекет есебінен қаржыландырылатын жекеменшік оқу орындарында тіркелген балалардың мүлдем басқа мектепте оқитыны белгілі болды. Кей өңірде жекеменшік мектептер оқудан шығып кеткен оқушылар үшін де ақы алып отырған. Бұған қоса, жалған мұғалімдер мен қосарланған қаржыландыру фактілері де әшкереленген. Мұның бәрі жекеменшік мектеп иелерінің арандары ашылып, алаяқтыққа барып, мемлекет қаражатын заң­сыз иемденгенін айғақтайды. Олар­дың арасында мұғалімдерге зейнетақы қоры мен міндетті меди­циналық сақтандыру жүйесіне жар­на аудармағандар да кездеседі. Осыған орай, Премьер-министр Олжас Бектенов: «Шындығында, біз мемлекеттің жоқ оқушылар үшін жиі ақша төлейтінін көріп отырмыз. Бұл нарықта тұтастай заңсыз индустрия қалыптасты. Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі келесі қаржыландыру жылынан бастап аталған салада толықтай тәртіп орнатуы керек. Бірде-бір мемлекеттік теңге нарыққа жосықсыз қатысушылар мен шенеуніктердің қалтасына түсіп, ысырап етілмеуге тиіс», деді.

Ал Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі жазбасында: «Өкінішке қарай, кейінгі жылдары жекеменшік мектептерге қаражат еш тексерусіз төленді. Жымқырылған миллиардтаған теңге қаражат әлі қайтарылған жоқ, мектеп иелерінің үстінен іс те қозғалмады», дей келіп, Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жеке­меншік білім мекемелеріндегі заң бұзушылықтарды тексеру үшін сауал жолдағанын мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі жүргізген талдау жекеменшік мектептердегі мұғалімдердің біліктілік деңгейі мәз еместігін көрсеткен. Мемлекеттік мектептерде білікті мұғалімдердің үлесі орта есеппен 77 пайыз болса, жеке мектептерде 41 пайызға әрең жеткен. Кейбір жекеменшік мектептерде осы көрсеткіш 20-30 пайыздан аспаған. Бұл – білім сапасына тікелей әсер ететін фактор. PISA халықаралық зерттеуінің мәліметіне қарағанда, біздің елдегі жекеменшік мектептер оқушыларының негізгі пәндер бойынша алған білімі мемлекеттік мектептердегі құрдастарымен салыс­тырғанда әлдеқайда төмен. Олар 2018 жылы оқу сауаттылығы бойынша 13 балды, ал 2022 жылы математикалық сауаттылық бойынша 18 балды кем жинаған.

Жоғары аудиторлық палатаның тексерісі нәтижесінде, жекеменшік мектептердің 57 пайызы заманауи талаптарға сай келмейтіндігі анық­талды. Олар көбінесе сани­тарлық нормалар сақталмаған ескі ғимараттарда орналасқан. Мем­лекеттік тапсырыс алған жеке­меншік мектептердің 40 пайызы оқу ғимараттарын жалға алып отыр. 20-50 баланы тұрғын үйлердің жертөлесінде оқытып жатқандары да бар.

Қазір Оқу-ағарту министрлігі мен облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалалары әкімдіктерінің бірлескен бұйрығымен «2025–2026 оқу жылына арналған жекеменшік білім мекемелерінде орта білім беруге байланысты мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастырудың жаңа тетігі» қанатқақты жобасы бекітіліп, іске асырыла бастады. Бұл жоба қаржыландырудың ашықтығын арттыруға, мемлекет-жекешелік әріптестікті дамытуға және оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Түйткілді мәселелерді шешу мақсатында Қаржы министрлігіне қарасты «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ әзірлеген жаңа ақпараттық жүйе мектептердегі оқушылар санын, рұқсат құжат­тарының бар-жоғын автоматты түрде тексереді. Бірыңғай әкімшілік басқаруды қамтамасыз ету мақ­сатында «Қаржы орталығы» АҚ Қаржы министрлігінің қарамағына берілді. Бұл орталық қанатқақты жобаның операторы ретінде ұйымдастыру-әдістемелік қолдауды жүзеге асырып, мониторинг жүргізу, қабылданған актілерге сәйкес төлем жүргізу қызметтерін атқарады.

Аталған жобаны іске асырудағы негізгі рөл өңірлердің білім басқармаларына жүктелді. Олар мемлекеттік тапсырыстарды орналастырып, қорытынды есептерді бекітеді, сондай-ақ келісімшарттар жасап, www.e-Qazyna.kz веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтер туралы актілерді қабылдайды. Жеке­мен­шік мектептерге қойылатын талап та күшейтіліп жатыр. Мәселен, «Қаржы орталығы» АҚ-ның 2025 жылғы 3 қазандағы хаттамалық шешіміне сәйкес жекеменшік мектептерді қаржыландыру олардың жобалық қуаты шегінде ғана жүзеге асырылуға тиіс.

Дегенмен әлі де ойланарлық мәселелер де бар. Мысалы, өткен оқу жылында еліміздегі барлық мектептің 10 пайыздан астамы жекеменшік мектептер болды. Ал әлемдегі ең үздік білім жүйесіне ие мемлекет – Финляндияда жекеменшік мектептердің үлесі – 2-ақ пайыз. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылатындықтан, оқу­шыларды тегін оқытады. Амери­­ка Құрама Штаттарындағы мек­­­тептердің 25 пайызы – жеке меншікте. Оларға мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейді. Сол себепті оқу ақылы негізде жүр­гізіледі. Біздің елдегі жекеменшік мектептердің ерекшелігі – мемлекет тарапынан да, ата-аналар есебінен де қаржыландырылып отырғандығы. Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықовтың пікірінше, бұл дұрыс емес. «Жекеменшік мектеп рейтингте жоғары балл жинап, аяғынан нық тұрса, ол субсидияға неге тәуелді болады?», дейді мә­жілісмен. Сарапшылардың айтуынша, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында барлық өңірде жайлы мемлекеттік мектептер көптеп салынып жатқандықтан, алдағы уақытта жекеменшік мектептердің үлесі 5 пайызға дейін азайып, тек бәсекеге қабілеттілері ғана қалуы мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see158

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see132

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see129

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see124

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see124

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see123

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары