Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Талап ортақ, тәртіп бір

Талап ортақ, тәртіп бір

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ал Қытай көліктерінің заңбұзар ісі қоғамды бұрыннан алаңдатып жүр. Шығыс көршінің жүргізушілері Қазақстан аумағында жол жүрісі қағидаларын бұза береді. Бір жағынан, жергілікті жол қозғалысы ережелерін жете білмейді, екінші жағынан, оның нөміріндегі иероглифтерді біздің көше камералары «оқымайды». Бұл проблема биыл шешіліп жатыр. Заң бұзған шетелдік көлікке қандай тоспа қойылмақ?

Шығыс керуені шектен шықпасын

Бұл күрмеулі мәселені бұрынғы Парламент депутаттары да бірнеше мәрте көтерген-тін. Мазасыздануға негіз жоқ емес көрінеді: Қазақстан мен Қытай арасындағы автотуризм ағыны қарқынды түрде артып келеді. Көрші елдің азаматтары елімізге, әсіресе шығыс және оңтүстік өңірлерге топ-тобымен саяхаттап келіп жатыр: олардың көші бірнеше автокөліктен, тұтас автобустар керуендерінен тұрады. Бұған қоса, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа», Орта дәліз және өзге де маңызды бағыттар арқылы қытайлық тауарларды тасымал­дайтын қытайлық ауыр жүк көліктерінің де қатары көбейді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап, Қазақстан Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді. Содан бері қытайлар Қазақстан аумағында күнтізбелік 30 күн бойы еш рұқсатсыз, емін-еркін жүріп тұра алады. Содан кейін еліне кері оралып, жарты жылдан соң оралуы керек: келісім бойынша елде болу мерзімі 180 күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспауы қажет.

Сонымен бірге сарапшылардың түсін­діруінше, екі елдің бір-бірінің автокө­ліктеріне қоятын талаптарында айқын теңгерімсіздік қалыптасқан. Қазақстандық автокөлік Қытай аумағына кірген кезде біріншіден, уақытша әкелу рәсімінен өтеді. Екіншіден, уақытша тіркеуге тұруға міндетті. Үшіншіден, ҚХР камералары танитын уақытша «арнайы нөмір» алуға тиіс. Төртіншіден, қытайлық сақтандыру компа­нияларында сақтандыруды рәсімдейді. Бесіншіден, шекараны заңды кесіп өткен көлік Қытай аумағында ұзақ мерзімге заңсыз қалып қоймауы үшін қаражат енгізіп, «кедендік кепілдік» береді. Басқа да бақылау рәсімдері қолданылады. Осы арқылы шың елі шетелдік көлік ағынының әр басқан ізін жол камералары арқылы өз өңірлерінде қатаң бақылайды. Сөйтіп, қырағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

«Бұл рәсімдердің барлығы ақылы негізде жүргізіледі. Яғни мемлекеттің шығыстары мен қызметкерлердің жалақысы, уақыт, еңбек және қаржы ресурстарының шығындары соның есебінен толықтай өтеледі. 2026 жылғы мәліметтер бойынша 1 қазақстандық автокөлік ҚХР-дағы барлық рәсімнен өтуі үшін шамамен 560 мыңнан 600 мың теңгеге дейін ақы төлеуге мәжбүр. Тиісінше, Қытай тарапы шетелдік көліктерді бақылап қана қоймай, бұл рәсімдерден ресми түрде кіріс көреді. Бұл дұрыс механизм деп есептейміз», – деп биылғы маусым айында Мәжіліс депутаттары Үкіметке хат жолдаған болатын.

Заңына бағындыра алған ел  мығым

Ал Қазақстан ше? Сарапшылар мен депутаттардың пікірінше, ел аумағына кіретін шетелдік, оның ішінде қытайлық көліктерге қатысты рәсімдер айтарлықтай жеңілдетіл­гендіктен, олар ақыр соңында бақылаусыз қалдырылған. Қазіргі жағдай тек уақытша әкелудің кеден рәсімімен шектеледі және оның өзі тегін: дұрысын айтқанда, Қазақстан бюджетінің есебінен жүргізіледі.

Кеден қызметінің ресми мәліметтері бойынша, 2025 жылы және биылғы жылдың алғашқы 4 айында Қазақстан аумағына 8 мыңнан астам Қытай автокөлігі кірген. Бұл бұрыннан қордаланған мәселені ушық­тырып жіберді. Біріншіден, депутат­тардың мәліметі бойынша қытайлық мемлекеттік нөмірлерді «Сергек» және басқа отандық фото-бейнетіркеу жүйелері толық көлемде танымайтын көрінеді. Екіншіден, көршінің көліктері қазақстандық ақылы жолдардың ақысын төлемейді. Үшіншіден, қытайлық алып жүк көліктері Қазақстан заңымен бекітілген асфальт жолдардағы ауыр көліктердің салмағы мен көлем-габарит шектеуін де сақтай бермейді екен. 

Төртіншіден, жол ережесін бұзған жағ­дайда жауапқа тарту қиын. Тіпті айыппұл салынғанымен, оны өндіріп алуға зар. Бесіншіден, шетелдік көліктер жол апатына себепкер болса, одан зардап шеккендерге залалды өндіріп алу тетіктері тиімді болмай шықты. Себебі олар жергілікті сақтандыру компанияларының сақтандыру полистерін рәсімдемей келген. 

Мұның сыртында жатжұрттық машина­лардың иелері Қазақстан бюджетіне уа­қыт­ша тіркеу, уақытша нөмір алымдарын және әкімшілік алым-салықтарды енгізбейді. Оның орнына шетелдік көліктерге қызмет көрсетуге, бақылауға, жол салуға, инфра­құрылыммен қамтамасыз етуге және әкімшілендіруге ел бюджетінің қаражаты миллиардтап шығындалады. Неліктен өзге мемлекеттер мұндай рәсімдерді ресми табыс көзіне айналдырып отырғанда, Қазақстан бұл шығындарды өз мойнына алып, іс жүзінде тегін көрсетуге тиіс деген заңды сұрақ туындайды.

Жолдағы тәртіп – елдіктің белгісі

Қытай халық республикасының көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы қоғам өкілдері көтеріп жүрген бұл проблема жуырда Үкіметте жеке қаралды. Соның нәтижесінде іс ілгері басты. Мәселен, бағ­дарламалық қамтылымды жетілдіру арқасында Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы стационарлық және мо­бильдік кешендер – жол жүрісі қағидаларын бұзуды фото және бейнетіркеу жүйелері енді шетелдік, оның ішінде ҚХР-да тіркел­ген, иероглифі бар көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) анықтау мүмкіндігіне ие болыпты.  

– ҚХР көліктеріндегі МТНБ ерекшелігі сол, ол әкімшілік-аумақтық бірлікті, про­винцияны білдіретін иероглифтен, сондай-ақ латын графикасындағы әріптік таңбалар мен цифрлық белгілерден құралады. Біздегі қолданылатын аппараттық-бағдарламалық кешендер иероглифті емес, сол латын әріптері мен МТНБ сандық белгілерін анық­тайды. Қолда бар функционал ҚХР-да тіркелген көлік құралдарын сәйкес­тендіруге мүмкіндік береді, – делінген Үкіметтің түсініктемесінде.

Алынған мәліметтер автоматты режимде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімінің» республикалық серверіне жолданады. Онда жүйе жол жүрісі қағи­даларын (ЖЖҚ) бұзғаны үшін айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама қалып­тастырады. 

ҚХР-да тіркелген автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірі жөнінде ақпарат табылмаса немесе сақтандыру полисі туралы мәліметтерді толық сәйкестендіру мүмкіндігі болмаса, мұндай МТНБ-ны жүйе «танылмады» деп белгілейді. Тиісінше, ол көлік туралы ақпарат Ішкі істер минис­трлігінің «Қорғау» ақпараттық жүйесіне беріледі. Әрі қарай автокөлік «Қорғау» жүйесі арқылы іздестіріледі. Анықталған жағдайда оған жақын жердегі патрульдік полиция қызметкерлері жібе­ріледі. Міне, осы полиция көлікті тоқта­тып, Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік материал толтыру бойынша шараларды қабылдайды.

Қорыта айтқанда, қытайлық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы Қазақстанда бір жағынан, фото және бейнетіркеу жүйелері, екінші жағынан, полиция қызметкерлері арқылы тіркеледі. Ал қытайлық жүргізушінің кім екені көші-қонды тіркеу деректері, яғни шекараны кесіп өткенде ұсынған паспорты, оны Қазақстанда қабылдаған тараптың байланыс деректері және басқа мәліметтер негізінде анықталады екен. Содан айыппұл төлеу нұсқамасы толтырылып, қолын қойғызған соң ол жүргізушіге табысталады. Немесе нұсқама оның Қазақстанда уақытша болу кезінде тіркелген мекенжайына, сондай-ақ өзге тәсілдермен жіберіледі. 

Ресми мәліметке жүгінсек, 2026 жылдың басынан бері қазақстандық жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін ҚХР-дың көлік құралдарының 165 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 9 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салыныпты. 

«Ақылы жолдардың ақысын төлемейді», – деген тұжырымға да Үкімет жауап берді. Оның түсіндіруінше, қазір ақылы автомобиль жолдарымен жүру жүйелері, сондай-ақ таразылайтын жүк көлік құрал­дарының стансалары өткізу пунктеріндегі электронды кезек жүйесімен интеграция­ланған. Тиісінше, шетелдік көлік ақылы жолдарға берешек болып қалса, ол шекара­дан ары асып шыға алмай қалады. Жүйе осылай тасымалдаушылардың төл міндет­темелерін орындауын бақылауды қамтамасыз ететіні алға тартылды.

Әйткенмен, Үкімет ҚХР көліктерін елімізге кіргенде, жергілікті сақтандыру компанияларынан сақтандыру полистерін сатып алуға міндеттеуден бас тартты. Ондағы уәжі: қаласа, өз бетінше рәсімдей алады. «Қазақстанға уақытша кіретін көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкер­шілікті міндетті сақтандыру шартын сақтандыру компаниясының кеңсесіне өзі барып немесе қашықтан электрондық форматта және шекара маңындағы аудан­дарда орналасқан сақтандыру ұйым­дары арқылы ресімдеуге мүмкіндігі бар», – деп қысқа қайырды бұрынғы Үкімет.

Атап өтер жайт, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын, сондай-ақ сақтандыру туралы заңның жаңа редакциясын әзірлеп жатыр. Салалық жаңа заң жобасын алда Құрылтай депутат­тары қарайды деп жоспарланған. Оның шеңберінде жол жүрісіне қатысу­шыларды сақтандыру және қорғау тетіктерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылмақ. 

Шетелдік автокөліктердің жүріс-тұрысы қандай елден келгеніне қарамастан, баршаға ортақ талаппен өлшенуге тиіс. Елге кірген әрбір машина Қазақстанның заңнамасын, жол жүрісі қағидаларын және қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтағанда ғана қара жолда өзара құрмет пен теңдік қағидаты үстемдікке ие болады. Жол – діттеген жеріне аман-сау жету үшін бәріне бірдей жауапкершілік жүктейтін кеңістік. Ендеше ұлтына, нәсіліне, басқа нышанына қара­мастан әрбір адамның заң алдында тең екені сияқты трасса мен көшедегі қозға­лыстың әрбір қатысушысы да бірдей жауап­кершілік арқалауы қажет.

Елдос СЕНБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 17:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары