Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Тәртіп пен тыныштық тірегі

Тәртіп пен тыныштық тірегі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев құқық­тық тәртіпті нығайтуды мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде айқындағаны белгілі. Бұл орайда «Заң мен тәртіп» қағидаты енгізіліп, полиция қызметінде профилактикаға негізделген жүйелі тәсіл қалыптасып келеді. Қызметті ұйымдастыру тетіктері жетілдіріліп, заңнамалық база кезең-кезеңімен жаңартылуда. Мысал ретінде, буллингке, отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты өзгерістер мен про­фи­лактика туралы жаңа заң жобасын айтуға болады. 

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданылып жатыр. Ішкі істер министрлігі ең алдымен елді мекендердегі жаппай бейнебақылау жобасын белсенді жүзеге асырды. 

Бүгінде «Елді мекендерді жаппай бейнебақылау» жобасы аясында елімізде 1,6 мил­лионнан астам бейнекамера орнатыл­ған. Оның ішінде 545 мың камера Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерге қосылған. Соның арқасында қалалар мен елді мекендердегі жағдайды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік туып отыр. 

Соңғы уақытта ашылған қылмыстардың көрсеткішіне назар салсақ, бейнекамералардың тиімділігі айқын көрінеді. Мәселен, әр кезеңде ашылған қылмыстық құқықбұзушылықтардың шамамен 66 пайызы дәл осы бейнебақылау құралдарының көмегімен анықталған. Бұл – цифр­лық технологиялардың ішкі істер саласындағы іс жүзіндегі маңызын көрсетсе керек.

Сонымен бірге ішкі істер саласында Ұлттық бейнебақылау жүйесі жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның басты мақсаты – еліміздегі әртүрлі бейнебақылау жүйелерін бір орталыққа біріктіру және оларға жасанды интеллект технологияларын енгізу. Осы жоба аясында 24 мыңнан астам бейнекамера жасанды интеллект негізіндегі аналитикамен жабдықталып, адамның бет-әлпетін тану, күмәнді заттарды анықтау, көлік қозғалысын талдау сияқты күрделі тапсырмаларды орындай алады. Қазіргі уақытта бұл жүйе еліміздің барлық өңірінде сынақтан өткізілуде.

Ол ең алдымен адамдар көп жүретін жерлердегі, яғни әуежайлар, теміржол вокзалдары, мешіттер, мектептер, ауруханалар, әкімшілік ғимараттар және тағы басқа нысандарға кеңінен орнатылуда. Осы жүйе қолданысқа енгізілгеннен бүгінгі күнге дейін 1 335 адам анықталып, ұсталды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты. Тәуелсіздік жылдарынан бері қылмыс деңгейі 49 пайызға төмендеп, кісі өлтіру деректері 4,5 есеге қысқарған. Осы жылдары халық саны 1,5 есеге артқанын ескерсек, бұл – ауқымды профилактикалық жұмыстың нәтижесі.

Жалпы, қылмысқа қарсы күресте нақты бағытталған бағдарламалар іске асырылуда. Атап айтқанда, кісі өлтіру, ұрлық, киберқылмыс пен интернет-алаяқтық, есірткі бизнесі, адам саудасы, экстремизмге қарсы іс-қимыл және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруде кешенді жоспарлар жүзеге асуда. Бұл жерде де оң динамика байқалады. Мысалы, 2025 жылдың өзінде қылмыс деңгейі 7 пайызға, яғни 6 мың дерекке азайған. Оның ішінде кісі өлтіру 20 пайызға, қарақшылық 28 пайызға, тонау 30 пайызға, бұзақылық 11 пайызға, ал ұрлық 24,5 пайызға төмендеген. Сонымен қатар бұрын сотталғандар тарапынан жасалған қылмыстар 9 пайыз­ға, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар 7 пайызға, көшелердегі қылмыстар  5 пайызға кеміген. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар да 16 пайызға қысқарған.

Дегенмен қылмыс – тек құқық қорғау органдарының мәселесі емес, ол әлеуметтік құбылыс. Оның деңгейіне экономикалық, көші-қон, мәдени және демография­лық факторлар тікелей әсер етеді. Жүргізілген талдаулар құқық бұзушылардың 80 пайызы  жұмыссыздар, үштен бірі  бұрын сотталғандар екенін көрсеткен. Ал адамға қарсы жасалатын қылмыстардың шамамен 30 пайызын алкогольді ішімдік ішкендер жасайды. Сондай-ақ заманға қарай қылмыстың табиғаты да өзгеріп жатқанын айта кету орынды. Себебі қазіргі қылмыстың 26 пайызы интернет-алаяқ­тықтың үлесінде. 

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу – бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілгенімен, түйткілді тұстар әлі де аз емес сияқ­ты. Министрліктің мәліметінше, биылдың өзінде кәмелетке толмағандар арасында 1600 қылмыс тіркелген. Оның басым бөлігі – ұрлық, бұзақылық, тонау және есірткіге қатысты құқықбұзушылық­тар. Мамандар мұның басты себебін ата-ана бақылауының әлсіреуінен көреді. Түнгі уақытта балалардың қараусыз жүруіне байланысты 107 мың ата-ана жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 1 900 ойын-сауық мекемесінің иесі жазаланса, қараусыз қалған 4 200 бала бейімдеу орталықтарына жеткізілген. 5 100 бала және өз міндетін жүйелі түрде орындамайтын 6 400 ата-ана арнайы есепке алынған.

Кез келген қылмыстың себебі  қоғамның түрлі салаларымен тығыз байланысты.  Сондықтан Ішкі істер министрлігі қылмыстылықты тұрақты түрде төмендету үшін тек полицияның ғана емес, барлық мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам­ның бірлескен іс-қимылы қажет деп санай­­ды. Ол министрлік әзірлеген 2024-2028 жылдарға арналған Қоғамдық қауіп­­­­сіздікті қоғаммен әріптестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасында көрініс тапқан.

Сол себепті соңғы уақытта салаға белсенді азаматтарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық бірлестіктермен жүйелі түрде жұмыс атқарылуда. Бүгінде көшелерде 4 700 қоғамдық көмекші азаматтарға қолдау көрсетуде. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждерде 1 264 студенттік отряд қызмет етіп, тұрғын үйлерде консьерждер, ал ауылдық жерлерде «Сақшы» және «Сарбаз» жасақтары жұмыс істейді. Олардың көмегімен 307 қылмыс ашылып, 15 мың құқықбұзушылықтың жолы кесілген.

Халықпен байланысты нығайтудың бір тегігі ретінде облыстық, қалалық және аудан­дық деңгейдегі басшылар мен учас­­келік инспекторлардың былтыр 16 мың есептік кездесу мен жиын өткізгенін атап өтуге болады. Сондай-ақ мамандар 90 мың үй чаттарына кіріп, құқықбұзушылық туралы хабарламаларға жедел әрекет жасаған.

Дегенмен полиция қызметінің өз ішінде де шешімін күткен мәселелер бар. Қазір 4,5 мың учаскелік инспектор және патрульдік полиция қатарына 8 мыңнан астам штат жетіспейді. Ал бірқатар өңірде учаскелік полиция пункттері жоқ. Учас­келік полиция қызметкерлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі де жеткіліксіз:  2 мыңға жуық автокөлік, 2,5 мыңға дейін компьютер және 2 мыңнан астам радиостанция тапшы. 

Полиция қызметі – тәуекелі зор, қауіпті сала. Бұл сөзімізді дәлелдеу үшін соңғы 35 жылда қызметтік міндетін атқару кезінде 825 қызметкердің қаза тауып, 4 700-і жарақат алғанын айтсақ та жеткілікті. Бұл жағдай полицейлердің қоғам қауіпсіздігі жолындағы жанқиярлық еңбегін айқын көрсетеді.

Сөз соңында айтарымыз, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың және қауіп­сіздіктің кепілі болып отырған мамандарға жүктелген міндеттің салмағы жеңіл емес. Олардың дер кезінде әрекет етуі мен профилактикалық жұмыстары кез келген құ­қықбұзушылықтың алдын алуға жол ашады. Әйтсе де, заң мен тәртіпке қатыс­ты қағидаттарды сақату қоғамның өзінен де талап етілуі керек. 

Омар ҰЛАРБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see172

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see154

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see152

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see151

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see150

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see149

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see148

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see148

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see148

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see147

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see147

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see147

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see146

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see146

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see145

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see144

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see144

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see144

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see144

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see143
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары