Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Бейбітшілік пен бірліктің берік тірегі

Бейбітшілік пен бірліктің берік тірегі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Мыңжылдық тарихы бар кең-байтақ жеріміз көптің ортақ шаңырағына айналды. Олардың тілі, мәдениеті, дәстүрі мен өнері арқылы ұлттың рухани байлығы еселеніп келеді. Бұл бірлік – еліміздің басты байлығы әрі мақтан тұтар құндылығының бірі.

Бүгінде 130-дан аса этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан Қазақ­стан­да өзара түсіністік пен төзімділік қағидаты қоғамның тұрақты дамуының кепіліне айналды. Әрбір азамат ұлттық болмысын сақтай отырып, өзін ортақ Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезінеді. Осы бірліктің символына айналған құрылым – Қазақ­стан халқы Ассамблеясы. 1995 жылы құрылған бірегей институтқа биыл 30 жыл толды. Ассамблея елдегі этно­мә­дени бірлестіктерді біріктіріп қана қоймай, мәдениеттер мен тілдердің сақ­талуына, азаматтар арасындағы өзара сыйлас­тық­тың орнығуына айрықша үлес қосып келеді.

Жетісу өңірінде бұл бағыттағы жұ­мыс ерекше қарқын алған. 2008 жылы Талдықорғанда ашылған Достық үйі – елімізде типтік үлгімен салынған алғаш­қы нысан. Ол бүгінде облыстағы бар­лық этномәдени бірлестіктердің басын бірік­тіріп, түрлі іс-шара мен кездесудің тұрақты алаңына айналған.

«2022 жылы облыстық қоғамдық даму басқармасы жанынан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Онда 35 қызметкер еңбек етеді, жұмыс алты бөлім мен бір филиал арқылы жүзеге асырылады. Облыстық Ассамблея құрамында 24 беделді тұлға бар. Олардың қатарында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Бөрібаев, облыстық мәслихат төрайымы Гүлнар Тойлыбаева, сондай-ақ қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттары Римма Салыкова, Константин Нестеров, Александр Хильниченко және Руслан Хасен-оглы бар», дейді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Еркебұлан Ақболатов.

Оның айтуынша, жастар арасындағы бастамаларды қолдау мақсатында 2021 жылдан бері «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы жұмыс істейді. Оның құрамында 50-ден аса белсенді жас бар. Олар мәдениетаралық жобалар әзірлеп, еріктілік пен әлеуметтік бастамаларды дамытуға атсалысып жатыр.

Этномәдени орталықтар да өңір өміріне белсене араласады. Әзер­байжан этномәдени орталығы «Астана – мем­ле­кеттік тілдің тірегі» атты дөңгелек үстел өткізсе, еврей, өзбек ор­талықтары «Қариялар – менің байлығым», «Астана – достық символы» атты игі шаралар ұйым­дас­тырған. Мұның бәрі – этнос­ара­лық татулықтың нақты іс жүзіндегі көрінісі.

Ассамблея қызметі тек мәдени бағыт­пен шектелмейді. Кейінгі жылдары бұл құрылым әлеуметтік жобалардың басты қозғаушы күшіне айналды. Өңірде қайырымдылық пен қамқорлық мәдениетін дамытып, нақты көмектер көрсетіліп жатыр. Мәселен, «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы қысқа уақыт ішінде 7 мыңнан аса аз қам­тылған және көпбалалы отбасына 30 млн теңгеден аса материалдық көмек көрсеткен.

Қаратал ауданында корей этномәдени орталығы мен «Диаспора мұрасы» қорының қолдауымен 70 үй тегін табиғи газға қосылды. Бұл – әлеуметтік әділдік пен өзара жанашырлықтың айқын үлгісі. Сонымен қатар Іскер әйелдер кеңесі мен меценаттар «Айналайын» балалар үйі тәрбиеленушілеріне, Аналар үйіндегі әйелдерге, соғыс ардагерлеріне және ерекше күтімге мұқтаж қарияларға тұрақты көмек көрсетіп келеді.

«Осындай жүйелі жұмыстар арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің нақты тетігіне айналды. Бұл ел ішіндегі татулықты сақтау ғана емес, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, мейірім мен бауырмалдықты күшейту бағытында да маңызды миссия атқарып келеді. Бір сөзбен айтқанда, Ассамблея – Қазақстандағы бейбіт өмір мен рухани тұтастықтың берік діңгегі. Бұл әр азаматтың жүрегіне ортақ ой – «Бірлігіміз – берекеміз» қағидасын ұялат­қан құрылым болып қала береді. 1995 жылы құрылған бұл институт елдегі бар­лық этнос арасындағы өзара түсініс­тік пен ынтымақтың ерекше алаңы бо­лып қа­лыптасты», дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Атсалим Идигов.

Мерейлі датаға орай Жетісу облысында да мәдени, білім беру және әлеу­меттік бағыттағы ондаған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың барлығының түпкі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, ұлтаралық диалогті тереңдету және жалпыадамзаттық құнды­лық­­­­тарды дәріптеу.

Мерейтой қарсаңында өткен ең әсерлі оқиғалардың бірі – «Бірлік жүгірісі» спорттық акциясы болды. Ол өңір тұрғындарын достық пен бейбіт өмірдің ортақ идеясы төңірегіне біріктірді. Сондай-ақ бейбітшілік пен келісімнің жаңа нышаны ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл алаң татулықтың мәң­гілік символына айналып, әр ұлттың өкілін ортақ құндылықтар рухында бірік­ті­ретін ерекше мәдени кеңістік болды.

Жастардың белсенділігі де – Ассамблея жұмысының маңызды бағыт­тарының бірі. «Ассамблея жастары» бірлестігі Талдықорған қаласындағы Тілдер сарайы маңындағы тұрғын үйдің қасбетіне салынған ерекше муралдың эскизін әзірледі. Онда Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі этностардың бейнелері, достық пен келісімнің нышандары, ұлттық өрнектер мен мерейтойлық элементтер үйлесім тапқан. Бұл жоба облыстық Ассамблея мен өңірдің шығармашылық қауымдастығының қолдауымен, жас суретшілердің қаты­суымен жүзеге асты және елдегі мәдени әралуандықтың көркем көрінісіне айналды.

Сонымен қатар Ассамблеяның үш онжылдық тарихына арналған деректі фильм мен арнайы кітап әзірленіп жатыр. Онда этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан тұлғалардың естеліктері мен өмір жолдары, ел бірлігі жолындағы еңбектері қамтылады.

Ассамблея қызметі арқылы қо­ғамда төзімділік, өзара құрмет және қолдау мәдениеті орнықты. Бұл мемлекеттік сая­саттың маңызды бөлігі ретінде этнос­тар­дың мәдениеті мен тілін сақтауға, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға айрық­ша ықпал етіп келеді. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – тек сим­волдық құрылым емес, бейбітшілік пен келісімнің нақты құралы, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және біртұтас қазақ­стандық ұлт қалыптастыруға бағыт­талған страте­гиялық институт.

Ассамблеяның отыз жылдық жолы – ел бірлігі мен татулығының, өзара сый­лас­тық пен сенімнің шынайы тарихы. Бұл тарих болашаққа бағытталған жарқын қадамдардың бастауы болмақ.

Жетісу облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары