Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әдеп пен білім қоғамның берік тірегі

Әдеп пен білім қоғамның берік тірегі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: Еgemen.kz / Ерлан Омар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қоғамдық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Мемлекет басшысы жастарды білім алуға, кітап оқуға, дүниетанымын кеңейтуге, заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуға үнемі шақырады. Президенттің айтуынша, елдің ертеңі – білімді әрі тәрбиелі ұрпақтың қолында. Бұл ұстаным қоғамның рухани дамуына бағытталған маңызды қағидалардың біріне айналды.

Мемлекет көтеріп отырған осы құндылықтарды діни қауым да қолдап, жұртшылық арасында әдептілік, білім және жауапкершілік тақырыптарын тұрақты түрде насихаттап келеді.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандықұлы мұсылманның сәлемдесу әдебі шариғатта нақты көрсетілгенін атап өтеді.

«Екі ер адам бір-бірімен кездескен кезде қол алысып амандасса жеткілікті. Алыс сапардан немесе көптен бері бір-бірін көрмеген адамдар болса, төс қағысып амандасуына рұқсат етіледі. Ал екі ер кісінің сүйісіп амандасуы немесе соған ұқсас артық әрекеттер – біздің дінімізде де, дәстүрімізде де құпталмайтын дүние», деді ол.

Амандас, замандас!

Имамның айтуынша, қарапайым амандасудың өзі адамның тәрбиесі мен мәдениетін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Дін де, қазақы салт-дәстүр де қарапайымдылық пен ұстамдылықты жоғары қояды.

Ал «Бір мұнаралы тас» мешітінің наиб имамы Абдулла Ержанұлы кез келген жетістік білімнен басталатынын ерекше атап өтті.

«Тәуекел жасау үшін мұсылман адамға ең алдымен білім керек. Құран Кәрімде түскен алғашқы әмір – «Оқы!». Демек, білім алу қандай да бір амалдан бұрын тұрады. Болашағымыз баянды болсын десек, өсіп келе жатқан ұрпақты ең алдымен білімді етіп тәрбиелеуіміз қажет», деді Абдулла Ержанұлы.

Оның айтуынша, білім мен әдеп - бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Нағыз білім адамды ізгілікке, жауапкершілікке және қоғам алдындағы міндетін дұрыс түсінуге жетелейді.

Осы ойды Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев те жалғастырады.

«Ең алғашқы аят – «Оқы». Ілім-ғылыммен басталады. Қазақта «Білімді адам мыңды жығады, білекті адам бірді жығады» деген сөз бар. Ілім алу – инемен құдық қазғандай, ал сол ілімге амал жасау – кірпікпен құдық қазғандай. Білімнің шамшырағы ешқашан сөнбеуі керек. Егер жастарымыз білімді болса, қоғамда сауатты адамдар алға шығады», дейді Амантай Садиев.

Күйеу баланың қайын жұртқа сәлем салуы дұрыс па? (видео)

Бас имам білімнің адамды тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да кемелдендіретінін атап өтті.

Ал «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Нұрсұлтан Уәлиұлы мұсылман мәдениетіндегі сәлемдесудің маңызына тоқталды.

«Шариғатымызда екі мұсылман кездескен кезде қол алысып, «Ассалаумағалейкум», «Уағалейкүмәссалам» деп амандасады. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Екі мұсылман кездесіп, қол алысса, қолдары ажырағанға дейін Алла Тағала олардың күнәларын кешіреді» делінген. Ал құшақтасып немесе сүйіп амандасуға қатысты сұрақ қойылғанда, Пайғамбарымыз «Жоқ» деп, тек қол алысып амандасуды құптаған», деді ол.

Бұл насихаттардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған. Ол – қоғамда тәртіпті, мәдениетті, білімді әрі жауапты азамат қалыптастыру. Сәлемдесу әдебінен бастап, білімге ұмтылуға дейінгі құндылықтардың барлығы қоғамдық келісімді нығайтып, адамдар арасындағы сыйластықты арттырады.

Қазақ халқы ежелден тәрбиені бірінші орынға қойған. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», «Тәрбие – тал бесіктен» деген нақылдар да осының дәлелі. Бүгінде бұл қағидалар мемлекеттік саясатпен де, діни насихатпен де үндесіп отыр.

Жастардың білімге ұмтылуы, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуі, қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлқы – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. Сондықтан әдеп пен білімді қатар дәріптеу – елдің болашағына салынған ең маңызды инвестициялардың бірі.

Иіліп сәлем салу − табыну емес

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 17:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары