Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Елдік рухты ұлықтаған QAISAR

Елдік рухты ұлықтаған QAISAR

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгінде QAISAR жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып, жас буынның әскери-патриоттық тәр­биесіне серпін беріп келеді. Мұндай бастамалар арқылы жастарға тарихи мұраны құрметтеу, ата-баба ерлігін ұлықтау және тәуелсіз елдің болашағына жауапкер­шілікпен қарау идеялары кеңінен наси­хатталуда. Себебі өткенін қадірлеген ұлт қана болашағын нық қалыптастыра алады. Осы бағыттағы маңызды іс-шаралардың бірі Түркістан облысының Арыс қаласында өтті. 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен және жергілікті әскери бөлімнің қолдауымен жастарға арналған танымдық экскурсия ұйым­дастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, олардың бойында патриоттық рухты күшейту және ел қорғау ісінің маңызын терең түсіндіру. Іс-шараға қоғам өкілдері, арда­герлер және партия белсенділері қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, облыс­тық мәслихат депутаты, Әйелдер қанаты­ның жетекшісі Қалыйма Жан­төреева, запастағы подполковник Жаңабай Ме­дет­беков, сондай-ақ өңірдің ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, жас буынмен тәжірибе бөлісті.

Экскурсия барысында әскери бөлім қызметкерлері жастарға әскери өмірдің ерекшеліктерін таныстырып, қару-жарақ пен әскери техникалардың мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет берді. Жастар сарбаздардың күнделікті тұрмыс-тір­шілігімен танысып, әскери қызметтің тәртібі мен жауапкершілігін өз көздерімен көрді. Бұл олардың әскери салаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ел қорғау ісінің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Кездесу барысында Қалыйма Жантөреева жастарға арнап мазмұнды сөз сөйлеп, патриоттық тәрбиенің маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі жастар елдің ертеңгі тірегі, сондықтан олар­дың бойында отансүйгіштік қасиет­терді қалыптастыру баршаның ортақ міндеті.

– Отан қорғаушылар күні – әскери қызметшілердің ғана емес, ел тыныштығы мен қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген әрбір азаматқа көрсетілетін құрмет. Бүгінгі жас – ертеңгі ел қорғаны. Сондықтан жас­тар жауапкершілікті сезініп, тәртіп пен адалдықты басты ұстаным етуге тиіс. Осындай іс-шаралар арқылы біз олардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арт­тырып, азаматтық ұстанымын қалыптас­тырамыз, – деді ол.

Іс-шара барысында жастар әскери қызметтің қыр-сырын жан-жақты меңгеріп, оны тәртіп пен талап қана емес, үлкен жауапкершілік пен кәсібилікті қажет ететін сала екенін түсінді. Сонымен қатар олар командалық жұмыс, көшбасшылық, жедел шешім қабылдау сияқты маңызды дағдылардың маңызын ұғынды. Экс­курсияға қатысқан жастар әскери анттың мәнін терең түсініп, Отан қорғау ар-намыс пен жауапкершілікке негізделген қасиетті ұғым екенін сезінді. Бұл олардың бойында елге деген құрметті арттырып, азаматтық позициясын нығайтты. Жалпы алғанда, QAISAR жобасы аясында өткен бұл танымдық экскурсия – жастар тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын тағылымды шаралардың бірі. Мұндай бастамалар жас ұрпақты елжанды, білімді, жауап­кершілігі жоғары азамат етіп қалыптас­тыруға бағытталған нақты қадам болып табылады.

Аталған жоба ұлттық рухты жаңғыртып, жас буынды ел болашағы жолында қызмет етуге жігерлендіретін тиімді тетікке айналып отыр.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 06:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары