Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Ұлттық рухты ұлықтаған турнир: ENU BARYSY 2026 жеңімпаздары анықталды

Ұлттық рухты ұлықтаған турнир: ENU BARYSY 2026 жеңімпаздары анықталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына арналған студенттер арасында қазақ күресінен республикалық «ENU BARYSY – 2026» турнирі өтті. Аталған жарыс University Sports Centre спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Бұған дейін тек университет қабырғасында өткізіліп келген бұл дода биыл республикалық деңгейге көтеріліп, еліміздің әр өңірінен келген командалардың басын қосты. Турнирге Астана медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақ ұлттық спорт университеті, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында ЕҰУ стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысының қолдауымен бұқаралық спорт кеңінен дамып, салауатты өмір салты қоғам құндылығына айналып келеді. Қазақ күресі – ұлттық спорт түрлері ішінде ерекше орын алады. Бүгінде әлемнің 40-тан астам елінде федерациялар құрылып, ұлттық күресіміз дамып келеді. Бұл спорт түрі жылдамдықты, ептілікті, күш пен айла-тәсілдерді ұштастырады. Еліміздің мерейін асқақтатқан самбошы, түйе палуан, «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров – біздің университеттің түлегі. Бүгінгі жарыстан оның ізбасарларын көреміз деп сенеміз. Бұл – қажыр мен қайраттың, ерлік пен намыстың жеңісі», - деп атап өтті проректор.

Турнирге құрметті қонақ ретінде күш өнерін дәріптеуші, пауэрлифтинг, армлифтинг және пауэрспорт түрлерінен 17 дүркін әлем чемпионы, 17 дүркін әлем кубогының иегері, 5 дүркін Азия чемпионы, 18 дүркін әлем рекордшысы, Балуан тас ұлттық спорт пен мәдениет академиясының құрметті президенті Арман Сүлеймен қатысты. Ол боз кілемге шығатын балуандарға сәттілік тілеп, ұлттық спорттың мән-маңызына тоқталды.

«Қазақ күресі – тек күш сынасу емес, бұл – рух биіктігінің, жігердің және ұлттық болмыстың айқын көрінісі. Әрбір балуан боз кілемде ел намысын арқалап, бабалар аманатын жалғайды. «ENU BARYSY – 2026»  турнирі – сол дәстүрдің жалғасы, жастарды батылдыққа, төзімділікке және жеңіске деген жігерге тәрбиелейтін маңызды алаң», - деді халық арасында Тас балуан атымен танымал Арман Сүлеймен.

ЕҰУ спорт клубының төрағасы Данияр Рахимжанов турнирдің маңызын ерекше атап өтті:

«ENU BARYSY – 2026 – жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелейтін маңызды сайыс. Кіл мықтының ішінен кім мықты екені турнир қорытындысында анықталады», - деді ол.

Жарыс университет басшылығы мен ENU эндаумент қорының қолдауымен командалық форматта өтті. Әр команда құрамында үш жігіт және екі қыз болды. Салмақ дәрежелері: ерлер арасында – 60 кг, 74 кг, 90 кг; қыздар арасында – 60 кг және 65 кг. Белдесулер бетпе-бет жүйе бойынша ұйымдастырылды. Боз кілем үстіндегі додаға елімізге танымал жаттықтырушылар төрелік етті және «Akan Building» құрылыс компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер, ЕҰУ түлегі Бақытжан Ақан бас демеушілік көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті иеленіп, «ENU BARYSY – 2026» атағына ие болды. Екінші орын Қазақ ұлттық спорт университетіне бұйырса, үшінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қанжығасына байлады.

Жеңімпаз командалар чемпиондық белбеулермен және ақшалай сертификаттармен марапатталды:

I орын – 500 000 теңге 

II орын – 350 000 теңге 

III орын – 250 000 теңге 

Айта кету керек, аталған турнирдің ақтық ойындарын Түрікменстаннан  ЕҰУ-ға арнайы келген делегация мүшелері де тамашалап, боз кілемдегі рух пен намыстың «найзағайын» көрді. Жеңімпаздарға марапатты ЕҰУ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов, «Akan Building» құрылыс компаниясы басшысының орынбасары Тағажай Қайрат, ЕҰУ стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов тапсырды.  «ENU BARYSY – 2026» турнирі жас таланттардың танылып, жаңа есімдердің жарқырай көрінуімен есте қалды және алдағы уақытта ұйымдастырушылар бұл турнирді халықаралық деңгейге көтермек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 00:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары