Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

Фитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

​ChatGPT әзірлеушілері мен AliExpress Қазақстанда салықтан қашып құтылмады

Футболдан ӘЧ 2026: Винисиус Бразилия құрамасына ірі жеңіс сыйлады

Бокстан Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: Қазақстанның тағы үш өкілі жартылай финалға шықты

Бұрынғы ҰҚК басшысының күйеу баласы жаңа істің ортасында қалды

Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы медальға таласады

ҚазАвтоЖол жол пайдаланушыларға үндеу жасады

Алжир футбол федерациясы Месси мен төрешінің үстінен шағым түсірді

1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33 % ке қымбаттайды

Семсерлесуден Азия чемпионаты: үш қазақстандық спортшы 1/8 финалға дейін жетті

Алматыда ірі базар сүрілді әкімдік себебін түсіндірді

ІІМ: Бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды

Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды

Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі

Жолдағы жауапкершілік күшейеді

Жолдағы жауапкершілік күшейеді

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Екінші оқылымда газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңдар қабылданды. Қытаймен арадағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім ратификацияланды.

Мәжіліс «Топырақты қорғау туралы» де­­путаттық заң жобасы мен ілеспе тү­зету­лерін бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобаларын депутат, бастама автор­ларының бірі Нұржан Әшімбетов та­ныс­тыр­ды. 

– Заң жобасында «Топырақ» ұғымы рет­­теудің жеке объектісі ретінде қарас­ты­­рылған. Осыған байланысты оны сақ­тау­дың бірыңғай ережелері, дегра­дация­дан қорғаудың тиімді тетігі әзір­ленді. Топырақ – жердің бір бөлігі ғана емес, күр­делі биологиялық жүйе, тұтас­тай ал­ғанда бүкіл экожүйенің негізі, оның жағ­дайы климатпен, сумен және био­ресурс­тармен тікелей байланысты. Топырақты сақтауда ғылымның рөліне ерек­ше назар аударылады, – деді де­пу­тат.

Нұржан Әшімбетов бүгінде ауыл шаруа­шылығы алқаптарын цифрлан­дыру 100 % аяқталғанын баса айтты. Заң жобасында аграрлық сала мамандарына жер учаскелерінің цифрлық паспортын беру ұсынылады. Онда шекаралар мен өлшемдер туралы мәліметтер ғана емес, со­­нымен қатар топырақтың сапасы тура­лы деректер де болады. Кейін шаруа­лар­дың өздері топырақтың жай-күйіне тұ­рақ­ты түрде агрохимиялық талдау жүр­гізу­ге міндетті болады. Сапа көрсет­кіш­те­рі­нің төмендеуі оларға қатысты жауап­кершілік шараларына әкеп соғады.

Бұдан бөлек, жерді пайдаланушылар жұ­мыс барысында топырақтың құнарлы қа­батын сылып алуға, оның дұрыс сақ­талуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету­ге міндеттеледі, оны басқа жерге шы­ғару­ға тыйым салынады. Сондай-ақ ауыс­палы егісті қолдануды және ғылыми не­гізделген жүйеге сәйкес тыңайтқыш се­бу сынды топырақтың құнарын қал­пы­на келтіру бойынша міндетті шаралар ен­гізіледі. Қосымша ретінде топырақты су астында қалудан, батпақтанудан, қай­та сортаңданудан, тозудан, құрғаудан жә­не тығыздалудан қорғау талаптары, сон­дай-ақ деградацияға ұшыраған жер­лерді қалпына келтіру шаралары бекі­ті­леді.

Талқылау барысында депутаттар баян­дамашы мен жауапты мемлекеттік органдардың өкілдеріне бірқатар нақты сұ­рақ қойды. Олар өңірлердің тыңайт­қыш­тарды қолдану жүйесінің дайын­ды­ғына, мамандандырылған зертханалар­дың бар-жоғына, сондай-ақ ауа райы мен климаттық жағдайларды ескере отырып бел­гіленген талаптардың сақталуын тиім­­ді басқаруға назар аударды. Топы­рақ­тың құнарлы қабатын сыртқа шы­ғару­ға тыйым салудан бас тарту туралы ше­шімге және жердің құнарлығын сақ­тау мен қалпына келтіруге бағытталған ша­ра­­ларға ерекше тоқталды.

Заң жобаларына қатысты талқылаулар Нұржан Әшімбетов жетекшілік ететін жұ­мыс тобының отырыстарында жал­ға­сады.

Сондай-ақ жол қауіпсіздігін цифр­лан­дыру және жүргізушілерді даярлау са­ласындағы кәсіпкерлік қызмет мәсе­ле­лері бойынша депутаттық түзетулер бірін­ші оқылымда мақұлданды. Әріп­тес­терін заң жобасының негізгі ережелерімен Мә­жілістің Экономикалық реформа жә­не өңірлік даму комитетінің хатшысы, бас­таманың авторы, жұмыс тобының же­текшісі Екатерина Смышляева таныс­тырды.

Депутат жобада жол қозғалысы ере­же­лерінің бұзылғанын анықтайтын және тіркейтін техникалық құралдарды пай­далану тәртібі нақтыланатынын айтты. Құралдар автожолдарға және мемлекеттік органдардың, жедел жәрдем қызметтері­нің, сондай-ақ тұрақты жолаушылар та­сы­малын жүзеге асыратын тасымалдау­шылардың көліктеріне орнатылатын болады.

– Сонымен қатар көлік құралын жүр­гізу­шілерді даярлайтын оқу ұйымдары­ның қызметіне мемлекеттік бақылауды кү­шейту ұсынылады. Атап айтқанда, ав­томектептердің қызметіне рұқсат беру тәр­тібі енгізіледі. Рұқсат алған оқу ұйым­дарының мемлекеттік тізілімін құру ұсы­нылады, бұл мектептерді алдағы уақытта да бақылап отыруға жол ашады, – деді Ека­терина Смышляева.

Заң жобасында медициналық дерек­терді Ішкі істер министрлігінің авто­мат­тандырылған дерекқорларымен интег­ра­циялау қарастырылған. Бұл шаралар кө­лік жүргізуге медициналық тұрғыда те­ріс көрсеткіштері бар адамдардың кө­лік тізгіндеу ықтималдығын жояды.

Түзетулердің жеке блогы жеке дерек­тер­ді қорғау мен киберқауіпсіздік мә­се­ле­леріне арналды. Екатерина Смы­шляева өзгерістер азаматтардың жеке де­ректерін қорғау туралы конституция­лық норманы іске асыру мақсатымен қа­былданғанына назар аударды. Атап айтқанда, жеке деректер операторларын шағын, орта және ірі деп жіктеу, сондай-ақ жария болып кеткен жеке деректердің тізілімі енгізіледі. Бұл тізілім азаматтарға өздерінің қандай жеке деректері ашық тарап кеткенін немесе деректердің тарап кеткенінің теріс салдары болуы ықтимал екенін біле алады.

Сонымен қатар жеке деректерді жа­рия­лау және алмасу кезінде оларды қор­ғауға қатысты талаптар күшейтіледі. Аза­маттардың өз жеке деректерін көп­ші­лікке қолжетімді дереккөздерде жария­лау­ға беретін келісіміне қойылатын та­лап­тар нақтыланады.

Бұдан бөлек, цифрлық инфра­құры­лым­ның аса маңызды нысандарына мем­­лекеттік бақылау жасау функция­ларын қайта бөлу ұсынылады. Оны бас­қару саясатын Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құзыре­тін­де қалдыру, ал мемлекеттік бақылау фун­кцияларын Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетіне беру көзделуде.

Талқылау барысында депутаттар жеке деректерді қорғау бойынша қолданыстағы нормалардың тиімділігін арттыру, ақ­парат­тың жылыстауының алдын алу шара­ларын күшейту қажеттігін айтты. Кли­маттық ерекшеліктерді ескере оты­рып, қысқы кезеңде автокөліктерді жы­лы­ту­ға қатысты тыйымды қайта қарау мүм­кіндігі талқыланды. Мәжіліс депу­тат­тары жүргізушілерді даярлау саласын­дағы мәселелерге, соның ішінде авто­мек­тептердегі сыбайлас жемқорлық сын-қатерлеріне де назар аударды. Бұдан бөлек, жалған мемлекеттік тіркеу нөмір­лерін пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесі көтерілді.

Барлық ұсыныс Екатерина Смыш­ляева­­ның жетекшілігімен жұмыс тобы­ның отырыстарында қаралатын болады.

Депутаттар бастамашы болған аңшы­лық саласы және жануарлар дүниесін сақ­тау мәселелері туралы заң жобасы бірін­ші оқылымда қаралды. Құжаттың мақ­саты – жабайы табиғатты орнықты пай­далануды қамтамасыз ету, биоалуан­дықты сақтау және осы саладағы мемле­кет­тік басқарудың тиімділігін арттыру.

Мәжіліс депутаты, құжат автор­лары­ның бірі Дүйсенбай Тұрғанов заң жоба­сын­да аң аулауға қойылатын талаптар кү­шейтілетінін, атап айтқанда, тыйым салу шаралары тізбесі кеңейтілетінін ха­барлады. Бұл норма аңшылықпен не­ғұр­лым жауапкершілікпен айналысуды қам­тамасыз етуге және жануарлар дүние­сіне шамадан тыс жүк түсірудің алдын алуға бағытталған.

– Заманауи техникалық құралдарды, со­ның ішінде ұшқышсыз ұшу аппарат­та­рын, түнде көру құрылғыларын және өзге де құрылғыларды пайдалануға шек­теу енгізіледі. Сонымен қатар қорық­шы­лық қызмет институты мен мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Қорықшыларды мін­детті түрде даярлау қарастырылып, олар­дың өкілеттіктері кеңейтіледі, – деп түсін­дірді депутат.

Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс де­путаты, жұмыс тобының жетекшісі Аян Зейнуллин биологиялық тепе-тең­дік­ті сақтау үшін жануарлар дүниесі объектілерінің санын реттеу және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген түр­лерді есепке алу тәртібі енгізіліп жат­қанын айтты. Мемлекеттік табиғи қау­малдарда жануарларды өсіруді дамыту бойын­ша, сондай-ақ заңсыз ауланған жануарларды заңдастыруға жол бермеу мақ­сатымен қолда және жартылай ерікті жағ­дайларда ұсталатын жануарларды тір­кеу тәртібін белгілеу бойынша уәкілет­ті органның құзыреттері айқындалады.

Заң жобасының жеке блогында жа­нуар­лар дүниесі және жануарларға қарау саласындағы құқықбұзушылықтар үшін әкім­шілік және қылмыстық жауап­кер­ші­лік күшейтіледі. Дүйсенбай Тұрғанов­тың айтуынша, ақбөкен дериваттарының заң­сыз айналымы үшін санкциялар ен­гізіледі, құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге қатысты лауазымды тұлғалардың өкілеттіктері кеңейтіледі.

Бұдан бөлек, Президенттің тапсыр­ма­сын орындау мақсатымен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жауапкерші­лік айтарлықтай артады. Осыған бай­ла­ныс­ты құ­жатта жануарларға қасақана ауыр­сыну тудырғаны, жарақаттағаны не­месе олар­дың өліміне себеп болғаны үшін әкім­ші­лік жазаны қатаңдату қарас­тырылған. Мұн­дай құқықбұзушылықтар үшін айып­­пұл көлемі ауырлық дәрежесіне қарай сараланып, бірнеше есе артады. Қайталанса немесе ауыр бұзушылықтар жағдайында қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі.

Жаза ретінде 2000 АЕК-ке дейінгі айып­пұлдар, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Ауыр­ла­та­тын мән-жайлар болған жағдайда – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды ат­­­­қару немесе белгілі бір қызметпен ай­на­лысу құқығынан бес жылға дейінгі мер­зімге шектей отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостан­ды­ғын шектеу, не болмаса сол мерзімге бас бос­тандығынан айыру жазасы қолда­ны­лады. Сондай-ақ құқықбұзушылық құ­рал­дарын тәркілеу және болашақта жа­нуар­ларды ұстау құқығынан айыру сияқ­ты қосымша ықпал ету шаралары да қарастырылған.

Жалпы отырыс барысында 2025 жыл­ғы 16 маусымда Астана қаласында жа­сал­ған Қазақстан мен Қытай үкіметтері ара­сындағы инвестицияларды көтерме­леу және өзара қорғау туралы келісім ратификацияланды. Құжат инвестиция­лық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жа­сауға, тікелей шетелдік инвестиция ағы­нын ынталандыруға және екі елдің экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Оны депутаттарға Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров таныстырды.

Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс­тің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, жұмыс то­бының жетекшісі Айгүл Құспан келісім ая­сында екі ел инвесторлары үшін әділ жән­е тең құқықты режім қамтамасыз еті­летінін, сондай-ақ инвестициялық дау­ларды шешудің ашық тетігі жасалаты­нын жеткізді. Оның айтуынша, бұл Қы­тай­дағы қазақстандық инвесторлар мен Қазақстандағы қытайлық инвесторлар өз құқықтарын қорғаудың нақты, түсінік­ті және ортақ кепілдігін алатынын біл­діре­ді, сын-қатерлер азайып, іскерлік ор­та­ның болжамдылығы артады және се­нім нығаяды.

Мәжіліс газбен жабдықтау және тауар­лық газды үнемді тұтыну мәселелері ту­ра­лы заңды екінші оқылымда қабыл­дады. Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Вера Кимнің айтуынша, не­гізгі нормалар газ есебін цифрландыруды және оның ашықтығын арттыруды, сон­дай-ақ газ тарату ұйымдарының қызметін мем­лекеттік реттеуді күшейтуді қамтиды. Со­нымен қатар бағаны белгілеу тәсілдері қайта қаралып, газ саласындағы ұлттық оператор тарапынан газдандырудың бюд­­жеттік жобаларының іске асырылуы­на бақылау күшейтіледі.

Бұдан бөлек, түзетулер бір газ тарату жүйе­сі арқылы бірнеше ұйымның тауар­лық газды бір мезгілде тасымалдауына тыйым салады. Газ таратушы компа­ния­лар үшін магистральды газ құбырларына тікелей қосылу талабы белгіленіп, газ тара­ту инфрақұрылымының жекелеген ны­сандарын салу мүмкіндігі беріледі.

Депутаттардың сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңы екінші оқылымда ілеспе түзетулері­мен бірге қабылданды. Құжат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы саясатының 2022-2026 жыл­дарға арналған тұжырымдамасында айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әзірленген. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­те­тінің хатшысы, жұмыс тобының жетек­шісі Айдос Сарымның айтуынша, түзету­лер арқылы мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу институты жетіл­діріледі.

Осылайша, заң аясында бұл жұмыс­тағы әдеп жөніндегі уәкілдің, комплаенс-қызметтің және персоналды басқару қыз­метінің рөлі артады. Лауазымдық өкі­леттіктерді жеке мүдделер үшін пай­далануға жол бермеу түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізіледі. Лауазымды тұлғалардың сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-әрекет шараларын қолданбағаны үшін жауапкершілігінің құқықтық тетіктері жетілдіріледі.

Сонымен қатар пара талап ету, уәде беру немесе ұсыну қылмыстық сипатқа ие болады. «Тұрмыстық жемқорлықты» жою үшін мемлекеттік қызметшіге неме­се соған теңестірілген тұлғаға жатпайтын мемлекеттік органдар мен басқа да ұйым­дар қызметкерлерінің ірі мөлшерде не­месе бопсалау арқылы заңсыз сыйақы алға­ны үшін қылмыстық жауапкершілік қа­таңдатылады. Мұндай тұлғаларға сыйа­қы бергені үшін де қылмыстық жауап­кершілік енгізіледі. Сондай-ақ заң­ды тұлғалардың мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларды са­тып алуға (пара беруге) талпынғаны үшін жауапкершілігі күшейтіледі.

Бұдан бөлек, Мәжіліс Сенаттың «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне жануарларға жауап­кер­шілікпен қарау мәселелері бойынша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заңына енгізген түзетулерімен келісті.

Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының же­тек­шісі Ерболат Сатыбалды атап өткен­дей, Парламент Сенаты қаралып отырған заңға иесіз жануарлардың санын реттеу мәселелерін жергілікті өкілді органдардың деңгейіне беруге қатысты бірқатар нақтылаушы түзетулер енгізді. Сондай-ақ «иесіз жануарлар» ұғымы нақтыланып, ветеринариялық қорытын­ды негізінде жануарларды жансыздан­дыру туралы шешім қабылдау туралы нор­ма толықтырылды және басқа да өз­герістер енгізілді.

Жалпы алғанда, Мәжіліс қабылдаған заң­ның тұжырымдамасы өзгермейді, тү­зе­тулер тек нақтылау сипатына ие. Бұ­рал­­қы иттерді қайтарымсыз аулау моделі сақталады.

Жалпы отырыс барысында Мәжіліс «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конс­титуциялық заң жобасын жұмысқа алды, ол бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына мә­жілісмендер арасынан кандидатуралар келісілді.

Бұдан бөлек, салалық комитеттер Са­лық кодексіне енгізілетін түзетулерді, сон­дай-ақ Қазақстан мен Сингапур арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді және Халықаралық жолмен жүк тасы­малдау шарты туралы конвенцияны ра­ти­фикациялау жобаларын жұмысқа қа­был­дады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 06:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

19 Маусым 2026 14:01see124

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest 2026 басталды

19 Маусым 2026 18:35see123

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

19 Маусым 2026 14:57see122

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

19 Маусым 2026 11:18see121

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

19 Маусым 2026 12:54see120

Фитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды

20 Маусым 2026 18:39see119

Тәжікстан тұрғындарына күтпеген іспен 20 минут айналысу міндеттелді

19 Маусым 2026 15:15see116

​ChatGPT әзірлеушілері мен AliExpress Қазақстанда салықтан қашып құтылмады

20 Маусым 2026 18:39see116

Футболдан ӘЧ 2026: Винисиус Бразилия құрамасына ірі жеңіс сыйлады

20 Маусым 2026 10:38see113

Бокстан Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: Қазақстанның тағы үш өкілі жартылай финалға шықты

19 Маусым 2026 17:16see112

Бұрынғы ҰҚК басшысының күйеу баласы жаңа істің ортасында қалды

20 Маусым 2026 18:38see110

Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы медальға таласады

19 Маусым 2026 22:10see110

ҚазАвтоЖол жол пайдаланушыларға үндеу жасады

19 Маусым 2026 13:40see109

Алжир футбол федерациясы Месси мен төрешінің үстінен шағым түсірді

20 Маусым 2026 15:14see109

1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33 % ке қымбаттайды

19 Маусым 2026 14:16see109

Семсерлесуден Азия чемпионаты: үш қазақстандық спортшы 1/8 финалға дейін жетті

19 Маусым 2026 18:44see109

Алматыда ірі базар сүрілді әкімдік себебін түсіндірді

20 Маусым 2026 12:33see109

ІІМ: Бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды

19 Маусым 2026 13:34see108

Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды

19 Маусым 2026 12:53see107

Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі

19 Маусым 2026 15:20see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары