Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Халықпен бірге! сайлауалды бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылуда

Халықпен бірге! сайлауалды бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылуда

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Отырысты Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Павел Казанцев жүргізді. Сондай-ақ жиынға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Комитет мүшелері Абай Тасболатов, Майра Айсина, Санира Жүсіпова, партияның Орталық аппараты Партиялық бақылау департаментінің директоры Дәурен Бижуманов, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов, басқарма басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.

Комитет төрағасы Павел Казанцев партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған міндеттердің ойдағыдай орындалуына жіті бақылау жүргізудің маңызына тоқталды.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру – бұл ең алдымен азаматтар алдындағы жауап­кершілік. Біздің міндетіміз – Жол кар­тасының әрбір тармағына тиімді әрі әділ бақылау жүргізу. Барлық бастама нақты нәтиже беріп, тұрғындар оң өзгерістерді сезінуге тиіс, – деді ол.

Осы орайда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндап, Жол картасы жоспарлы түрде жүзеге асы­рылып жатқанын атап өтті.

– Өңір тұрақты экономикалық өсімді көрсетіп отыр. 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешен өнімінің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті, мал шаруашылығы, қайта өңдеу және өнеркәсіп салаларында инвес­ти­циялық жобалар жүзеге асырылуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Индустриялық аймақтар дамып келеді, онда жалпы құны 2,7 трлн теңге болатын жобалар пулы қалыптас­тырылған. Тұрғын үй саласын­да 2026 жылы шамамен 1300 отбасын пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, спорттық және мәдени нысандар салу жалғасуда, – деді облыс әкімі.

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспали­новтың айтуынша, әлеуметтік нысандардың уақытылы және сапалы салынуына, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді игерілуіне ерекше назар аударылады.

– Ақмола облысында Жол картасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыттарда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Осы уақыт аралығында 19 жаңа мектеп салынып, оқушыларға заманауи әрі жайлы жағдай жасалды және оқушы орындары тапшылығы айтарлықтай азайды. Ауылдық жерлерде 38 жаңа медициналық нысан пайдалануға беріліп, шалғай елді мекендердегі тұрғындар үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі артты. Сонымен қатар 60-тан астам ауылдық елді мекенде су құбыры желілері тартылды. Бұл қадам сапалы ауызсуға қолжетімділікті арттырып, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға ықпал етті, – деді Берген Беспалинов.

Ол партиялық бақылау комиссиясы мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп жатқанын атап өтті. Мониторинг қоры­тындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жедел жоюға және орындаушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленеді.

Отырыс барысында Комитет мүшелері Жол картасындағы жекелеген тармақтарға қатысты бірқатар ұсыныс айтып, жобаларды уақытылы жүзеге асыру, мониторинг жұмысын күшейту және орындаушылардың жеке жауапкершілігін арттыру қажет екеніне назар аударды.

Талқылау барысында партияның бағдарламалық міндеттемелерін орындаудың негізгі индикаторлары, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындардың тұрмысын жақсарту мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша анық­­­­талған кемшіліктерді жоюға және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын өңірде іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар қабылданды.

Тілек ҚАБЫЛ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:275
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 06:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары