Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Халықпен бірге! : AMANAT партиясы Астананы қалай өзгертіп жатыр?

Халықпен бірге! : AMANAT партиясы Астананы қалай өзгертіп жатыр?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуына жүргізілген мониторинг елорда дамуының нақты нәтижелері мен алдағы даму бағыттарын айқындап отыр. Астана қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Ғабит   Тәжімұратов «Халықпен бірге!» бағдарламасы аясында қабылданған іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Ғабит Қалиұлы, 2025 жылы бағдарламаның орындалу нәтижелері қандай?

– Іс-қимыл жоспарында барлығы 126 тармақ қарастырылған, оның 107-сі 2025 жылға жоспарланған. Бүгінде 76 тармақ (72%) толық орындалды, 23 тармақ іске асырылу үстінде, ал 8 тармақтың орындалу тәуекелі бар. Басты басымдық – жобаларды сапалы жүзеге асырып, қала тұрғындарына нақты пайда әкелу.

– Қандай негізгі жетістіктерді атап өтуге болады?

– Білім беру саласында 12 мың орындық 6 жаңа мектеп ашылды. Сонымен қатар 1 400 орындық жеке мектеп пайдалануға берілді, ал «Ильинка» тұрғын алабында 900 орындық мектеп есігін айқара ашты. Соңғы екі жылда барлығы 33 мектеп салынды, бұл бастапқы жоспардан 13 мектепке артық.

Тұрғын үй саласында да жоспар артығымен орындалды. Мұқтаж азаматтарға 4 578 пәтер берілді, бұл жоспардан 978 пәтерге көп. Авариялық жағдайдағы тұрғын үйлер жаңартылып, 48 жаңа лифт орнатылды.

– Әлеуметтік қолдау және жастарға қатысты қандай жұмыстар атқарылды?

– 204 мыңнан астам қала тұрғыны тегін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілді. Қоғамдық жұмыстарға 2 522 адам тартылды, оның ішінде 972 жас маман бар. Сонымен қатар 614 жоғары оқу орнының түлегі жастар практикасына жіберілді. Фракция жастар бастамаларын қолдауды және оларды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуді жүйелі түрде жалғастыруда.

– Инфрақұрылым және газдандыру саласында қандай нәтижелер бар?

– 900 шақырым газ желісі тартылып, 13,6 мыңнан астам абонент газға қосылды. Көлік саласында 70 заманауи автобус сатып алынды, ал жыл соңына дейін тағы 300 автобус алу жоспарланған. Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 52 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 3 мыңға жуық контейнер орнатылды.

– Қауіпсіздік пен экология мәселелері қалай шешілуде?

– Полиция бөлімшелеріне 1 517 цифрлық құрал-жабдық берілді. Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 10 мың адамға шаққанда 8,6-дан 1,5-ке дейін төмендеді. Қылмыс деңгейі де 119-дан 97-ге дейін азайды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акцияларына 640 мыңнан астам адам қатысты. Шамамен 420 мың тонна қоқыс шығарылып, Кіші Талдыкөл аумағында биологиялық тазалау жұмыстары жүргізілді. Табиғи тепе-теңдікті сақтау мақсатында 1 500 фазан жіберілді.

– Бағдарламаны іске асыру барысында қандай қиындықтар кездесті?

– Кейбір жобалар қаржыландырудың жеткіліксіздігіне, тұрғын алаптарындағы жобаларды түзетуге, сот тәжірибесіне немесе жобалау-сметалық құжаттамамен байланысты кешіктірілуде. Мысалы, медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер мен жатақханалар жобаларына өзгерістер енгізу қажет болды. Ал перинаталдық орталық жобасы мемлекеттік сараптамадан 2026 жылдың наурыз айында өтеді деп күтілуде.

– Фракция бағдарламаның орындалуын қалай бақылауда ұстайды?

– Әрбір тармаққа жауапты мәслихат депутаты бекітілген. Жыл ішінде 7 фракция отырысы және 52 қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Депутаттар 127 нысанға 326 іссапар жасап, жобалардың жүзеге асырылу барысын тікелей бақылауда ұстады. Нәтижесінде,  255 ұсыныс беріліп, оның 127-сі толық орындалды.

Сонымен қатар партияның Жол картасының орындалуын бақылау аясында жыл бойы фракция отырыстарында қала әкімінің орынбасарлары мен Астана қаласының әкімі есеп берді. Бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау жөніндегі барлық отырыстарда тұрақты әрі жүйелі түрде қаралып келеді.

– Алдағы жоспарлар қандай?

– Барлық жобалардың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтеміз. Негізгі мақсат – Астананың кешенді дамуын қамтамасыз етіп, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру.

«Мониторинг – бұл жай ғана сандар емес», – дейді Ғабит Тәжімұратов. – «Бұл әрбір жоба мен бастаманың халыққа нақты қызмет етіп жатқанын көруге мүмкіндік береді».

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары