Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

AMANAT : Маңғыстау облысының әкімі Халықпен бірге! бағдарламасының орындалуы туралы есеп берді

AMANAT : Маңғыстау облысының әкімі Халықпен бірге! бағдарламасының орындалуы туралы есеп берді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе  бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» өңірлік сайлауалды бағдарламасының ағымдағы жылдың 9 айындағы орындалысы туралы облыс әкімдігінің есебі тыңдалды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай халықтың табысын арттыру, өмір сүру жағдайын жақсарту, азаматтар мен жастардың әлеуметтік санатын қолдау, экологиялық жағдайды оңалту бағыттары бойынша толық ақпарат берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында қойылған стратегиялық міндеттер мен сайлауалды бағдарламадағы жобаларды ұштастырып, нақты нәтижеге қол жеткізу міндетін атап өтті.

 - 2025 жылы өңір үшін аса маңызды су тұщыту зауыттары, білім, денсаулық және спорт нысандары іске қосылды. Бұл жобалар өңір халқының әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етті, - деді облыс әкімі.

Биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша облыста құрылған 12 242 жұмыс орнының 4 196-сы тұрақты.   Сонымен қатар екі жылда облыста жалпы көлемі 1,7 млн. шаршы метр тұрғын үй, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары арасында 303 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Әлеуметтік қолдау бойынша 150 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді. Өткен жылдары 2 түзету кабинеті ашылды, 7 700-ден астам ерекше қажеттіліктері бар бала психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылды. Әлеуметтік әлсіз топтарға 500-ден астам грант берілді.

Облыс әкімі іске қосылған жобалармен қатар 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Сайлауалды бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жүргізілгендігін, нәтижесінде қайта қарауды талап ететін 22 тармақ анықталғанын атты. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай осыған байланысты Сайлауалды бағдарламадағы бірқатар мәселелерді талдап, басқарма басшыларына жоспарлау кезінде бюджеттің мүмкіндігін ескеру қажеттігін атап өтті. 

Депутаттық фракция жетекшісі, партияның аймақтық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев сайлауалды бағдарламадағы жобаларға жауапты депутаттардың басқарма басшыларымен байланыста жұмыс жасауы өте маңызды екенін ескертті.

Жиналыстың күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша «Каспий «ӘКК» АҚ инвестициялық және «Ауыл аманаты» жобасы туралы басқарма төрағасы Қалжан Арғынбайдың ақпараты тыңдалды.

- «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2023 жылы жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 165 жоба қаржыландырылды, - деді басқарма төрағасы.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай басқарма төрағасы ұсынған туризмді, балық және мал шаруашылығын дамыту, көлік-логистикалық кешенін, шипажай салу жобаларын талдап, жергілікті өнім түрлерін шетелдерге шығару өңір үшін маңызды бағыт екенін жеткізді. Жобалар депутаттар тарапынан қолдау тапты. 

Фракция мүшелері «Әйелдердің өңірлік деңгейдегі шешім қабылдау үдерісіне қатысуы» туралы партияның облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты  Пәния Сармурзинаның есебін тыңдады.

Күн тәртібіндегі мәселенің мақсаты – қоғамдағы әйелдердің рөлі мен үлесін талқылау. «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасына орай еліміздегі әйел көшбасшылығы бойынша өңірдегі бірнеше кәсіпорынға зерделеу жұмыстары жүргізілді. 

«Әйелдер қанатының» жетекшісі зерделеу нәтижесі бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстарын жеткізді.

Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету мақсатында «Әйелдер қанатының» бастамасымен облыстық филиал мен екі аудандық деңгейде психологиялық көмек кабинеттері ашылды. 

Есептік кезең ішінде «Әйелдер қанатының» ұйымдастыруымен  50-ге жуық іс-шара өтті.  Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсететін семинарлар, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында инклюзивті білім беру және арнаулы түзету орталықтарына  мониторингтер ұйымдастырылды. 

Оның ішінде «Ana serpini» әлеуметтік жобасын ерекше атап өткен орынды. Жоба аясында әйелдердің кәсіпкерлік бастамалары қолдау тауып, қазіргі таңда 8 қатысушы жеке кәсіптерін ашты.

Сонымен қатар «Әйелдер қанатының» бастамасымен Сам, Тұрыш және Сенек ауылдарына 12 дәрігер барып, 300-ге жуық ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық және консультативтік көмек көрсетті. Сонымен қатар тұрғындарды қабылдап, барлығына ортақ қоғамдық көлік мәселесінің шешімін табуына ықпал етті. Нәтижесінде Сам - Ноғайты – Тұрыш – Бейнеу маршруты ашылды.

Қазан айында «Әйелдер қанаты» өңірдегі ерекше балаларға арналған  «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалін ұйымдастырды. Іс-шараға 41 команда 123 бала қатысты. Іріктеу кезеңінде өңір намысын қорғау үшін 14 команда 39 бала республикалық кезеңге жолдама алды.

Фракция  жиналысында әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейту мәселелерін талқылау үшін алдын ала талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесінде әйелдердің жалпы саны жоғары болғанымен, басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі төмен екендігі анықталды. 

- Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің жалпы үлесі шамамен 40–50 пайызды құрайды, алайда жетекші және жоғары басқару лауазымдардағы әйелдердің үлесі 30–35 пайыз шамасында ғана. Бұл жағдай өңірлік деңгейде де байқалады. Әйелдердің көпшілігі орта буын қызметтерінде шоғырланғанымен, шешім қабылдау деңгейіндегі басшылық құрамда олардың қатысу үлесі аз. Аталған деректер әйелдердің жергілікті деңгейде шешім қабылдау үдерісіне тең қатысуын қамтамасыз ету үшін қосымша қолдау шараларын күшейтуді қажет етеді, - деген Пәния Сармурзина ұсыныстарын жеткізді. Депутаттар өңірлік «Әйелдер қанаты» жетекшісінің төмендегі ұсыныстарын талқылап, оң пікірлерін білдірді:

1. Облыстық кадрлық резервте және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі гендерлік тепе-теңдікті сақтау;

2. Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар конкурсына отбасы институтын нығайтуға бағытталған тақырыптарды енгізу;

3. Жастар саясаты, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ мәдениет салаларында отбасы институтын қалыптастыруға бағытталған мәдени іс-шараларды көбейту; 

5. Ірі кәсіпорындарда әйелдердің ықпалын нығайтуға бағытталған іс-шаралар қатарын көбейту;

6. Білім беру, ішкі саясат, жастар саясаты, мәдениет және денсаулық сақтау басқармаларының өзара іс-қимылын күшейтіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде өткізу;

7. Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында облыс аумағындағы отбасыны қолдау орталықтарының жұмысын күшейтіп, бақылауға алу;

Бұл ұсыныстар үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын күшейту қажеттігін көрсетті. Ресми деректер бойынша Маңғыстау облысында 120 үкіметтік емес ұйым бар, бірақ бүгінгі таңда 70 ұйым  ғана белсенді қызмет атқарып келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 14:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары