Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропалық одаққа шикі мұнай жеткізетін ірі елдердің арасында екінші орынға көтерілді. ЕО Кеңесінің дерегін Caspianpost бөліскен.
Еуропалық Одақ Кеңесі мәліметінше, өткен жылы Қазақстан Еуроодаққа 55,8 млн тонна шикі мұнай экспорттаған. Рейтинг бойынша ел тек АҚШ-тан кейін тұр, Америка 63,5 млн тонна мұнай жеткізген. Ал Норвегия 55,7 млн тоннамен үшінші орынға жайғасты, оның көрсеткіші Қазақстаннан небәрі 100 мың тоннаға аз.
Осылайша, АҚШ, Қазақстан және Норвегия 2025 жылы Еуроодақтың негізгі мұнай жеткізуші серіктестері атанды. Қазақстанның үлесіне ЕО-ға импортталатын шикі мұнайдың шамамен 12%-ы тиесілі.
Соңғы жылдары нарықтағы өзгерістер анық байқалады. Ресей мұнайының ЕО импортындағы үлесі 2021 жылғы 25,8%-дан 2025 жылы 2,2%-ға дейін күрт төмендеген. Ал Украина жеріндегі қақтығыс пен Ресей аумағы арқылы мұнай экспорттау қиындығына қарамастан Қазақстан «қара алтыны» ЕО-ға үзбей жеткізіліп тұрды.
Сарапшылардың пікірінше, бос қалған нарық үлесін Еуропа негізінен АҚШ, Норвегия және Қазақстан есебінен толықтырған. Бұл Қазақстанның жаһандық энергия нарығындағы рөлінің күшейіп келе жатқанын аңғартады.
The Times of Central Asia: ҰлттықрейтингагенттігіқұрыладыМәжілістің жалпы отырысында «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда қаралды. Аталған заң жобасы бойынша елімізде тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігі құрылмақ. Мәліметті The Times of Central Asia жариялады.
Заң жобасы 7 тараудан, 30 баптан тұрады. Ол рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың кешенді моделін құрайды. Ілеспе заң жобасымен 3 кодекске және 18 заңға түзетулер енгізіледі.
- Біріншіден, тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтинг агенттігін құру. Оның акционерлері Ұлттық Банк, халықаралық рейтингтік агенттік және басқа да қаржы ұйымдары болады. Ұлттық Банк агенттіктің қаржылық орнықтылығын және қаржы нарығы тарапынан сенімді қамтамасыз етеді. Екіншіден, халықаралық рейтингтік агенттіктер. Заң жобасы шеңберінде кредиттік рейтингтік агенттіктердің үш түрін қамтитын институционалдық модель енгізілмек. Алғашқы модель бойынша тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтинг агенттігін құру ұсынылады, – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.
Anadolu: Қазақстан-АҚШ атом энергиясы бойынша кеңес өткіздіҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің делегациясымен бейбіт атом тақырыбында кездесу өткізді. Anadolu агенттігінің жазуынша, келіссөз барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Америка ынтымақтастығын дамыту мәселесі сөз болған.
Жиынға АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жарақты бақылау және таратпау мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары міндетін атқарушы Кристофер Клайн келген. Ал Қазақстан тарапынан Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарлары Тимур Жантикин мен Әсет Махамбетов және «ҚАЭС» ЖШС өкілдері қатысқан.
Қазіргі таңда мемлекеттер екіжақты әріптестікті нығайтуға мүдделі. Алдағы уақытта сараптамалық тәжірибе алмасу және институционалдық тетіктерді ілгерілету жоспарланып отыр.
Report: Түркиялық компаниялар мұнай-газ қорын барлайдыҚазақстанда мұнай-газ және көмір-химия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға түрік компаниялары атсалыспақ. «ҚазМұнайГаз» бен Turkish Petroleum Corporation компаниялары геологиялық барлау және өндіріс саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылауда. Жаңалықты Report ақпарат агенттігі таратты.
Астанаға Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз жұмыс сапарымен келді. Бірнеше күнге созылған сапар аясында Үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысы өткен болатын. Жиын барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан-Түркия компаниялары геологиялық барлау жұмысын жүгізетінін мәлімдеді.
– Энергетикалық серіктестікті дамыту өзара әрекеттесудің маңызды бағыты және аймақтық тұрақтылықтың тірегі саналады. Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты қазақстандық мұнайды жеткізу үшін маңызды құбырлық инфрақұрылымның бөлігі. Түрік компаниялары Қазақстанда мұнай-газ саласындағы ірі жобаларды сәтті жүзеге асырып жатыр. Бұдан басқа, тараптар бұл салада инвестициялық келісімдер жасауға баса назар аударып отыр, – деді Үкімет басшысы.
Премьер-министрдің пайымынша, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі және тағы басқа салалардағы екі елдің сарапшылары инновацияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
– Қазіргі таңда AKSA Energy компаниясы Қызылордада қуаттылығы 240 МВт бу-газ қондырғысын салып жатыр. Бұл ретте біз өзара тиімді қатынасты ең кең ауқымда кеңейтуге және жаңа ұсыныстарға ашықпыз, – деді Олжас Бектенов.