Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Ұлттық рейтинг агенттігін құру, геологиялық барлау және Еуроодаққа мұнай экспорты

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Ұлттық рейтинг агенттігін құру, геологиялық барлау және Еуроодаққа мұнай экспорты

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Caspianpost: Қазақстан ЕО-ға мұнай жеткізуде екінші орынға шықты

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропалық одаққа шикі мұнай жеткізетін ірі елдердің арасында екінші орынға көтерілді. ЕО Кеңесінің дерегін Caspianpost бөліскен.

Еуропалық Одақ Кеңесі мәліметінше, өткен жылы Қазақстан Еуроодаққа 55,8 млн тонна шикі мұнай экспорттаған. Рейтинг бойынша ел тек АҚШ-тан кейін тұр, Америка 63,5 млн тонна мұнай жеткізген. Ал Норвегия 55,7 млн тоннамен үшінші орынға жайғасты, оның көрсеткіші Қазақстаннан небәрі 100 мың тоннаға аз.

Осылайша, АҚШ, Қазақстан және Норвегия 2025 жылы Еуроодақтың негізгі мұнай жеткізуші серіктестері атанды. Қазақстанның үлесіне ЕО-ға импортталатын шикі мұнайдың шамамен 12%-ы тиесілі.

Соңғы жылдары нарықтағы өзгерістер анық байқалады. Ресей мұнайының ЕО импортындағы үлесі 2021 жылғы 25,8%-дан 2025 жылы 2,2%-ға дейін күрт төмендеген. Ал Украина жеріндегі қақтығыс пен Ресей аумағы арқылы мұнай экспорттау қиындығына қарамастан Қазақстан «қара алтыны» ЕО-ға үзбей жеткізіліп тұрды.

Сарапшылардың пікірінше, бос қалған нарық үлесін Еуропа негізінен АҚШ, Норвегия және Қазақстан есебінен толықтырған. Бұл Қазақстанның жаһандық энергия нарығындағы рөлінің күшейіп келе жатқанын аңғартады.

The Times of Central Asia: Ұлттықрейтингагенттігіқұрылады

Мәжілістің жалпы отырысында «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда қаралды. Аталған заң жобасы бойынша елімізде тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігі құрылмақ. Мәліметті The Times of Central Asia жариялады.

Заң жобасы 7 тараудан, 30 баптан тұрады. Ол рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың кешенді моделін құрайды. Ілеспе заң жобасымен 3 кодекске және 18 заңға түзетулер енгізіледі.

- Біріншіден, тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтинг агенттігін құру. Оның акционерлері Ұлттық Банк, халықаралық рейтингтік агенттік және басқа да қаржы ұйымдары болады. Ұлттық Банк агенттіктің қаржылық орнықтылығын және қаржы нарығы тарапынан сенімді қамтамасыз етеді. Екіншіден, халықаралық рейтингтік агенттіктер. Заң жобасы шеңберінде кредиттік рейтингтік агенттіктердің үш түрін қамтитын институционалдық модель енгізілмек. Алғашқы модель бойынша тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтинг агенттігін құру ұсынылады, – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Anadolu: Қазақстан-АҚШ атом энергиясы бойынша кеңес өткізді

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің делегациясымен бейбіт атом тақырыбында кездесу өткізді. Anadolu агенттігінің жазуынша, келіссөз барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Америка ынтымақтастығын дамыту мәселесі сөз болған.

Жиынға АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жарақты бақылау және таратпау мәселелері жөніндегі көмекшісінің орынбасары міндетін атқарушы Кристофер Клайн келген. Ал Қазақстан тарапынан Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарлары Тимур Жантикин мен Әсет Махамбетов және «ҚАЭС» ЖШС өкілдері қатысқан.

Қазіргі таңда мемлекеттер екіжақты әріптестікті нығайтуға мүдделі. Алдағы уақытта сараптамалық тәжірибе алмасу және институционалдық тетіктерді ілгерілету жоспарланып отыр.

Report: Түркиялық компаниялар мұнай-газ қорын барлайды

Қазақстанда мұнай-газ және көмір-химия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға түрік компаниялары атсалыспақ. «ҚазМұнайГаз» бен Turkish Petroleum Corporation компаниялары геологиялық барлау және өндіріс саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылауда. Жаңалықты Report ақпарат агенттігі таратты.

Астанаға Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз жұмыс сапарымен келді. Бірнеше күнге созылған сапар аясында Үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысы өткен болатын. Жиын барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан-Түркия компаниялары геологиялық барлау жұмысын жүгізетінін мәлімдеді.

– Энергетикалық серіктестікті дамыту өзара әрекеттесудің маңызды бағыты және аймақтық тұрақтылықтың тірегі саналады. Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты қазақстандық мұнайды жеткізу үшін маңызды құбырлық инфрақұрылымның бөлігі. Түрік компаниялары Қазақстанда мұнай-газ саласындағы ірі жобаларды сәтті жүзеге асырып жатыр. Бұдан басқа, тараптар бұл салада инвестициялық келісімдер жасауға баса назар аударып отыр, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің пайымынша, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі және тағы басқа салалардағы екі елдің сарапшылары инновацияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

– Қазіргі таңда AKSA Energy компаниясы Қызылордада қуаттылығы 240 МВт бу-газ қондырғысын салып жатыр. Бұл ретте біз өзара тиімді қатынасты ең кең ауқымда кеңейтуге және жаңа ұсыныстарға ашықпыз, – деді Олжас Бектенов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 10:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары