Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Каспий, Германияға мұнай жіберу және педофилдерді кастрациялау

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Каспий, Германияға мұнай жіберу және педофилдерді кастрациялау

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Azertaq: Касым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі мен трансшекаралық өзендердің жағдайына ерекше назар аударуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі мен трансшекаралық өзендердің жағдайына ерекше назар аударуды қажет деп санайды. Ол бұл пікірін Душанбедегі «Орталық Азия – Ресей» екінші саммитінде айтты. Бұл хабарды Әзербайжанның Azertaq басылымы ұсынған.

Қазақстан Президенті аймақ елдері экологиялық қауіптерге тап болып отырғанын айтып, мәселені шешу үшін үкімет басшылары мен тиісті органдар деңгейінде жүйелі және үйлестірілген шаралар қабылдау керек екенін атап өтті.

- Осыған орай Экология мәселелері жөніндегі Ресей және Орталық Азия елдерінің министрлер кеңесін бекітуді ұсынамыз. Трансшекаралық өзендер мен Каспий теңізінің жағдайына баса назар аудару керек. Бұл күрделі мәселені шешуге Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру ықпал етеді. Су қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы да алаңдатпай тұрмайды. Су ресурстары мен ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін бақылау, сондай-ақ төтенше жағдайларды болжау үшін жасанды жер серіктерін пайдалана отырып ғарыштық мониторинг бойынша бірлескен бағдарлама жасақтауды және іске асыруды ұсынамыз, – деді Президент.

Report: Қазақстан Германияға мұнай жеткізілімін арттырады

Қазақстан мен Германия 2026 жылға арналған мұнай жеткізу туралы келісімді ұзартты. Бұл туралы Report агенттігі хабарлады.

Келісім «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Rosneft Deutschland GmbH компаниясының бас директоры Йоханес Бремер арасындағы кездесу қорытындысы бойынша бекітілді.

- Келісімге сәйкес, Германияға жеткізілетін қазақстандық мұнай көлемі ай сайын 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін арттырылмақ, – деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.

2024 жылы жеткізілім KMG Kashagan B.V. ресурстары есебінен басталса, 2025 жылы оған Теңізшевройл компаниясының мұнайы қосылған.

Компания мәліметінше, 2025 жылдың тоғыз айында Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына шамамен 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнай жеткізілген.

Anadolu: Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XII Түркі тілдес мемлекеттер ұйымы саммитінде «ТМҰ +» форматын құру идеясын қолдайтынын айтты. Бұл формат ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге бағытталған. Бұл туралы түркиялық Anadolu агенттігі хабарлады.

Қазақстан Президенті түркі халықтарының ортақ тарихын атап, киберқауіпсіздік мәселесі үшін ТМҰ аясында Кеңес құруды ұсынды.

Экономика саласында Түркі инвестициялық қорын тиімді пайдалану және «Түркі әлемінің перспективалары – 2040» бағдарламасын іске асыру маңызды деп атап өтті.

Қазақстан Президенті көлік пен логистикаға назар аударып, теміржол мен Транскаспий маршрутын жаңғырту, цифрландыру және жасанды интеллект қолдануды ұсынды.

Энергетика мен су ресурстарын тиімді пайдалану, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту да негізгі бағыттар ретінде аталды. Саммитке Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия, Түрікменстан, Солтүстік Кипр лидерлері және ТМҰ Бас хатшысы қатысты.

TACC: Ресей Қазақстанға жаңа магистральдық газ құбырын тармақтайды

Санкт-Петербургте Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» АҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер кездесті. Тараптар газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады және қазақстандық газды Ресейде ұзақ мерзімді қайта өңдеу бойынша негізгі шарттар туралы келісімге қол қойды. Жаңалықты ресейлік ТАСС жазды

Құжатқа сәйкес, Қарашығанақ кен орнынан өндірілетін газ Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытында қайта өңделмек. Зауыт жақын арада жаңғыртудан өтетіні айтылған.

- Ресейден Қазақстанға жаңа магистральдық газ құбырын салу жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін «Газпром» мен Қазақстан 2025–2026 жылдары ресейлік газды республикаға жеткізуді ұлғайту туралы келісімге келген болатын.

СentralАsia: Қазақстанда педофилдер бостандыққа шығуға 6 ай қалғанда химиялық кастрацияланады

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі «Міндетті медициналық шараларды қолдану ережесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізді. Жаңалықты қырғызстандық СentralАsia хабарлады.

Құжатқа сәйкес, кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар бостандыққа шығуға 6 ай қалғанда химиялық кастрацияға жіберіледі.

- Мекеме әкімшілігі жазасын өтеу мерзімі аяқталуға он екі ай қалғанда сотқа материалдар жолдап, сот-психиатриялық сараптама тағайындауға тиіс. Сараптама олардың психикалық ауытқуларының бар-жоғын және сексуалды зорлыққа бейімділігін анықтайды, – делінген бұйрықта.

Аталған норма психикалық ауруы бар, бірақ есі дұрыс деп танылған тұлғаларға қолданылмайды.

Бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күннен соң күшіне енеді.

2018 жылдан бері Қазақстанда баланы зорлағандарға химиялық кастрация қолдану заң жүзінде мүмкін болды. Ол тек сот шешімімен және сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Заңға өзгерістер балаларға қарсы зорлық санының күрт өсуіне байланысты енгізілді. Сондай-ақ, 2024 жылдың ақпанында депутаттар педофилдерді хирургиялық кастрациялауды ұсынған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 10:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see163

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see154

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see148

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see146

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see145

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see144

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see142

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see140

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see138

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see137

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see136

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see132

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see126

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see118

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see117

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see115

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see114

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see113

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары