Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Заңдағы реформалар, мұнай өндірісі және Головкиннің жетістігі

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Заңдағы реформалар, мұнай өндірісі және Головкиннің жетістігі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

The Times of Central Asia: Қазақстан экспорттағы кедергілерге қарамастан мұнай өндірісін ұлғайтты 

2025 жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі айтарлықтай өсті. Соның нәтижесінде ел мұнай экспортын жоспарланған мерзімнен бұрын орындады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Маңызды ақпаратты The Times of Central Asia жариялады.

Вице-министрдің айтуынша, 2024 жылы Қазақстанда 87,7 млн тонна мұнай және газ конденсаты өндірілген. Бұл жоспарланған көлемнің басым бөлігін құрайды. Ал сол жылы мұнай экспорты 63,2 млн тонна болған.

2025 жылдың алғашқы 11 айында өндіріс көлемі 91,9 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға көп. Осы кезеңде экспорт көлемі 73,4 млн тоннаны құрап, жылдық жоспардан асып түсті.

Өндіріс көлемінің артуы негізгі экспорттық бағыттағы қиындықтарға қарамастан тіркеліп отыр. Қазақстан мұнайының көп бөлігі тасымалданатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы дрон шабуылынан кейін уақытша іркілістерге ұшыраған. Бұл жағдай экспорттық инфрақұрылымның осал тұстарын көрсетті.

Газ саласында да өсім байқалады. 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында елде 62,8 млрд текше метр табиғи газ өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,7%-ға артық. Осылайша, газ өндіру бойынша жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Сұйытылған мұнай газының өндірісі 2,8 млн тоннаға жетіп, сәл артқан.

Сонымен қатар ел ішінде мұнай өнімдерін өңдеу көлемі 14 млн тоннаны құрады. Бұл жылдық жоспарға жақын көрсеткіш. Мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі де өсіп, 567,6 мың тоннаға жетті.

The Times of Central Asia дерегінше, Қазақстан билігі мұнайды өңдеу көлемін ұлғайтуға басымдық беріп отыр. Қазіргі таңда қуаттылығы жылына 10 млн тоннаға дейін жететін жаңа мұнай өңдеу зауытын салу үшін шетелдік инвесторлар тарту мәселесі қарастырылуда. Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес, 2040 жылға дейін мұнай өңдеу саласына 15–19 млрд доллар инвестиция тарту көзделген.

ТАСС: Медицина қызметкеріне күш қолданғандар 12 жылға дейін сотталады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі медициналық қызметшілерге және жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағандарға жауапкершілікті күшейтетін заң қабылдады. Заң ауыр зардаптарға әкеп соққан шабуылдар үшін 7–12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Ақпаратты ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі жариялады.

Егер шабуыл қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, жазасы жеңілдетіліп, айыппұл төлеу, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу қолданылады. Сонымен қатар, дәрігерлерді қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, мұндай жағдайда ең ұзақ мерзім – 3 жыл.

Заң бірнеше резонанстық оқиғадан кейін қабылданды. Мысалы, Қостанай облыстық ауруханасында науқас хирургке шабуыл жасап, ол ауыр халде жансақтау бөліміне түсті. Осы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық қызметшілерге қарсы қылмыстарға жазаны қатаңдатуды тапсырды, ал Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтарға үндеу тастап, ауруханалардағы қауіпсіздікті күшейтті.

Report: Қазақстан мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлікке қатысты шектеулерді жеңілдетті

Қазақстан Сенаты мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға кәсіпкерлікке қатысты кейбір шектеулерді алып тастайтын заңды екі оқылымда мақұлдады. Бұл өзгерістер құқықтық қайшылықтарды жоюға, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға және бұрын заңсыз алынған активтерді қайтару механизмін ашық етуге бағытталған. Ақпаратты Report агенттігі тарқатты.

Заңға сәйкес, енді мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар коммерциялық компаниядағы 5%-ға дейінгі акцияны сенімгерлік басқаруға беруге міндетті емес.

Цифрлық активтер табыс әкелетін мүлік ретінде танылады, бірақ оларды міндетті түрде сенімгерлік басқаруға беру талап етілмейді. Сенімгерлік басқару рәсімі жеңілдетіліп, енді шартты нотариус куәландыруы керек деген талаптың орнына нотариалды расталған көшірмесін кадр қызметіне ұсыну жеткілікті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс ала алады.

Заңда Үкімет мүшелеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге қойылған тыйым да алынып тасталды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер заңмен рұқсат етілген коммерциялық емес ұйымдардың, соның ішінде саяси партиялар, кәсіподақтар, тұтыну және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің мүшесі бола алады.

Anadolu: Қазақстан ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды мақұлдады

Осы аптада Қазақстан Сенаты Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда мақұлдады. Ақпаратты Anadolu ақпарат агенттігі жариялады.

Заңның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау. Енді қоғамдық орындарда, әлеуметтік желілерде, телекоммуникация желілері мен онлайн-платформаларда педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салынады.

Сенат мақұлдаған заң аясында Еңбек кодексіне, сондай-ақ 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Айта кетейік, 1,5 жыл бұрын Қазақстан азаматтары ЛГБТ насихаттауға заңмен тыйым салуды талап еткен петиция жасап, бұл заң қоғамның сұранысына сәйкес қабылданды.

Euronews: Геннадий Головкин – Халықаралық бокс даңқ залына енген алғашқы қазақстандық спортшы

Қазақстанның бокс жұлдызы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді. Бұрынғы орта салмақтағы әлем чемпионы қараша айында World Boxing ұйымының президенті болып сайланды. Оған боксты олимпиадада қалдыру және бөлініп кеткен жүйені біріктіру міндеті жүктеліп отыр. Танымдық ақпаратты Euronews жариялады.

Головкин – Қазақстаннан шыққан, осы даңқ залына енген алғашқы спортшы. Ол Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо, Бернард Хопкинс және Владимир Кличко сияқты әлемдік деңгейдегі атақты боксшылармен бір қатарға қосылды.

– Мен өте қуаныштымын және бұл құрметті жоғары бағалаймын. Бұл бокс әлеміндегі ең үлкен мәртебе және мансабымдағы ең маңызды жетістік. Менің арманым орындалды. Бокста осындай мұра қалдырғаныма мақтанамын, – деді Головкин.

Оның әуесқой рингтегі ең ірі жетістіктері ретінде 2004 жылғы Афина Олимпиадасында күміс медаль, орта салмақта әлем чемпионатын екі рет жеңіп алды. Кәсіпқой карьерасында Головкин 42 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, 2 жеңіліс тауып, 1 рет тең өнер көрсеткен.

2017–2018 жылдары «Triple G» лақап атымен танымал Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшы ретінде бағаланған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 04:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see162

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see159

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see154

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see152

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see150

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see144

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see144

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see143

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see136

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see136

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see133

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see129

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see126

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see121

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see118

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see117

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see117

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see114

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see112

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары