Әлеуметтік қоғамдағы ана мәртебесі

07.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елімізде көпбалалы отбасылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік қолдау елдіктің нышаны.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Елімізде көпбалалы ана­лар­ға қазынадан төленетін жәрдем­ақылардың 5 түрі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры­нан (МӘСҚ) 2 төлем түрі та­ғайындалады. Ана мен баланы қолдау әлеуметтік көмек пен әлеу­меттік сақтандырудың көп дең­гейлі жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Республикалық бюджеттен бала тууға біржолғы жәрдем­ақы, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне де жәрдемақы төленеді. МӘСҚ-тан әлеуметтік сақтандыру жүйесі­мен жүктілікке, босануға байла­ныс­ты табысынан уақытша қол үзген аналарға әлеуметтік төлем, сондай-ақ бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне жәрдемақы беріледі.

Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтіміне бюджеттен беріле­тін ай сайынғы жәрдемақы бала­ның туу кезегіне байланысты, бірінші, екінші, үшінші, одан кейінгі балаларға 21 266 теңгеден 32 859 теңгеге дейінгі мөлшердe ұлғайта отырып төленеді. Ал МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем мөлшері – жұмыс істейтін әйелдердің кейінгі 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-ы.

Биыл жәрдемақының мөлшері 10%-ға артып, бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін біржолғы қолдау 164 350 теңгеге жетсе, төрт, одан да көп балаға 272 475 теңге төленеді. Жұмыс істемейтін аналар да нәрестесі 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімімен жәрдемақы алады. Бірінші баласына – 24 912 теңге алса, екі балалы болғанда – 29 454 теңге, үшінші баласы өмірге келгенде бір жарым жыл ай са­йын 33 952 теңге алады. Төрт, одан да көп баласы бар анаға
38 493 теңге беріледі. Ал жұмыс істей жүріп те елдің демографиялық ахуалын жақсартуға үлес қосқан әйелдерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер қарастырылады. Баласы 1,5 жасқа толғанша, яғни 18 ай берілетін әлеуметтік төлем мөлшері кейінгі екі жылдағы орташа айлық табы­сының 40%-ы көлемінде бері­леді. Жүктілік пен босануына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалып, мөлшері кейінгі бір жылдағы орташа айлық табысына қарай сараланады.

 «Неке және отбасы туралы» кодексте көрсетілгендей бірге тұратын, кәмелетке толмаған төрт, одан да көп перзенті, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар көпбалалы мәртебеге ие. Төрт балаға берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 69 330 теңге, 5 балаға 86 673 теңге, 6 балаға – 104 017 теңге, 7 балаға 121 360 теңге, 8, одан да көп баласы бар отбасының әр баласына 17 300 теңгеден төленеді. Мәселен, 11 баланы өмірге әкеліп өсірген ана ай сайын 190 300 теңге жәрдемақы алады. Отбасында мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-анаға немесе қамқоршысына ай сайын 81 871 теңге жәрдемақы беріледі. Көпбалалы аналардың беделін арттыруға сәйкес өмір бойы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады, ол табысына қарамастан «Күміс алқа», «Алтын алқамен» марапатталған әйелдерге төленеді.

Елімізде әйелдер қауымы оның ішінде көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдаудың бірқа­тар тетігі жүзеге асырылады. Мем­лекет тарапынан жәрдемақы түрлерінен өзге баспаналы бо­лу­ға, кәсібін дөңгелетуге де мүмкін­дік мол. Мәселен, «Отбасы банк» тұрғын үй жағдайларын жақсар­туға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде тұрғын үй заемдарын ұсынып келеді. Нақтылай айтқанда, сыйақы мөлшерлемесі 2%-дан аспайтын алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемдарын алуға өтініш қабылдайды. Тұрғын үйге мұқтаж санатындағылар арасында бірінші кезекте баспаналы болатындардың қатарында мүгедектігі бар балалары немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жесір әйелдер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сон­дай-ақ I, II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар бар. Бірнеше жылдан бері тек әйелдер қауымына арналған «Ұмай» жеңілдетілген ипотекасымен де нәзікжандылар баспаналы болып жүр. Бұдан басқа асыраушысынан айырылған әйелдер де мемлекеттік тұрғын үй алу кезегіне жеке санатта қатыса алады. Бағдарламаның мерзімі – 25 жыл. Осы ипотекамен баспаналы болған әйелдерге салықтық жеңілдік те бар. Тұрғын үйді рәсімдеу барысында көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, жалғызбасты аналарға басым көңіл бөлінеді.

Үкімет әйелдердің кәсіпкер­лікті дамытуына да өріс ашып, қолдау көрсетеді. Биыл да 400 айлық есептік көрсеткіш мөлше­рінде (1 7 30 000 теңге) қайтарымсыз грант беріледі. Кәсіп ашамын деген көпбалалы отбасылар, асырау­шысынан айырылуына байланыс­ты әлеуметтік жәрдемақы алушылар да «Бастау бизнес» жобасы, болмаса кәсіпкерлік негіздерімен оқу курсынан өткенін растай­тын сертификатымен кәсібін бас­тай алады. Әйелдер қауымының кәсіпкерлікті дамытуда қосып келе жатқан үлесі қомақты. Ша­ғын және орта бизнес құрылы­мын­да әйел­дер қауымының үлесі 48%-дың үстінде.

Биыл да арулар мерекесіне орай аналар қауымына кей өңір­лерде бірреттік әлеуметтік төлем беріледі. Астана қаласының әкімдігі жылдағы дәстүрдің жүл­гесін жалғап, елордалық көп­ба­лалы, аз қамтылған 36 мыңға жуық анаға әлеуметтік көмек аударылады. Төлем сомасы 9 830 теңге мөлшерінде. Қаржы жергілікті бюджеттен бөлініп, «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы елордада тұрақты тіркеуде тұрған көпбалалы аналарға беріледі. Халық­аралық мерекеге орай бері­ле­тін әлеуметтік төлемнің мөл­шері әр өңірде әрқилы.

 Ресми статистикада Абай облысындағы әйелдер қауы­мының саны 303 060 болса, соның ішінде 19 140 көпбалалы ана бар. Облыс әкімдігі кәмелетке толмаған төрт, одан көп баласы бар ардақты аналарға 21 625 теңгеден беруді құп көріп отыр. Ақмола облысындағы 13 777 көпбалалы отбасы болса, олардың арасындағы «Алтын алқа», «Кү­міс алқа» иегерлеріне 12 975 теңге­ден 21 625 теңгеге дейін бір­реттік төлем қарастырылып, 3 692 әйелге берілмек. Көпбалалы аналардың шоғыры қалың бірден-бір өңір – Түркістан облысы. Об­лыстағы 191 925 көпбалалы аналар­дың ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» орденінің иегерлеріне 8 650 теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын 7 413 көпба­лалы отба­сы­ның арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» атағын алған, І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордені берілген аналарға 43 250 теңгеден берілсе, төрт, бес баласы бар отбасыларға 21 625 теңге­ден аударылады. Теріскейдегі көпба­лалы батыр аналар ең жоға­ры бірреттік көмек алмақ. Ал Павлодар облысындағы 11 264 көпба­лалы отбасына бірың­ғай 21 625 теңге мөлшерінде төлем беріледі. Маңғыстау об­лы­сындағы 56 467 көпба­лалы ана­ның арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған, өзге де мара­патқа ие 14 835 ана 15 000 теңге мөлшерінде төлем алады. Қа­рағанды облысында 25 705 көп­ба­лалы ана бар, оның 23 415-і 20 000 теңгеден төлем алады. Шы­ғыс Қа­зақ­стан облысындағы 13 438 көпба­лалы отбасыға 15 000 теңгеден беріл­мек. Ұлытау облы­сындағы 9 375 көп­балалы ана да 20 000 теңге­ден бір­реттік әлеу­меттік төлем алады.

Биылғы қаңтар айында көпба­лалы 627,4 мың отбасы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған 247,8 мың ана мемлекеттік жәрдемақы алды. Демографиялық әлеуетімізді арттыруға орасан үлес қосып келе жатқан алтын құрсақ аналар әрдайым қолдауға лайық.

Соңғы жаңалықтар

«Атырау» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

Футбол • Бүгін, 11:44

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстан • Бүгін, 11:30

Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары басталды

Спорт • Бүгін, 10:27

7 наурызда ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:10

Айнагүл Байжігітова: Алдыңа мақсат қойсаң, алынбайтын қамал жоқ

Сұхбат • Бүгін, 09:40

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Топырақ құнарын зерделеген ғалым

Ғылым • Бүгін, 09:15

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Ауылдан шыққан әлем чемпионы

Спорт • Бүгін, 08:55

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью