Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Әділет министрлігі алименттен шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Даниель Ваисовтың айтуынша, бүгінде 106 соттың шешімі орындауға жіберілген. Ал қарыздың жалпы сомасы 47 млн теңгені құрайды.
"Соның ішінде Ресей Федерациясы - 73 орындау қағазы (32 млн теңге), Өзбекстан Республикасы - 24 орындау қағазы (11 млн теңге), Украинадан - 2, Әзірбайжаннан - 1 орындау қағазы, қалған сома Беларусь пен Қырғызстанға тиесілі", - деді Ваисов сенатта өткен брифингте.
Қазақстанда алименттен жасырынып жүрген шетелдіктер де бар. Былтыр әділет министрлігіне өзге елдегі соттың шешімін орындау бойынша 12 өтініш түскен.
Қазіргі кезде барлығы Жоғары сотта қаралып жатыр.