Алимент төлеймей, шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызы 47 млн теңге
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Әділет министрлігі алименттен шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Даниель Ваисовтың айтуынша, бүгінде 106 соттың шешімі орындауға жіберілген. Ал қарыздың жалпы сомасы 47 млн теңгені құрайды.
"Соның ішінде Ресей Федерациясы - 73 орындау қағазы (32 млн теңге), Өзбекстан Республикасы - 24 орындау қағазы (11 млн теңге), Украинадан - 2, Әзірбайжаннан - 1 орындау қағазы, қалған сома Беларусь пен Қырғызстанға тиесілі", - деді Ваисов сенатта өткен брифингте.
Қазақстанда алименттен жасырынып жүрген шетелдіктер де бар. Былтыр әділет министрлігіне өзге елдегі соттың шешімін орындау бойынша 12 өтініш түскен.
Қазіргі кезде барлығы Жоғары сотта қаралып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 11:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















