Алматы көшелерінде жүрген күдікті полицияға тапсырылды

06.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: Polisia.kz (архив)

Кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторының тұрғындары «102» арнасына хабарласып, белгісіз біреудің көшелерді аралап жүріп, есірткі жасырған орындарды іздеп жүргендей күдік туғызғанын айтқан.

Оқиға орнына полицияның жедел экипажы жіберілді. Тұрғындардың бірі күдіктіні тоқтатып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған.

Есірткі қылмысына қарсы күрес: 6 мың сайт пен 9 мың банк картасы бұғатталды

Полицияның мәліметінше, ұсталған адам – Алматы қаласының 33 жастағы жұмыссыз тұрғыны, ол есірткі қолданатынын айтып, синтетикалық есірткінің жасырылған орнын іздеп жүргенін жеткізген.

«Тәркіленген түйіншектердің нақты құрамын және олардың қандай зат екенін сот-химиялық сараптама анықтайды», делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысының 37 жастағы тұрғыны Петропавлда есірткі тасымалдап, оны жасырын орындарға қалдырды деген күдікпен қолға түсті. Әйелдің сөмкесінен ірі көлемде а-PVP психотроптық заты табылған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью