Алматы көшелерінде жүрген күдікті полицияға тапсырылды
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Polisia.kz (архив)
Кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторының тұрғындары «102» арнасына хабарласып, белгісіз біреудің көшелерді аралап жүріп, есірткі жасырған орындарды іздеп жүргендей күдік туғызғанын айтқан.
Оқиға орнына полицияның жедел экипажы жіберілді. Тұрғындардың бірі күдіктіні тоқтатып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған.
Есірткі қылмысына қарсы күрес: 6 мың сайт пен 9 мың банк картасы бұғатталды
Полицияның мәліметінше, ұсталған адам – Алматы қаласының 33 жастағы жұмыссыз тұрғыны, ол есірткі қолданатынын айтып, синтетикалық есірткінің жасырылған орнын іздеп жүргенін жеткізген.
«Тәркіленген түйіншектердің нақты құрамын және олардың қандай зат екенін сот-химиялық сараптама анықтайды», делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысының 37 жастағы тұрғыны Петропавлда есірткі тасымалдап, оны жасырын орындарға қалдырды деген күдікпен қолға түсті. Әйелдің сөмкесінен ірі көлемде а-PVP психотроптық заты табылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Шілде 2026 17:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















