+22 градусқа дейін: Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қазгидромет Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 9, 10 және 11 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Алдағы күндері Астана мен Алматыдағы ауа райы айтарлықтай ерекшеленеді: елордада түнде -3 градусқа дейін суытса, Алматыда ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады.
Астанадағы ауа райы9 қазанда күн құбылмалы болады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +9...+11 градус болады.
10 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
11 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +13...+15 градус болады.
9 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
10-11 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
Қазақстан күн жылынадыБұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлаған. Өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр жауады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар болжанады. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болмайды, онда температура +27 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 15:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















