Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
2026 жылғы мамырдағы Qamqor.gov.kz мәліметтеріне сәйкес, Алматыда 2172 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 850 мың жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталған. Астанада жағдай сәл де болса жақсырақ: 712 ЖКО және жылдамдық режимін бұзудың 69 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Жалпы Қазақстан бойынша 2026 жылдың алғашқы айларында 7700-ден астам жол апаты болған.
2026 жылғы мамырдағы Qamqor.gov.kz мәліметтеріне сәйкес, Алматыда 2172 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 850 мың жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталған. Астанада жағдай сәл де болса жақсырақ: 712 ЖКО және жылдамдық режимін бұзудың 69 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Жалпы Қазақстан бойынша 2026 жылдың алғашқы айларында 7700-ден астам жол апаты болған.
2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматы мен Астана Қазақстандағы жол апаттарының саны бойынша көш бастап тұр. Жол апатының статистикасы зардап шеккендері бар оқиғаларды да, еурохаттама бойынша рәсімделетін жеңіл ЖКО-ны да қамтиды және ол айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.
Tengri Auto жол апатының неліктен артып жатқанын және еліміздің ірі қалаларындағы жағдайға қандай факторлар әсер ететінін анықтауға тырысты.
Тек өсім ғана емес, жаңа әдістеме де барҚазақстанда кейінгі екі жылда жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Егер 2023 жылы 15,8 мыңға жуық ЖКО тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 31,5 мыңға, ал 2025 жылы 36 мыңнан асты. Бұл тұрғыда жолдарға түсетін салмақ үнемі артып келе жатқан ірі мегаполистер - Алматы мен Астана ерекше көзге түседі.
Ішкі істер министрлігі бұл күрт өсімді есепке алу тәсілінің өзгеруімен түсіндіреді. Енді статистикаға жарақаттың ауырлығына қарамастан, ЖКО-ға қатысушылар медициналық көмекке жүгінген барлық жағдайлар енеді.
Анықтама: бұған дейін тек денсаулыққа зиян келгені ресми расталған оқиғалар ғана есепке алынатын, соның салдарынан жол апаттарының бір бөлігі тіркелмей қалатын.
Қазір статистика толығырақ болғанымен, бұл мәселенің нақты ауқымын да айқын көрсетіп берді.
Көлік көбейген сайын жол апаттары да жиілейді"Статистикаға ең алдымен бұрын тіркелмей келген жеңіл және орташа жарақаттар енді. Қазір біз бұрын жасырын болып келген жарақаттану деңгейін көріп отырмыз. Ендігі міндет - салдармен күресу емес, тәуекелдерді азайту үшін жүйелі жұмыс істеу", - деп түсіндіреді "Vision Zero Community" қоғамдық қорының басшысы Ерқанат Заитов.
Негізгі себептердің бірі - автомобилизацияның өсуі. Тек Алматының өзінде 667 мыңнан астам автокөлік тіркелген, ал Астанада - 424 мыңға жуық.
Сонымен қатар сарапшылардың пікірінше, көліктердің нақты саны, әсіресе Алматыда, әлдеқайда көп. Қалаға күн сайын облыстан және басқа өңірлерден үлкен көлік ағыны келеді.
Такси мен курьерлік қызметтердің көбеюі, самокаттар мен мопедтердің белсенді қолданылуы және ірі қалалардағы қозғалыс тығыздығы жолдарға қосымша салмақ түсіріп отыр.
Неліктен Алматыда ЖКО көбірек?"Шын мәнінде, ЖКО-ның нақты саны бұдан әлдеқайда жоғары - жылына 90–100 мыңға дейін жетуі мүмкін. Көптеген жол апаты еурохаттамамен рәсімделеді, ал кейбірі сол жерде өзара шешіледі, сондықтан біз бәрібір толық көріністі көре алмаймыз", - дейді сарапшы.
Алматы мен Астана арасындағы апаттар саны бойынша айырмашылық айтарлықтай үлкен және оның себептері кешенді сипатқа ие.
Алматы - құрылымы жағынан тығызырақ әрі күрделірек қала: тар көшелер, жаяу жүргіншілердің көптігі, аралас құрылыстар мен жер бедерінің ерекшелігі. Осының бәрі жолдардағы "қақтығыс нүктелерін" көбейтеді.
Бұдан бөлек, мұнда қозғалыс қарқындылығы мен экономикалық белсенділік жоғары - қысқа қашықтыққа жүру, жолақ ауыстыру және қозғалысқа қатысушылардың өзара әрекеттесуі жиі болады.
Камералар мәселені толық шешпейді"Әрине, жүргізушілердің тәртібі де маңызды фактор. Алматыда дәстүрлі түрде неғұрлым динамикалық жүргізу стилі қалыптасқан: магистральдардағы жылдамдық жоғары, маневрлер көп. Сонымен қатар жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейі көбіне төмен күйінде қалып отыр", - деп есептейді Ерқанат Заитов.
Астанада камералардың көптігінің арқасында жол апатының өсуін ішінара тежеу мүмкін болды. Алайда сарапшылар бұл жүйелі шешім емес екенін айтады.
Камералар жүргізуші тәртібіне тек бақылау аймағында ғана әсер етеді. Тіркеу аймағынан шыққан соң жүргізушілер көбіне бұрынғы әдетіне басады.
Нені өзгертуге болады?"Астанада камералар көп, сондықтан жүргізушілер ережелерді жиірек сақтайды. Бірақ басқа қалаға шықса болды, олардың мінез-құлқы өзгереді - камералардың өзі ғана жүргізу мәдениетін қалыптастырмайды. Бақылау аз жерде ереже бұзушылық та, ЖКО қаупі де жоғары болады. Статистика бойынша, Астанада камералар орнатылғаннан кейін апаттылықты азайту және жалпы оның өсуін тежеу мүмкін болды. Алматыда әсер уақытша болды: алғашқы төмендеуден кейін көрсеткіштер қайтадан өсе бастады - шамамен жыл сайын 10–20%-ға. Сондықтан тек камералар жеткіліксіз - инфрақұрылымды дамытуды және жүргізу мәдениетімен жұмыс істеуді қамтитын жүйелі шаралар қажет", - дейді сарапшы.
Мамандардың басты тұжырымы - мәселені тек айыппұлдармен шешу мүмкін емес.
Кешенді тәсіл қажет:
тұрғын аймақтарда жылдамдықты төмендету (мысалы, 30 км/сағ дейін); жаяу жүргіншілер мен балалар үшін қауіпсіз бағыттар құру; апаттардың типтік сценарийлерін талдау; қозғалыстың осал қатысушыларымен - жаяу жүргіншілермен, самокатшылармен, велосипедшілермен жұмыс істеу. ІІМ қандай шаралар қабылдап жатыр?Ведомство мәліметінше, 2025 жылы 13,8 миллион жол ережелерін бұзу дерегі анықталған. 25 мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталса, 32 мыңға жуық адам көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Қалаларда 28 мыңға жуық камера орнатылған, сондай-ақ дрондар мен жол ережесін бұзуды тіркейтін мобильді кешендер қолданылған.
2026 жылы ҚР ІІМ апаттылық деңгейін төмендету жұмыстарын тек айыппұлдар мен заң бұзушылықтарды тіркеу арқылы ғана емес, жүйелі шаралар арқылы да күшейтеді. Елде цифрлық бақылау аясы кеңейіп, камералар саны артып, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіліп, жасырын патрульдеу әдісі қолданылып жатыр.
Сонымен қоса, тұрақты түрде профилактикалық рейдтер жүргізіліп, автокөліктердің техникалық жай-күйін бақылау күшейтілген, сондай-ақ ережелер мен процедураларға өзгерістер енгізілген. Бұл ретте басты назар ереже бұзудың алдын алуға және жүргізушілердің тәртібін жақсартуға аударылып отыр.
Жол-көлік оқиғалары санының артуы - бұл тек статистиканың өзгеруі ғана емес, сонымен қатар қалалардағы нақты жүктеменің көрінісі.
Алматы мен Астана әртүрлі болғанымен, мәні бірдей мәселелерге тап болды: олар - көлік санының артуы, инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелуі және жүргізу мәдениетінің төмендігі. Қозғалысты ұйымдастырудан бастап жүргізушілердің тәртібіне дейінгі жүйелі өзгерістерсіз жағдайдың оңала қоюы екіталай.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу