Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматы мен Астанада жол көлік оқиғаларының саны неге артып келеді полицияның әрекеті және сарапшының пікірі

Алматы мен Астанада жол көлік оқиғаларының саны неге артып келеді полицияның әрекеті және сарапшының пікірі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2026 жылғы мамырдағы Qamqor.gov.kz мәліметтеріне сәйкес, Алматыда 2172 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 850 мың жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталған. Астанада жағдай сәл де болса жақсырақ: 712 ЖКО және жылдамдық режимін бұзудың 69 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Жалпы Қазақстан бойынша 2026 жылдың алғашқы айларында 7700-ден астам жол апаты болған.

2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматы мен Астана Қазақстандағы жол апаттарының саны бойынша көш бастап тұр. Жол апатының статистикасы зардап шеккендері бар оқиғаларды да, еурохаттама бойынша рәсімделетін жеңіл ЖКО-ны да қамтиды және ол айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.

Tengri Auto жол апатының неліктен артып жатқанын және еліміздің ірі қалаларындағы жағдайға қандай факторлар әсер ететінін анықтауға тырысты.

Тек өсім ғана емес, жаңа әдістеме де бар

Қазақстанда кейінгі екі жылда жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Егер 2023 жылы 15,8 мыңға жуық ЖКО тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 31,5 мыңға, ал 2025 жылы 36 мыңнан асты. Бұл тұрғыда жолдарға түсетін салмақ үнемі артып келе жатқан ірі мегаполистер - Алматы мен Астана ерекше көзге түседі.

Ішкі істер министрлігі бұл күрт өсімді есепке алу тәсілінің өзгеруімен түсіндіреді. Енді статистикаға жарақаттың ауырлығына қарамастан, ЖКО-ға қатысушылар медициналық көмекке жүгінген барлық жағдайлар енеді.

Анықтама: бұған дейін тек денсаулыққа зиян келгені ресми расталған оқиғалар ғана есепке алынатын, соның салдарынан жол апаттарының бір бөлігі тіркелмей қалатын.

Қазір статистика толығырақ болғанымен, бұл мәселенің нақты ауқымын да айқын көрсетіп берді.

"Статистикаға ең алдымен бұрын тіркелмей келген жеңіл және орташа жарақаттар енді. Қазір біз бұрын жасырын болып келген жарақаттану деңгейін көріп отырмыз. Ендігі міндет - салдармен күресу емес, тәуекелдерді азайту үшін жүйелі жұмыс істеу", - деп түсіндіреді "Vision Zero Community" қоғамдық қорының басшысы Ерқанат Заитов.

Көлік көбейген сайын жол апаттары да жиілейді

Негізгі себептердің бірі - автомобилизацияның өсуі. Тек Алматының өзінде 667 мыңнан астам автокөлік тіркелген, ал Астанада - 424 мыңға жуық.

Сонымен қатар сарапшылардың пікірінше, көліктердің нақты саны, әсіресе Алматыда, әлдеқайда көп. Қалаға күн сайын облыстан және басқа өңірлерден үлкен көлік ағыны келеді.

Такси мен курьерлік қызметтердің көбеюі, самокаттар мен мопедтердің белсенді қолданылуы және ірі қалалардағы қозғалыс тығыздығы жолдарға қосымша салмақ түсіріп отыр.

"Шын мәнінде, ЖКО-ның нақты саны бұдан әлдеқайда жоғары - жылына 90–100 мыңға дейін жетуі мүмкін. Көптеген жол апаты еурохаттамамен рәсімделеді, ал кейбірі сол жерде өзара шешіледі, сондықтан біз бәрібір толық көріністі көре алмаймыз", - дейді сарапшы.

Неліктен Алматыда ЖКО көбірек?

Алматы мен Астана арасындағы апаттар саны бойынша айырмашылық айтарлықтай үлкен және оның себептері кешенді сипатқа ие.

Алматы - құрылымы жағынан тығызырақ әрі күрделірек қала: тар көшелер, жаяу жүргіншілердің көптігі, аралас құрылыстар мен жер бедерінің ерекшелігі. Осының бәрі жолдардағы "қақтығыс нүктелерін" көбейтеді.

Бұдан бөлек, мұнда қозғалыс қарқындылығы мен экономикалық белсенділік жоғары - қысқа қашықтыққа жүру, жолақ ауыстыру және қозғалысқа қатысушылардың өзара әрекеттесуі жиі болады.

"Әрине, жүргізушілердің тәртібі де маңызды фактор. Алматыда дәстүрлі түрде неғұрлым динамикалық жүргізу стилі қалыптасқан: магистральдардағы жылдамдық жоғары, маневрлер көп. Сонымен қатар жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейі көбіне төмен күйінде қалып отыр", - деп есептейді Ерқанат Заитов.

Камералар мәселені толық шешпейді

Астанада камералардың көптігінің арқасында жол апатының өсуін ішінара тежеу мүмкін болды. Алайда сарапшылар бұл жүйелі шешім емес екенін айтады.

Камералар жүргізуші тәртібіне тек бақылау аймағында ғана әсер етеді. Тіркеу аймағынан шыққан соң жүргізушілер көбіне бұрынғы әдетіне басады.

"Астанада камералар көп, сондықтан жүргізушілер ережелерді жиірек сақтайды. Бірақ басқа қалаға шықса болды, олардың мінез-құлқы өзгереді - камералардың өзі ғана жүргізу мәдениетін қалыптастырмайды. Бақылау аз жерде ереже бұзушылық та, ЖКО қаупі де жоғары болады. Статистика бойынша, Астанада камералар орнатылғаннан кейін апаттылықты азайту және жалпы оның өсуін тежеу мүмкін болды. Алматыда әсер уақытша болды: алғашқы төмендеуден кейін көрсеткіштер қайтадан өсе бастады - шамамен жыл сайын 10–20%-ға. Сондықтан тек камералар жеткіліксіз - инфрақұрылымды дамытуды және жүргізу мәдениетімен жұмыс істеуді қамтитын жүйелі шаралар қажет", - дейді сарапшы.

Нені өзгертуге болады?

Мамандардың басты тұжырымы - мәселені тек айыппұлдармен шешу мүмкін емес.

Кешенді тәсіл қажет:

тұрғын аймақтарда жылдамдықты төмендету (мысалы, 30 км/сағ дейін); жаяу жүргіншілер мен балалар үшін қауіпсіз бағыттар құру; апаттардың типтік сценарийлерін талдау; қозғалыстың осал қатысушыларымен - жаяу жүргіншілермен, самокатшылармен, велосипедшілермен жұмыс істеу. ІІМ қандай шаралар қабылдап жатыр?

Ведомство мәліметінше, 2025 жылы 13,8 миллион жол ережелерін бұзу дерегі анықталған. 25 мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталса, 32 мыңға жуық адам көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қалаларда 28 мыңға жуық камера орнатылған, сондай-ақ дрондар мен жол ережесін бұзуды тіркейтін мобильді кешендер қолданылған.

2026 жылы ҚР ІІМ апаттылық деңгейін төмендету жұмыстарын тек айыппұлдар мен заң бұзушылықтарды тіркеу арқылы ғана емес, жүйелі шаралар арқылы да күшейтеді. Елде цифрлық бақылау аясы кеңейіп, камералар саны артып, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіліп, жасырын патрульдеу әдісі қолданылып жатыр.

Сонымен қоса, тұрақты түрде профилактикалық рейдтер жүргізіліп, автокөліктердің техникалық жай-күйін бақылау күшейтілген, сондай-ақ ережелер мен процедураларға өзгерістер енгізілген. Бұл ретте басты назар ереже бұзудың алдын алуға және жүргізушілердің тәртібін жақсартуға аударылып отыр.

Жол-көлік оқиғалары санының артуы - бұл тек статистиканың өзгеруі ғана емес, сонымен қатар қалалардағы нақты жүктеменің көрінісі.

Алматы мен Астана әртүрлі болғанымен, мәні бірдей мәселелерге тап болды: олар - көлік санының артуы, инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелуі және жүргізу мәдениетінің төмендігі. Қозғалысты ұйымдастырудан бастап жүргізушілердің тәртібіне дейінгі жүйелі өзгерістерсіз жағдайдың оңала қоюы екіталай.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Мамыр 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары