Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ – Қаракемер аумағында болған. Желіде тауға қонғаннан кейін зақымданған Ан-2 ұшағының видеосы тарады. Видеодан ұшақтың тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына қонғанын көруге болады.
Көлік министрлігі авиациялық оқиға болғанын растады. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Министрлік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына департамент қызметкері жіберілгенін мәлімдеді.