Алматы облысында орташа жылдамдық камералары орнатылды

18.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Полиция мәліметінше, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі әзірге Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында енгізілген. Алдағы уақытта өңірдің барлық бағыттарында енгізіліп, кезең-кезеңімен кеңейтілмек. Жақын уақытта жол қозғалысы қағидаларын бұзған жүргізушілер жауапкершілікке тартылатын болады.

– Жаңа жүйе камера орнатылған нақты орынға қарамастан, жолдың кез келген учаскесінде жылдамдық режимін бұзу деректерін анықтауға мүмкіндік береді. Енді белгіленген жылдамдықты асырған әрбір жүргізуші автоматты түрде тіркеліп, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады департаменттен.

Еске сала кетейік, бұған дейін былтыр орташа жылдамдықты есептеу тәсілі көлік апаттарының санын 10 пайызға азайтқанын хабарлаған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью