Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Алматы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті агенттік сауалына берген ресми жауабында бұл нысанның республикалық меншікке заңды негізде өткенін мәлімдеді.
Ведомствоның түсіндіруінше, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, мемлекет мүлікке құқықты өтеусіз беру (сыйға тарту) арқылы да иелене алады.
Фото: Александр Павский / Kazinform– Мемлекетке сыйға тарту шарты бойынша мүлікті қабылдау қағидаларына және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2023 жылғы 13 маусымдағы бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 1 тамызда ҚР азаматы Қайрат Сатыбалдыұлы мен департамент арасында жалпы ауданы 9 461,6 шаршы метр болатын жылжымайтын мүлік нысанын мемлекет меншігіне беру туралы сыйға тарту шарты жасалды, - деді департамент басшысының орынбасары Айнабеков.
Кадастрлық нөмірі 20:313:003:057:1/А нысан Алматы қаласы Бостандық ауданы, Көктем-3 ықшамауданы, 22-үй мекенжайында орналасқан. Ғимарат 0,2222 гектар жер телімінде тұр.
Департамент мәліметінше, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрық негізінде ғимарат республикалық меншік нысаны ретінде «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы бойынша департаменті» РММ-нің балансына бекітілген.
Алматы қалалық соты бұл ақпаратты растап, нысанға қатысты қандай да бір ауыртпалықтардың жоқ екенін хабарлады.
Фото: Александр Павский / KazinformСот өкілдерінің айтуынша, ғимараттың алдағы пайдаланылу мәселесі барлық тиісті рәсім аяқталып, оның техникалық жай-күйіне толық бағалау жүргізілгеннен кейін шешіледі.
Фото: Александр Павский / Kazinform– Зерттеу қорытындысы бойынша нысанды пайдалану тәртібі, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айқындалады. Қандай соттардың көшірілетіні және көшу мерзімі дайындық шаралары аяқталып, тиісті ұйымдастыру бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін белгілі болады, - делінген Алматы сотының ресми жауабында.
Жуырда әлеуметтік желілерде қонақүйдің қазіргі жай-күйі түсірілген видео тарады.
@katya.mobvideoИнтересно, какова будет дальнейшая судьба здания? Из разряда- так не доставайся же ты никому! Или, все-таки отдадут под суды, или под какое-то общественное дело? Что думаете?
♬ Clausen: In pace - The Choir of Royal Holloway & Rupert Gough & René Clausen
Жазба авторының айтуына қарағанда, вандалдар ғимараттың кіреберіс бөлігін бүлдірген: есіктер мен қоршаулар зақымдалып, қасбеттің гранит элементтеріне нұқсан келген. Ғимараттың ішкі және сыртқы аумағы қоқысқа толып қалған.
Агенттіктің фототілшісі де оқиға орнына барып, нысанның қазіргі ахуалын көзбен көріп келді. Қонақүйдің ішіне кіру мүмкін болмаған, бірінші қабаттағы барлық есік пен терезе алынған. Куәгерлердің айтуынша, нысан аумағына полиция қызметкерлері жиі келіп тұрады екен.
Фото: Александр Павский / KazinformКөзбен шолғанда, кіреберіс бөлігінде зақым іздері анық байқалады: қоршау элементтері мен баспалдақ тұтқалары сынған. Ғимарат қасбетінде жазулар пайда болып, кейбір қаптама плиталар бүлінген.
Айта кетейік, 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болып, мемлекетке қайтарылған бірқатар активтер туралы ақпарат жариялаған еді.
Қайтарылған активтерге әкімшілік ғимараттар, соның ішінде Kaisar Plaza бизнес орталығы, эксклюзив зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардың үлестері, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары кіреді, соның ішінде шетелдіктер де бар.
Фото: Александр Павский / KazinformБұған дейін Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Kaisar Plaza бизнес-орталығының 61,5 млрд теңгеге саудаға шығарылғанын хабарланғанбыз.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы тиісті лотты электронды сауда алаңына орналастырған. Бұл бизнес-орталық Желтоқсан көшесі, 115 мекенжайында орналасқан.
Фото: Александр Павский / Kazinform