Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Алматы соттары Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған қонақүйге жайғасуы мүмкін

Алматы соттары Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған қонақүйге жайғасуы мүмкін

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті агенттік сауалына берген ресми жауабында бұл нысанның республикалық меншікке заңды негізде өткенін мәлімдеді.

Ведомствоның түсіндіруінше, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, мемлекет мүлікке құқықты өтеусіз беру (сыйға тарту) арқылы да иелене алады.

– Мемлекетке сыйға тарту шарты бойынша мүлікті қабылдау қағидаларына және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2023 жылғы 13 маусымдағы бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 1 тамызда ҚР азаматы Қайрат Сатыбалдыұлы мен департамент арасында жалпы ауданы 9 461,6 шаршы метр болатын жылжымайтын мүлік нысанын мемлекет меншігіне беру туралы сыйға тарту шарты жасалды, - деді департамент басшысының орынбасары Айнабеков.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Кадастрлық нөмірі 20:313:003:057:1/А нысан Алматы қаласы Бостандық ауданы, Көктем-3 ықшамауданы, 22-үй мекенжайында орналасқан. Ғимарат 0,2222 гектар жер телімінде тұр.

Департамент мәліметінше, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрық негізінде ғимарат республикалық меншік нысаны ретінде «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы бойынша департаменті» РММ-нің балансына бекітілген.

Алматы қалалық соты бұл ақпаратты растап, нысанға қатысты қандай да бір ауыртпалықтардың жоқ екенін хабарлады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Сот өкілдерінің айтуынша, ғимараттың алдағы пайдаланылу мәселесі барлық тиісті рәсім аяқталып, оның техникалық жай-күйіне толық бағалау жүргізілгеннен кейін шешіледі.

– Зерттеу қорытындысы бойынша нысанды пайдалану тәртібі, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айқындалады. Қандай соттардың көшірілетіні және көшу мерзімі дайындық шаралары аяқталып, тиісті ұйымдастыру бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін белгілі болады, - делінген Алматы сотының ресми жауабында.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Жуырда әлеуметтік желілерде қонақүйдің қазіргі жай-күйі түсірілген видео тарады.

@katya.mobvideo

Интересно, какова будет дальнейшая судьба здания? Из разряда- так не доставайся же ты никому! Или, все-таки отдадут под суды, или под какое-то общественное дело? Что думаете?

♬ Clausen: In pace - The Choir of Royal Holloway & Rupert Gough & René Clausen

Жазба авторының айтуына қарағанда, вандалдар ғимараттың кіреберіс бөлігін бүлдірген: есіктер мен қоршаулар зақымдалып, қасбеттің гранит элементтеріне нұқсан келген. Ғимараттың ішкі және сыртқы аумағы қоқысқа толып қалған.

Агенттіктің фототілшісі де оқиға орнына барып, нысанның қазіргі ахуалын көзбен көріп келді. Қонақүйдің ішіне кіру мүмкін болмаған, бірінші қабаттағы барлық есік пен терезе алынған. Куәгерлердің айтуынша, нысан аумағына полиция қызметкерлері жиі келіп тұрады екен.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Көзбен шолғанда, кіреберіс бөлігінде зақым іздері анық байқалады: қоршау элементтері мен баспалдақ тұтқалары сынған. Ғимарат қасбетінде жазулар пайда болып, кейбір қаптама плиталар бүлінген.

Айта кетейік, 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болып, мемлекетке қайтарылған бірқатар активтер туралы ақпарат жариялаған еді.

Қайтарылған активтерге әкімшілік ғимараттар, соның ішінде Kaisar Plaza бизнес орталығы, эксклюзив зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардың үлестері, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары кіреді, соның ішінде шетелдіктер де бар.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Бұған дейін Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Kaisar Plaza бизнес-орталығының 61,5 млрд теңгеге саудаға шығарылғанын хабарланғанбыз.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы тиісті лотты электронды сауда алаңына орналастырған. Бұл бизнес-орталық Желтоқсан көшесі, 115 мекенжайында орналасқан.

Фото: Александр Павский / Kazinform
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 18:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see134

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see119

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары