Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Полицейлердің соғылған көліктерін сатылымға шығару туралы шешім қабылданды. e-qazyna.kz сайтында бағасы 200 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі 30-дан астам лот пайда болды. Кейбір көліктердің дөңгелегі, бампері немесе салоны жоқ. Аукцион туралы толығырақ Tengrinews.kz материалында.
Соғылған көліктер "зираты": сатылымға не қойылды?
Порталға бір мезгілде 35 лот жүктелді. Барлық автокөлік Алматы қаласының Полиция департаментіне тиесілі. Ал оларды қалалық мемлекеттік активтер басқармасы сатып жатыр.
PeugeotМәселен, сауда-саттықта 17 дана Peugeot 301 автокөлігі сатылып жатыр. Олардың бағасы 2,1-ден 2,7 миллион теңгеге дейін барады.
Міне, мысал ретінде нұсқалардың бірі. Бұл көлік 2 226 423 теңгеге.
Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Peugeot 301 автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Қорытындыда аспа (подвеска), қозғалтқыш және беріліс қорабы күрделі жөндеуді қажет ететіні көрсетілген. Автокөлік ішінара бөлшектелген және жиынтығы толық емес, ал шанағында (кузов) зақымдар, коррозия іздері мен бояудың сырылған жерлері бар.
Бағалаушылардың мәліметінше, мұндай көліктің құны бар болғаны 742 141 теңге.
e-qazyna.kz сайтынан скриншот
Сатылымға шығарылған Peugeot маркалы басқа активтердің де бағасы осындай – көбі бағалау құнынан 2-3 есе қымбатқа сатылып жатыр.
Олардың кейбірінің фотосын ұсынамыз:
Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Peugeot 301 автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Кейбір көліктердің бұрынғы иелері – сірә, полицейлер болса керек, болашақ жүргізушілерге "хат" қалдырған.
Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Peugeot 301 автокөлігіндегі жазу. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Ssang Yong Actyon SportsЛоттар арасында Ssang Yong Actyon Sports маркалы 2 көлік те бар. Олар 5,4 және 4,9 миллион теңгеге сатылмақ.
Бұл пикап 5 469 750 теңгеге саудаланып отыр. Дегенмен оның бағалау құны 3 есе төмен – 1 823 250 теңге.
Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Ssang Yong Actyon Sports автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Ал мынау – 4 968 591 теңге. Оның нарықтағы "нақты" бағасы – 1 656 197 теңге.
Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Ssang Yong Actyon Sports автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан
KIA CeratoАукционға KIA Cerato маркалы 13 модель шығарылды. Олардың бағасы 7,2-ден 8 миллион теңгеге дейін. Жағдайы басқа даналармен шамалас.
Міне, 6 886 461 теңге тұратын көлік.
Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған KIA Cerato автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Бұл көліктің бағалау құны – 2 295 487 теңге. Қалған 12 модель де ұқсас схема бойынша сатылып жатыр.
Mitsubishi LancerПорталда Mitsubishi Lancer маркалы 4 көлік бар. Бағасы 2,6-дан 4 миллионға дейін. Кейбірінің есіктері, бампері және салонындағы орындықтары жоқ.
Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Mitsubishi Lancer автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Фотодағы дананың құны 3 миллион теңге. Ал бағалаушылар оған бар болғаны 1 миллион теңге баға қойған.
Lada-21214Соңғы модель – Lada-21214. e-qazyna.kz сайтында олардың үшеуі бар, бағалары 1,9-дан 3 миллион теңгеге дейін. Бірақ олардың "нақты" бағасы 600-700 мың теңге шамасында.
Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Lada-21214 автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан
Айта кетейік, барлық лот бағаны төмендету әдісімен аукционға қойылған.
Сауда-саттық қашан өтеді?Сауда-саттық 12 тамызда сағат 10:00-де өтеді. Бұл ретте сатушы аукционға тек бір қатысушы шыққан жағдайда да мәміле жасауға рұқсат береді.
Есептен шығарылған көліктер неге сатылады?Есептен шығарылған автокөліктер "мемлекеттік мүлікті жекешелендіру" аясында электронды саудаға шығарылады. Осылайша мемлекет тозығы жеткен техникадан құтылады, ал сатудан түскен қаражат бюджетке түседі. Мысалы, бұл ақша соғылған және есептен шығарылған қызметтік көліктерді жаңартуға жұмсалуы мүмкін.
Бұған дейін сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған сәнді Mercedes-Benz S 450 автокөлігі полицияға берілген еді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу