Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Алматыда 30 дан астам соғылған полиция көлігі саудаға шығарылды фото

Алматыда 30 дан астам соғылған полиция көлігі саудаға шығарылды фото

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Полицейлердің соғылған көліктерін сатылымға шығару туралы шешім қабылданды. e-qazyna.kz сайтында бағасы 200 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі 30-дан астам лот пайда болды. Кейбір көліктердің дөңгелегі, бампері немесе салоны жоқ. Аукцион туралы толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Соғылған көліктер "зираты": сатылымға не қойылды?

Порталға бір мезгілде 35 лот жүктелді. Барлық автокөлік Алматы қаласының Полиция департаментіне тиесілі. Ал оларды қалалық мемлекеттік активтер басқармасы сатып жатыр.

Peugeot

Мәселен, сауда-саттықта 17 дана Peugeot 301 автокөлігі сатылып жатыр. Олардың бағасы 2,1-ден 2,7 миллион теңгеге дейін барады.

Міне, мысал ретінде нұсқалардың бірі. Бұл көлік 2 226 423 теңгеге.

Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Peugeot 301 автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан

Қорытындыда аспа (подвеска), қозғалтқыш және беріліс қорабы күрделі жөндеуді қажет ететіні көрсетілген. Автокөлік ішінара бөлшектелген және жиынтығы толық емес, ал шанағында (кузов) зақымдар, коррозия іздері мен бояудың сырылған жерлері бар.

Бағалаушылардың мәліметінше, мұндай көліктің құны бар болғаны 742 141 теңге.

e-qazyna.kz сайтынан скриншот

Сатылымға шығарылған Peugeot маркалы басқа активтердің де бағасы осындай – көбі бағалау құнынан 2-3 есе қымбатқа сатылып жатыр.

Олардың кейбірінің фотосын ұсынамыз:

Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Peugeot 301 автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан

Кейбір көліктердің бұрынғы иелері – сірә, полицейлер болса керек, болашақ жүргізушілерге "хат" қалдырған.

Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Peugeot 301 автокөлігіндегі жазу. Фото e-qazyna.kz сайтынан

Ssang Yong Actyon Sports

Лоттар арасында Ssang Yong Actyon Sports маркалы 2 көлік те бар. Олар 5,4 және 4,9 миллион теңгеге сатылмақ.

Бұл пикап 5 469 750 теңгеге саудаланып отыр. Дегенмен оның бағалау құны 3 есе төмен – 1 823 250 теңге.

Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Ssang Yong Actyon Sports автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан

Ал мынау – 4 968 591 теңге. Оның нарықтағы "нақты" бағасы – 1 656 197 теңге.

Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Ssang Yong Actyon Sports автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан

KIA Cerato

Аукционға KIA Cerato маркалы 13 модель шығарылды. Олардың бағасы 7,2-ден 8 миллион теңгеге дейін. Жағдайы басқа даналармен шамалас.

Міне, 6 886 461 теңге тұратын көлік.

Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған KIA Cerato автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан

Бұл көліктің бағалау құны – 2 295 487 теңге. Қалған 12 модель де ұқсас схема бойынша сатылып жатыр.

Mitsubishi Lancer

Порталда Mitsubishi Lancer маркалы 4 көлік бар. Бағасы 2,6-дан 4 миллионға дейін. Кейбірінің есіктері, бампері және салонындағы орындықтары жоқ.

Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Mitsubishi Lancer автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан

Фотодағы дананың құны 3 миллион теңге. Ал бағалаушылар оған бар болғаны 1 миллион теңге баға қойған.

Lada-21214

Соңғы модель – Lada-21214. e-qazyna.kz сайтында олардың үшеуі бар, бағалары 1,9-дан 3 миллион теңгеге дейін. Бірақ олардың "нақты" бағасы 600-700 мың теңге шамасында.

Бұрын Алматы полициясына тиесілі болған Lada-21214 автокөлігі. Фото e-qazyna.kz сайтынан

Айта кетейік, барлық лот бағаны төмендету әдісімен аукционға қойылған.

Сауда-саттық қашан өтеді?

Сауда-саттық 12 тамызда сағат 10:00-де өтеді. Бұл ретте сатушы аукционға тек бір қатысушы шыққан жағдайда да мәміле жасауға рұқсат береді.

Есептен шығарылған көліктер неге сатылады?

Есептен шығарылған автокөліктер "мемлекеттік мүлікті жекешелендіру" аясында электронды саудаға шығарылады. Осылайша мемлекет тозығы жеткен техникадан құтылады, ал сатудан түскен қаражат бюджетке түседі. Мысалы, бұл ақша соғылған және есептен шығарылған қызметтік көліктерді жаңартуға жұмсалуы мүмкін.

Бұған дейін сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған сәнді Mercedes-Benz S 450 автокөлігі полицияға берілген еді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see151

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see149

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see145

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see144

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see142

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see125

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see124

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see122

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see121

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see119

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see118

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see117

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see117

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see115

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see115

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see115

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see115

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see114

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары