Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алматыда 20 тамызда жүргізушісіз қалған жүк көлігі өздігінен қозғалып, тұрақта тұрған автокөлікті соғып, аялдамадағы дүңгіршекке соқтығысты. Алматы қалалық полиция департаменті апаттың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 09:20 шамасында Әуезов ауданында болған.
"HOWO жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин көшесінде көлік құралының өздігінен қозғалып кетуіне жол бермейтін шараларды қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолдың оңтүстік жиегінде тұрған BYD маркалы автокөлікті соқты", - деп хабарлады ведомство.
Тұрақта тұрған көлікпен соқтығысқаннан кейін де жүк көлігі тоқтамай, төмен қарай домалап барып, тас қоршауды бұзып, аялдамадағы дүңгіршекке тіреліп бір-ақ тоқтаған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)
"Бақытқа орай, жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті полициядағылар.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу