Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қашан және қайда өтеді?

14.09.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматының Арбат аумағында, Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында 15 қыркүйек сағат 15:00-де Еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараны Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы Алматы қаласы әкімдігі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.

Жәрмеңкеге 100 жұмыс беруші қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Бұл ретте 2 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар.

Іс-шара барысында жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары, еңбек жағдайы, жалақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша кеңес беріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью