Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері 24 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды.
Жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан қызға 46 жастағы әйелдің жүрегі салынды. Бұл осы институтта жасалған жетінші жүрек трансплантациясы.
Күрделі операция сәтті өтіп, пациент оңалту кезеңіне дайындалып жатыр. Жанна Туматаеваға 6 күн бұрын жүрек трансплантациясы жасалды.
Ол жүрек жетіспеушілігімен дүниеге келіпті. Аурудың азабын әбден тартады. Ауыр дерттің дауасы – тек трансплантация еді.
Жаннаға 46 жастағы әйелдің жүрегі салынды. Инсульт алып, миы істен шыққан донордың жақындары өзге адамдарды құтқаруға келісім берген.
Соның арқасында Жанна сынды бірнеше науқастың өмірін құтқарып қалды.
Жанна Туматаева, реципиент: - Шынымды айтсам, денсаулығым жақсарып, өмірдің жаңа парағын ашамын деген үмітім үзіліп бара жатыр еді.